БҰҰДБ, Астана мемлекеттік қызмет хабы және Корея Республикасының Ұлттық ақпараттық қоғам агенттігі ЖИ және цифрлық трансформация саласындағы әріптестікті нығайтуда

2026 ж. 29 July
Photograph of a formal meeting around a long table; suited attendees, blue flags behind.
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Салтанат Бөтеу

Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), Астана мемлекеттік қызмет хабы (Хаб) және Корея Республикасының Ұлттық ақпараттық қоғам агенттігі (NIA) Астанада цифрлық трансформация және мемлекеттік секторда жасанды интеллектіні (ЖИ) қолдану саласындағы ынтымақтастықты нығайту және кеңейту мақсатында жоғары деңгейдегі кездесу өткізді.

Photograph of three professionals seated at a conference table with name placards.
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Салтанат Бөтеу

Кездесуді аша отырып, Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа NIA-мен серіктестік БҰҰДБ-ның цифрландыру және адамға бағдарланған, инклюзивті әрі этикалық жасанды интеллектіні ілгерілету жөніндегі стратегиялық басымдықтарына толық сәйкес келетінін атап өтті. Сондай-ақ ол жеті елден он екі елге дейін кеңейген бірлескен өңіраралық бастама цифрлық трансформация және цифрлық мемлекеттік басқару салаларында халықаралық білім мен тәжірибе алмасуды дамытуға елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті. 

Photograph of a man on the left and two women in business attire at a conference table.
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Салтанат Бөтеу

Өз сөзінде NIA Президенті Хён Чхоль Ким білім алмасу, бірлескен жобаларды іске асыру және Global AI Hub бастамасын дамыту арқылы ЖИ саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге NIA-ның бейілділігін растады. Ол алдағы ынтымақтастық өзара оқытуды, білім алмасуды және ЖИ-ді жауапты пайдалануды қолдайтын практикалық әріптестікке негізделуі тиіс екенін атап өтті.  

Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Байменов Корея Республикасымен қалыптасқан ұзақ мерзімді әріптестіктің маңыздылығын атап өтті. Ол Астана хабы Global AI Hub бастамасын толықтыра отырып, ЖИ мен цифрлық трансформация саласындағы инновациялық тәсілдерді, құралдар мен модельдерді пилоттық сынақтан өткізуге арналған алаң бола алатынын жеткізді. 

2021 жылы басталған әріптестікке сүйене отырып, БҰҰДБ, Астана мемлекеттік қызмет хабы, Корея Республикасының Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігі (MOIS) және Ұлттық ақпараттық қоғам агенттігі (NIA) Орталық Азия, Кавказ және Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінде цифрлық мемлекеттік басқаруды дамытуға және мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі инновацияларды ілгерілетуге бағытталған өңіраралық әлеуетті арттыру бастамасын бірлесіп жүзеге асыруда. Конференциялар, таныстыру сапарлары, семинарлар өткізу және талдамалық материалдар әзірлеу арқылы бастама өзара оқытуды қолдайды, мемлекеттік қызметшілердің цифрлық құзыреттерін нығайтады және мемлекеттік басқаруда инновацияларды енгізуге ықпал етеді.  

Five professionals sit at a conference table; central man gestures as others listen.
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Салтанат Бөтеу

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инклюзивті цифрлық трансформацияны, ЖИ-ді жауапты пайдалануды және тұрақты мемлекеттік институттарды қалыптастыру мақсатында ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ортақ бейілділігін растады. Сондай-ақ олар өңіраралық білім алмасуды кеңейтуге және инновацияларды ілгерілетуге дайын екендіктерін білдірді. 

Eight professionals in suits pose for a group photo in a conference room with a vertical banner.
Фото: Астана мемлекеттік қызмет хабы