Қазақстандықтардың санасындағы экология: үрей, білім мен әрекет арасында
2025 ж. 17 October
Қазақстан климат қатерлерінің күшеюі аясында маңызды сын-тегеуріннің алдында тұр: халық арасында мінез-құлықтың орнықты, экологиялық саналы моделін қалай қалыптастыруға болады? Бұл сұрақтың жауабы тек технологиялық шешімдер мен бейімделу стратегияларында ғана емес, ең алдымен адамдардың өздерінің не болып жатқанын қалай қабылдайтынын түсінуінде жатыр, өйткені адамдар, қоғам мен олардың әл-ауқаты климатқа бейімделу процестерінің негізгі мақсаты.
Жасыл климат қорының қолдауымен Қазақстанда БҰҰ Даму Бағдарламасы жүргізген зерттеу экология проблемаларына қоғамдық қатынастардың, климаттың өзгеруі туралы хабардарлық деңгейі мен іс-әрекетке дайындықтың егжей-тегжейлі көрінісін байқатады. Оған бүкіл ел бойынша 3.500-ден астам респондент қатысты.
Зерттеуге сәйкес, респонденттердің тек 10,6 пайызы экологиялық проблемаларды елдің басты сын-қатерлері деп атады. Салыстыру үшін инфляция мен бағаның өсуі 17,6 пайызды, ал төмен жалақы мен зейнетақы 17,4 пайызды құрайды. Бұл экологиялық күн тәртібінің экономика мәселелерынен, әсіресе қазіргі әлеуметтік-экономикалық сын-қатерлер жағдайында төмен екенін көрсетеді.
Бір қызығы: Қарағанды облысында сауалнамаға қатысқандардың 47,5%-ы экологияны басым проблема ретінде көрсетті - бұл елдегі орташа көрсеткіштен 4 есе жоғары.
Респонденттердің үштен екісі дерлік елдегі экологиялық жағдайға тұрақты қызығушылық танытады, ал тұрғылықты жердегі экологиялық мәселелерді олар өмір сапасына тікелей әсер етеді деп санайды. Халықтың пікірінше, ең өзекті тақырыптар ірі қалалардағы ауаның ластануы, Арал теңізінің құрғауы мен судың сапасы - олар әсіресе урбанизацияланған және құрғақ аймақтарда үлкен алаңдаушылық туғызады.
Су ең ауыр тақырып болып қала береді: қалпына келтірудің сенімді кілті - экологиялық дипломатия мен су жүйелерін сақтау.
Сонымен қатар, бағалауда маңызды әрі қызықты парадокс байқалады: халықтың экология қауіптеріне жоғары сезімталдықпен қарайтынына қарамастан, климаттың өзгеруі туралы хабардар болу деңгейі төмен болып тұр. Сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі климатқа адамның іс-әрекетінің басты әсер ететінін мойындайды, бірақ аз ғана адам климат процестерінің мәнін нақты түсіндіре алады немесе халықаралық келісімдер мен ұлттық климаттық стратегияларды біледі. Парниктік газдар, көміртегі ізі, аумақтардың осалдығы сияқты күрделі тақырыптарды түсіну әдетте фрагментті түрде немесе мүлдем жоқ.
Респонденттердің тек 18,7 пайызы ғана экологиялық проблемаларға «өте қызығушылық танытатынын» мәлімдеді, ал күнделікті өмірде талқылау төмен: 36,3 пайызы Қазақстан экологиясының тақырыптарын сирек талқылайды, 25,5 пайызы мүлдем талқыламайды.
Тиімді қарым — қатынас жасау үшін жаңа тәсілдер қажет- сторителлинг, жергілікті инфлюэнсерлер, визуалды нарративтер.
Дегенмен, халық проблемаға қызықтырып тартудың айтарлықтай әлеуетін көрсетеді. Респонденттердің жартысынан көбі қазірдің өзінде нақты әрекеттер қабылдап жатыр – қалдықтарды сұрыптайды, ресурстарды үнемдейді, экология әдеттерін таңдап, енгізіп жүр. Алайда бұл күш-жігердің тиімділігіне деген сенім аз: респонденттердің жартысынан азы азаматтардың ұжымдық әрекеттері мемлекеттің экология саясатына әсер етуі мүмкін деп санайды.
Сонымен қатар, көпшілігі, 59 пайызы, экологиялық бастамаларды жүзеге асыру үшін коммуналдық тарифтердің көтерілуіне қарсы. Бұл, бір жағынан, «экономдаушының экологиядан басым екенін» және сонымен бірге қабылданған шешімдердің ашықтығын, айғақтығы мен өзектілігін арттыру қажеттілігін көрсетеді.
Зерттеу нәтижелері маңызды қорытынды жасауға мүмкіндік береді: қоғам экологияның күн тәртібіне немқұрайлы қарамайды, бірақ білім беру, мотивация, құқықтық қорғау мен экономикалық ынталандыру арқылы жүйелі, мақсатты қолдауды қажет етеді. Тиімді жауап тек хабарлауды ғана емес, сонымен қатар азаматтарды нақты өзгерістер процесіне қосуды талап етеді.
Бұл тұрғыда жасалатын кешенді шаралар ерекше өзектілікке ие болады. Бірінші кезектегі қадамдардың қатарында – өнеркәсіптік шығарындыларды, қалдықтар мен ауа сапасын бақылауды күшейту; тазарту технологияларын енгізу және жаңартылатын энергия көздерін дамыту, қазба отындарына тәуелділікті азайту тұр. Экологиялық реттеуді қатаңдату ғана емес, сонымен қатар бизнесті ынталандыру арқылы, әсіресе таза технологиялар мен тұрақты шешімдер саласында тарту үшін жағдай жасаған маңызды.
Сонымен бірге заңнамаға сараптама жүргізу, климаттық осалдықты бағалауды іске асыруға жасалатын кедергілерді жою және Экология кодексінің ережелерін практика жүзінде енгізу арқылы құқықтық базаны күшейту қажет. Білім беру мен ағарту да шешуші рөл атқарады. Сауалнамаға сәйкес: мектептер мен жоғары оқу орындарында стандартталған бағдарламаларды енгізу, мамандар даярлау, тренингтер өткізу мен климат туралы білімді кеңінен насихаттау бағдарламаларын құру талап етіледі. Әр түрлі аймақтардан сәтті шыққан тәжірибелер мен жағдайларды көбейту, оларды жергілікті қауымдастықтар үшін түсінікті және қолжетімді еткен маңызды.
Тұрақты өмір салтын қолдау мемлекеттік саясаттың бір бөлігіне айналуы тиіс: энергия үнемдеуді ілгерілету, экологиялық таза көлік үшін инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ өнеркәсіп пен азаматтардың күнделікті іс-әрекеттерін тану және көтермелеу арқылы жаңа технологиялық серпілістер жасауға және экономиканың тұрақтылығына қамқорлық жасауға болады. Сәйкесінше, бұл тәсіл экологияға қамқорлық жүктелген міндет емес, қоғамдық және жеке жауапкершіліктің табиғи бөлігі болатын сенім атмосферасын қалыптастырады.
Ұсынылған зерттеу тек ағымдағы жағдайды белгілемейді. Ол ашық диалогқа, жүйелі түрде қолдауға және шешімдерді бірлесіп іздеуге бағытталған бағытты көрсетеді. Онда қоғамның адалдық, айқындық және қатысуға берген өтініші көрсетілген. Бұл сұрауға жауап әркімнің қатысуымен елдің шынымен тұрақты дамуы басталатын бетбұрыс болуы мүмкін.
Әдістеме, диаграммалар мен өңірлердің егже-тегжейлі толық есебін мына жерде көруге болады.