Қазақстандағы БҰҰДБ

Жылдық есеп 2025

2025 жыл біздің Елдік бағдарламамыздың — бес жылдық жұмысымыздың — қорытынды жылы болды. Оның шеңбері COVID-19 пандемиясының өршіген кезеңінде қалыптасып, Қазақстанның солтүстігіндегі су тасқыны, дала климаттық аймағы бойынша температураның өсуі және еңбек нарығының қарқынды автоматтандырылуы дамудың орнықтылыққа апаратын тікелей жол емес екенін тағы да еске салған кезеңде аяқталды. Бұл — үнемі өзгеріп отыратын шындықпен үздіксіз диалог жүргізу процесі.

«Осындай ауқымдағы даму ешқашан бір ғана мекеменің еңбегімен жүзеге аспайды. Ол әрқайсысы өз ресурстарын, мүмкіндіктерін және көзқарасын ұсынатын сан түрлі серіктестікке сүйенеді. БҰҰДБ бұл үдерісте катализатор әрі сенімді серіктес ретінде әрекет етті: жаһандық білім мен тәжірибені жергілікті басымдықтармен ұштастырып, ауқымды идеяларды нақты шешімдерге айналдыруға көмектесті. Осы беттерде баяндалған жетістіктер сіздердің қолдауыңыз бен серіктестігіңіздің арқасында мүмкін болды».

— Катаржина Вавьерниа, Қазақстандағы БҰҰДБ-ның Тұрақты өкілі

 

 

2025 жылғы есептің негізгі сәттері

    2025 жылы Қазақстан шілде айында өзінің үшінші Ерікті ұлттық шолуын (ЕҰШ) дайындап, ұсына отырып, маңызды кезеңге жетті. Ұлттық экономика министрлігі бұл процесті толық басқаруды өз мойнына алып, жан-жақты ұлттық диалогты үйлестірді. Бұл ретте халықтың осал топтарын тартуды және «ешкімді шетте қалдырмау» қағидатын сақтауды қамтамасыз ете отырып, БҰҰДБ 4.650 адамның қатысуымен жалпыұлттық консультациялар өткізу арқылы Ерікті ұлттық шолуды дайындауға қолдау көрсетті. 1, 12, 16-мақсаттарға шолу мемлекеттік саясат пен бюджетті әділеттілікке бағытталған даму мақсаттарымен жақсырақ байланыстыруға ықпал етті. Сондай-ақ, БҰҰДБ осылайша гендерлік теңдіктің ұлттық тұжырымдамасын қалыптастыруға ықпал ете отырып, 5-мақсат бойынша бөлімге негізгі техникалық үлес қосты.

    Сонымен қатар БҰҰДБ техникалық сараптаманы ұсынды, Қазақстан Республикасының Сенатына ОДМ іске асырылуына парламенттік бақылауды нығайтуда қолдау көрсету мақсатында әлеуеттің дамуына және саяси диалогты ретке келтіруге көмектесті. Оның ішінде 2025 жылдың мамыр айында ОДМ-ға қол жеткізудегі мемлекеттік қаржыландырудың рөліне арналған семинарды ұйымдастырып, оған 60 парламент мүшесі, үкімет өкілдері мен сарапшылар қатысты. 

    Group photo of diverse attendees in formal attire, posing in a conference room setting.
    Photo: UNDP Kazakhstan/Batyr Aubakirov
    • 2025 жылы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жұмыс істей отырып «СК-Фармация» компаниясы шамамен 11.000 пациентке өмірлік маңызды дәрі-дәрмектерге қол жеткізуді қамтамасыз етті.
    • 2018 жылы басталған Денсаулық сақтау министрлігімен стратегиялық серіктестік тек 2025 жылы шамамен 9,7 млн АҚШ долларын үнемдеуге мүмкіндік берді, бұл мемлекеттік денсаулық сақтауды қаржыландырудың тиімділігі мен орнықтылығын арттыруға ықпал етті.
    • Сонымен қатар, 2025 жылы БҰҰДБ Қазақстанның қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің дайындығын және зертханалық әлеуетін нығайтуға бағытталған Пандемиялық қор шеңберінде іс-шараларды іске асыруды қолдады. 
      Бастама зертханалық инфрақұрылымды жаңғыртуға, сынамаларды тасымалдау үшін зертханалық жабдықтар мен мамандандырылған көлікті сатып алуға, сондай-ақ инфекциялық аурулар мен қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға тиімді ден қоюда ұлттық мекемелердің мүмкіндіктерін нығайтуға бағытталған.
    • БҰҰДБ инновациялық көмекші технологияларды енгізу және үйде оңалту қызметтерін кеңейту арқылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығына қолдау көрсете отырып, мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту жүйесін нығайтты.
    • Елдік үйлестіру комитетімен серіктестікте және Жаһандық қордың қолдауымен БҰҰДБ Қазақстанның АИТВ мен туберкулезге қарсы іс-қимылдарды басқаруды және есептілікті нығайтты. Өңірлік әлеует мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша оқыту және қадағалау функцияларын нығайту арқылы күшейтілді, бұл медициналық қызметтерге қол жетімділікті кеңейтуге және мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.
    • Қазақстан үкіметімен және Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабымен серіктестікте БҰҰДБ салыстырмалы зерттеулер жүргізу, саяси диалогты дамыту және Орталық Азия, Кавказ және Азия-Тынық мұхиты өңірінен келген мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен әлеуетті нығайту жөніндегі өңірлік бастамаларды іске асыру арқылы жасанды интеллектке негізделген инновациялық цифрлық басқаруды және мемлекеттік қызмет көрсетуді ілгерілетті.

    • Адам құқықтары жөніндегі ұлттық институтты (Омбудсменді) қолдау оның қызметін Париж қағидаттарына сәйкес келтіруге ықпал етті. Бұған гендерлік теңдікті және осал топтарды қорғауды есепке алатын стратегиялық шеңбер әзірлеу арқылы қол жеткізілді. Сонымен қатар сот төрелігіне қол жеткізу мәселелері бойынша ұлттық диалог халықаралық стандарттар негізінде жүргізілген экологиялық әділеттілік саласындағы олқылықтарға талдау арқылы кеңейтілді.
      Әділеттілікке қол жеткізу мәселелері бойынша диалог экологиялық әділеттілік аспектілерін қосу есебінен кеңейтілді. Мемлекеттік қызметшілер жасанды интеллект, стратегиялық коммуникациялар, жобаларды басқару, қоғамды тарту және мемлекеттік басқарудың заманауи тәсілдері саласында практикалық дағдыларын нығайтты.

    • Кедендік мониторинг жүйесін жаңарту және полицияның психологиялық қызметтерінің әлеуетін дамыту мемлекеттік институттардың операциялық тиімділігін арттырды; бұл тәуекелдерді басқаруды жетілдіруге, қызметкерлердің әл-ауқатын нығайтуға және гендерлік сезімтал кәсіби тәжірибені дамытуға ықпал етті.

    • БҰҰДБ сондай-ақ жасанды интеллектті жауапты пайдалануға негізделген мемлекеттік басқару, цифрлық үкімет реформасы және инклюзивті басқару тәжірибесін ілгерілететін өңірлік талдамалық өнімдер әзірлеу арқылы басқарудағы инновацияларға үлес қосты.

    • БҰҰДБ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ны жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек қызметтеріне, оның ішінде еңбек мобильдігі орталықтары мен мансаптық орталықтарға кешенді функционалдық шолуды іске қосуда қолдады. Бастама технологиялық өзгерістерді, автоматтандыруды және көші-қон динамикасының өзгеруін ескере отырып, жұмыспен қамту саласындағы қызметтерді жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған.

    • Сонымен қатар, экономиканың 68 саласын қамтитын ұлттық талдау моделін әзірлеу есебінен еңбек нарығындағы жағдайды болжау күшейтілді. Модель демографиялық, көші-қон және өңірлік факторларды ескереді, бұл дағдыларға сұранысты дәл болжауға және өңірлік диспропорцияларды төмендетуге мүмкіндік береді.

    • Өңірлік деңгейде БҰҰДБ әлеуметтік-экономикалық және кеңістіктік талдау жүргізуде Ұлттық экономика министрлігі мен Абай және Ұлытау облыстарындағы жергілікті билік органдарын қолдады. Бұл деректер экономиканы әртараптандыру стратегияларын әзірлеу және инвестициялық басымдықтарды анықтау үшін қолданылады. Жергілікті қауымдастықтармен, азаматтық қоғам ұйымдарымен және жастармен кеңесу кеңірек қатысуға ықпал етті және жер-жерлердегі негізгі қажеттіліктерді анықтауға көмектесті.

    • Нәтижесінде жергілікті деңгейде басталған 31 жоба әзірленіп, техникалық сараптамадан өтті. Коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылым саласындағы практикалық жақсартуларға басымдық берілді. Іске асыру ұлттық және өңірлік билік органдарымен тығыз ынтымақтастықта жүргізілді, бұл мемлекеттік саясаттың басымдықтарына ынталанудың жоғары деңгейін және сәйкестікті қамтамасыз етті.

    • Корея Республикасы Үкіметінің қолдауымен жүзеге асырылатын «Digital Kyzylorda» бағдарламасының шеңберінде БҰҰДБ жергілікті бизнестің цифрлық және кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға ықпал етті. Облыстың барлық аудандарындағы тренингтер микро-, шағын және орта кәсіпорындардың өкілдеріне цифрлық технологиялар, автоматтандыру және бизнесте ЖИ қолдану саласындағы практикалық құралдарды игеруге көмектесті, сондай-ақ инновацияларды қаржыландыру мен қолдау шараларына қолжетімділікті кеңейтті. Орнықтылықты қамтамасыз ету үшін жергілікті жаттықтырушылар желілері құрылды, оларға кәсіпкер әйелдер белсенді қатысты.

    • Өңірлік деңгейде БҰҰДБ Еуропалық Одақ қаржыландыратын және Орталық Азиядағы жоғары білім мен кәсіптік тағылымдамаларды қолдауға бағытталған бағдарлама шеңберінде ауған әйелдеріне білім беру және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтуді жалғастырды.
       

    Биоәртүрлілік: саяси міндеттемелерден экожүйелерге қатысты ауқымды іс-қимылдарға дейін

    • БҰҰДБ 2026–2035 жылдарға арналған биоәртүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану тұжырымдамасын қабылдауды қолдады, бұл Қазақстанның биоәртүрлілікті басқару жүйесін биоәртүрлілік жөніндегі Куньмин-Монреаль жаһандық негіздемелік бағдарламасының мақсаттарымен үйлестіруге және әртүрлі экожүйелер мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда институционалдық үйлестіруді нығайтуға мүмкіндік берді.

    • Биоәртүрлілік туралы жетінші ұлттық баяндаманы дайындауға 200-ден астам мүдделі тарап қатысты. Баяндама табиғатты қорғауға бағытталған болашақ инвестициялар үшін ұлттық дәлелдер базасының негізін қалады.

    • Ландшафттар ауқымында табиғатты қорғау қызметін ілгерілету ауданы 86.632 гектар «Мерке» өңірлік мемлекеттік табиғи паркін құрумен және Арал теңізінің құрғаған түбінде 1,3 млн гектар сексеуіл отырғызуды қамтитын «Арал Орманы» орман табиғи резерваты үшін техникалық-экономикалық негіздеме дайындаумен қамтамасыз етілді. Экожүйелерді қалпына келтіру «Іле-Балқаш» резерватында 17 құланды қайта жерсіндіруді де қамтыды.

    • SMART Patrolling жүйесін енгізу бойынша жұмыс жалғастырылды. Жүйе «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватында және Ұлытау ұлттық паркінде қолданылуда және мониторингтің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ биоәртүрлілік саласындағы басқару мен бақылауды нығайтуға ықпал етеді. Жалпы БҰҰДБ қолдауымен 20-дан астам ерекше қорғалатын табиғи аумақ биоәртүрлілікті бақылауға арналған цифрлық құралдармен жабдықталды.

    Орнықты ауыл шаруашылығы және жерді қалпына келтіру

    • FOLUR бағдарламасы шеңберінде БҰҰДБ климатқа төзімді өндіріс жүйелерін қолдайтын және фермерлер үшін тәуекелдерді төмендететін ауыл шаруашылығына арналған инновациялық қаржы құралдарын іске қосты.

    • Қауымдастық деңгейіндегі іске асыру жеті ландшафттағы 25 жобаны қолдаған Жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ) Шағын гранттар бағдарламасы арқылы кеңейтілді, бұл жерді орнықты басқару тәжірибесін жетілдіруге және ауылдық аумақтардың орнықтылығын нығайтуға ықпал етті. Жобалар шеңберінде 26.399 гектар жердегі басқару әдістері жақсартылды, CO₂ шығарындылары 34.633 тоннаға қысқартылды, 1.036 млн АҚШ доллары көлемінде қоса қаржыландыру жұмылдырылды және 20.000-нан астам ауыл тұрғыны қамтылды.
       

    Климаттың өзгеруіне бейімделудің ұлттық тұжырымдамасы және қоғамды ақпараттандыру

    • БҰҰДБ және Экология министрлігі Жасыл климат қорының қолдауымен климаттың өзгеруіне сезімтал басым секторларды қамтитын Қазақстанның ұлттық бейімделу жоспарының (ҰБЖ) жобасын дайындауды аяқтады.

    • Климаттық тәуекелдер мен осалдықтарды бағалаудың ұлттық әдістемесі 17 қалада 351 маманды оқыту арқылы енгізілді және сыналды, бұл бүкіл ел бойынша бейімделудің институционалдық әлеуетін нығайтты.

    • Төтенше жағдайлар (ТЖ) министрлігімен ынтымақтаса отырып, БҰҰДБ ТЖ-дан кейінгі залалды, зиянды және қажеттілікті бағалаудың ұлттық заңнамаға сәйкес бейімделген Post-Disaster Needs Assessment (PDNA) халықаралық әдіснамасына негізделген ауқымды төтенше жағдайлардан кейінгі залалды, зиянды және қажеттіліктерді бағалау бойынша ұлттық әдістемелік нұсқаулықты әзірледі.

    • Бұл құжаттың өзектілігі Қазақстандағы төтенше жағдайлардың жиілігі мен ауқымының ұлғаюына байланысты және ауқымды апаттардың салдарын жылдам және барабар бағалауды және қалпына келтіру шараларын тиімді жоспарлауды қолдауды қамтамасыз ететін бірыңғай тәжірибеге бағытталған құралдың қажеттілігін атап көрсетеді.

    • 3.500 азаматтың қатысуымен жүргізілген әлеуметтік сауалнама климаттық тәуекелдер туралы хабардар болу бойынша бірінші ұлттық базалық деңгейді қалыптастыруға мүмкіндік берді. Климаттық ағарту саласындағы бастамалар ұлттық конкурстар мен климат мәселелері бойынша білім беру бағдарламалары арқылы жастардың қатысуын одан әрі кеңейтті.

    • «Климаттық қобдиша» бағдарламасы 500-ден астам оқушы мен 100 мұғалімді қамти отырып, климаттың өзгеруі туралы хабардарлықты арттыру мақсатында Қазақстанға бейімделді.

    Су орнықтылығы және су тасқыны қаупін басқару

    • 2024 жылғы су тасқынынан кейін БҰҰДБ Қазақстандағы су ресурстары мен су тасқыны тәуекелдерін басқару жүйелерін нығайтуға бағытталған қолдауды кеңейтті.

    • Қазақстанның негізгі өзен бассейндері (Есіл, Нұра, Жайық және өзгелері) үшін су тасқынын болжау модельдерін әзірлеуге қолдау көрсетілді, бұл су тасқынын болжау және реттеу мүмкіндігін кеңейтті.

    • БҰҰДБ сонымен қатар жаһандық ауа райы модельдерінің негізінде ұлттық болжау құралдарын әзірлеуді және біріктірілген ерте ескерту жүйесін құруды қамтитын құрғақшылықты бақылау бойынша кешенді техникалық жұмысқа бастамашылық жасады. Жиынтығында бұл шаралар Қазақстанның климаттық орнықтылығының жалпы архитектурасын нығайтуға мүмкіндік берді және су ресурстары мен апаттар тәуекелдерін басқару саласындағы нақты деректер негізінде шешімдер қабылдауға ықпал етті.

    • Жаңа Су кодексін қолдау су ресурстарын басқарудың экожүйелік тәсілдерін, соның ішінде экологиялық ағын қағидаттарын енгізуді қамтамасыз етті.

    • Техникалық көмек бөгеттердің қауіпсіздігін бағалау әдістемелерін, төтенше жағдайларға дайындық жоспарларын, гидравликалық модельдеу құралдарын және су тасқыны қаупін бағалауға арналған операциялық нұсқаулықтарды және ерте ескерту жүйелерін әзірлеу арқылы бөгеттердің қауіпсіздігін басқаруды нығайтты.

    • Жапония Үкіметінің 2 миллион АҚШ долларын қаржыландыруының арқасында бөгеттердің қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық бастама іске асырылды. 360 бөгетке жауапты 70 оператор мамандандырылған оқытудан өтті. Солтүстік Қазақстан облысы «Климаттық тәуекелдер мен апаттар тәуекелдерінің профилін» бекітті және қалалардың орнықтылығы жөніндегі Өңірлік коалицияның мүшесі болды.

    • БҰҰДБ Биоалуантүрлілікті қорғауды, көміртегі нарықтарын және орнықты инвестицияларды байланыстыратын Қазақстанның жасыл қаржыландыру экожүйесін дамытуды қолдады.

    • BIOFIN заңнамалық бастамаларының арқасында 2030 жылға қарай ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан түсетін кірістер алты есе өседі деп күтілуде, бұл табиғатты қорғау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын нығайтады.

    • БҰҰДБ қолдауымен Қазақстан Республикасының Үкіметі экожүйелік қызметтер үшін жеке сектордың жауапкершілігін арттыру мақсатында Экологиялық туризм бойынша 2993 ұлттық стандартын қабылдады. Стандарт туристік өнімдердің сапасын арттыруға және биоалуантүрлілікті сақтау саласындағы жауапты тәжірибелерді ілгерілетуге ықпал ете отырып, экотуризммен айналысатын ұйымдарды сертификаттау тетігін әзірлеу үшін негіз туғызады.

    • Ұлытау облысында туризмді дамытудың институционалдық және практикалық негізін қалаған стратегиялық көзқарас, тәсілдер мен туристік маршруттар айқындалды.

    • Орман кодексіне енгізілген түзетулер шығарындыларға квоталар саудасы жүйесі шеңберінде мемлекеттік орман қоры аумағында орман офсеттік жобаларын іске асыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, мемлекеттік орман қорында орман өсіру жобалары үшін жеке әдістеме жасалды. Сондай-ақ Париж келісімінің 6-бабы шеңберінде көміртегі нарығының тетіктеріне дайындық, сондай-ақ табиғатқа бағдарланған көміртегі жобалары үшін оқу модулін құру бойынша жұмыстар жалғастырылды.

    • Қаржы министрлігімен бірлесіп S1 және S2 ХҚЕС орнықты даму саласындағы ақпаратты ашу стандарттарына көшу жөніндегі ұлттық жол картасы әзірленді, бұл ретте 90-нан астам мүдделі тарап табиғатпен байланысты қаржылық ақпаратты ашуға дайындықтың бірінші ұлттық бағалауына қатысты.

    • Жыл сайын 2.000-нан астам студент ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін қаржылық жоспарлауды зерделейді, яғни бұл курс қазірдің өзінде үш университеттің оқу бағдарламаларына біріктірілген.

    • Қазақстандағы БҰҰДБ-ның 2025 жылғы қызметінің жоғары нәтижелері стратегиялық әріптестіктерді нығайтудың арқасында мүмкін болды. Мемлекеттік органдармен, халықаралық қаржы ұйымдарымен, жеке сектормен, азаматтық қоғаммен және ғылыми қоғамдастықпен ынтымақтастық ықпал ету ауқымын кеңейтуге, орнықтылықты арттыруға және орнықты даму күн тәртібін іске асыруды қолдауға мүмкіндік берді.

    • Қазақстан Республикасының Үкіметімен әріптестік БҰҰДБ жұмысының негізгі бағыты болып қала берді. Ол мемлекеттік институттарды нығайтуға, мемлекеттік басқару реформаларын ілгерілетуге және ОДМ мониторингін жоспарлау мен бюджеттеу процестеріне интеграциялауға ықпал етті. Инновациялар, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, әлеуметтік қорғауды дамыту және адам құқықтары жүйесін нығайту арқылы мемлекеттік қызметтерді жетілдіруге басты назар аударылды.

    • Донорлармен және халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық ресурстарды жұмылдыруда маңызды рөл атқарды. 2025 жылы БҰҰДБ басқару және цифрлық трансформация саласындағы жұмысты кеңейтетін, сондай-ақ экологиялық басқаруды, цифрлық қызметтерді реформалауды және шешім қабылдауда жасанды интеллектті пайдалануды біріктіретін инновациялық бағдарламаның іске қосылуын қолдайтын жаңа әріптестіктерді бастады.

    • Орталық Азияда алғаш рет климаттың өзгеруін азайту жөніндегі іс-қимыл қоры БҰҰДБ әзірлеген «Reactive Power for Energy Savings» бастамасын мақұлдады. Бағдарлама Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның өнеркәсіптік және муниципалдық секторларында энергия тиімділігіне инвестициялар тартуға бағытталған, сонымен бірге экономикалық пайда алу кезінде шығарындыларды азайту жөніндегі өңірлік шешімдердің әлеуетін байқатады.

    • Бұдан басқа, Жаһандық экологиялық қорға (ЖЭҚ) Қазақстанның юрисдикциясы шегінде Каспий теңізінің теңіз ландшафттарын және іргелес жер ресурстарын кешенді басқару бойынша жаңа толыққанды жобалық өтінім ұсынылды және мақұлданды. Бұл биоәртүрлілікті сақтау және өңірдің экожүйелерін орнықты басқару мақсатында халықаралық қаржыландыруды тарту үшін жасалған маңызды қадам болды.

    • Қазақстан үкіметімен және Еуразиялық даму банкімен, сондай-ақ Ислам даму банкімен жасалған жаңа үшжақты әріптестік арқасында су секторында елеулі прогреске қол жеткізілді, бұл БҰҰДБ-ның ұлттық су орнықтылығы мен инфрақұрылымды дамыту саласындағы негізгі серіктес ретіндегі ұстанымын нығайтты.

    • БҰҰДБ сонымен қатар адам құқықтары мен жауапты іскерлік практика саласындағы тиісті байқампаздық қағидаттарын сақтауда үкіметтің әлеуетін арттыру арқылы корпоративтік есептілікті нығайтты. Жапония үкіметімен ынтымақтастық нәтижесінде апаттар қаупіне төзімділікті арттыруға бағытталған Орталық Азиядағы өңірлік жоба кеңейтілді.

    Two officials stand at a podium with the Eurasian Development Bank logo against a blue backdrop.
    Photo: Ministry of water resources and irrigation of the Republic of Kazakhstan

    Гендерлік сезімтал институттар мен саясатты нығайту

    • БҰҰДБ институционалдық практикаға гендерлік-сезімтал тетіктерді енгізуде ұлттық серіктестерді қолдай отырып, Мемлекеттік гендерлік теңдік мекемелері үшін сертификаттау бағдарламасының екінші кезеңін іске асыруды жалғастырды. БҰҰДБ техникалық қолдауымен Мәдениет және ақпарат министрлігі институционалдық басқару мен жоспарлау процестеріне міндеттемелерді біріктірудің маңызды прецедентін құра отырып, Гендерлік теңдікті ілгерілету жөніндегі алғашқы кешенді институционалдық іс-қимыл жоспарын бекітті.

    • Саясат деңгейінде БҰҰДБ Қазақстанның 2025 жылғы Ерікті ұлттық шолуында 5-мақсат бойынша бөлімді дайындау кезінде техникалық қолдау көрсетті, осылайша гендерлік теңдік мәселелері бойынша ұлттық күн тәртібін күшейтті.

    • БҰҰДБ сонымен қатар гендерлік аспектілерді негізгі экологиялық құжаттарға, соның ішінде Биологиялық алуантүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану тұжырымдамасына (NBSAP) және Ұлттық бейімделу жоспарына біріктіруге ықпал етті. Бұл жұмыс гендерлік талдау жүргізуді, биоалуантүрлілік саласындағы гендерлік іс-қимыл жоспарын әзірлеуді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мүдделі тараптардың әлеуетін нығайтуды қамтыды.
       

    Әйелдер үшін экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту

    • БҰҰДБ әйелдерге неғұрлым инклюзивті экономикалық мүмкіндіктер жасау үшін жеке сектормен және ауыл экономикасымен өзара іс-қимылды кеңейтті. 2025 жылы тоғыз ірі кәсіпорында гендерлік теңдік және Адам құқықтары саласындағы тиісті сақтық рәсімі (HRDD) мәселелері бойынша диагностика жүргізу үшін Ұлттық холдингтік компанияның ресурстары тартылды. Бастама жеткізу тізбегінің 250.000-нан астам қызметкерлері мен қатысушыларын қамтуға қабілетті және Қазақстандағы осы салалардағы корпоративтік саясат пен практиканы бағалаудың алғашқы жүйелі әрекеттерінің бірі болды.

    • Жергілікті деңгейде Digital Kyzylorda бастамасы бизнесті цифрлық дамытуға үйрету арқылы 162 шағын кәсіпкерді қолдады, олардың жартысына жуығы әйелдер болды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қатысуымен инклюзивті цифрлық басқару мәселелері бойынша диалогқа қолдау көрсетілді.

    • FOLUR бағдарламасы шеңберінде БҰҰДБ орнықты ауыл шаруашылығында гендерлік сезімтал тәсілдерді ілгерілетті. Атап айтқанда, тосқауылдарды анықтау және әйелдердің «жасыл» өндіріс тізбектеріне және климатқа төзімді ауыл шаруашылығына қатысуын кеңейту мүмкіндіктерін айқындау үшін Солтүстік Қазақстанның аграрлық секторындағы әйелдердің қажеттіліктерін бағалауға бастама жасалды.

    Гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу және қауіпсіз ортаны нығайту

    • Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен және Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабымен серіктестікте БҰҰДБ 19 орталық мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен жыныстық қанау мен зорлық-зомбылықтың алдын алу (PSEA) және қауіпсіз жұмыс ортасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жаттықтырушыларға оқыту курстарын өткізді.

    • Осы жұмыс шеңберінде жаттықтырушылардың ұлттық пулы құрылып, мемлекеттік органдарда оқытуды одан әрі енгізу үшін практикалық модульдері, кейстері және әдістемелік ұсынымдары бар дайын оқу пакеті әзірленді. Барлығы 250-ден астам мемлекеттік қызметші қудалаудың алдын алу, жұмыс орнындағы әдеп және гендерлік сезімтал ұйымдық мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша тренингтер мен сараптамалық сессияларға қатысты.

    • БҰҰДБ цифрлық ортадағы гендерлік зорлық-зомбылықтың жаңа түрлеріне де назар аударды. Жапония Үкіметінің қолдауымен жүзеге асырылатын зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу жөніндегі жастар бағдарламасы (PVE) шеңберінде ДДҰ, ЮНИСЕФ, ЮНФПА және «БҰҰ-Әйелдер» бірлесіп өңірлік кейстер байқауы өткізілді. Оған Орталық Азия елдерінің студенттері мен жас мамандары қатысты, олар пәнаралық командаларда онлайн-қудалауға, цифрлық зорлық-зомбылыққа және зиянды гендерлік нормаларға қарсы іс-қимыл бойынша практикалық шешімдер әзірледі.

    • Жұмсалған күш-жігер өңірлік деңгейдегі гендерлік теңдік бастамаларын кеңейтуге негіз болды. 2025 жылы БҰҰДБ Қазақстанда ЕО–БҰҰ-ның «CHANGE – гендерлік теңдік мүддесінде зиянды көзқарастар мен нормаларға қарсы күрес» өңірлік бағдарламасын іске асыру үшін 5,2 млн еуро тартуға ықпал етті. Бағдарлама зиянды гендерлік нормаларды еңсеруге, гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алуға және Орталық Азиядағы әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталатын болады.