ЕАДБ, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі және БҰҰДБ Қазақстанда тұрақты суландыруды дамыту бойынша ауқымды жобаны іске қосуда

2025 ж. 19 November
Two officials stand at a podium with the Eurasian Development Bank logo against a blue backdrop.
Фото: Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы және Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ) "Қазақстанда тұрақты суландыру үшін бизнес-экожүйені дамыту" жобасы бойынша үшжақты келісімге қол қойды. ЕАДБ суландыру жүйесін жаңғыртуға және нығайтуға, суды пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған бастаманы іске қосу үшін жобаға 5.3 млн АҚШ доллары көлемінде гранттық қолдау бөледі. 

Жоба су ресурстарын басқарудың заманауи технологиялары мен инновациялық модельдерін енгізуді көздейді, оның ішінде:

  • су ресурстары бойынша Ұлттық ақпараттық жүйені құру;

  • суды болжау және оңтайлы бөлу құралдарын енгізу;

  • заманауи суландырудың өңірлік орталықтарын қалыптастыру;

  • мамандардың біліктілігін арттыру;

  • суды үнемдеу технологияларын басқару;

  • Кендірлік өзенінде су қоймасын салу бойынша жобалық құжаттаманы әзірлеу.

Photograph of three professionals in suits, holding green folders, smiling.

Фото: Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі
"Біз ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне қадам басып жатырмыз. Жоба су ресурстарын басқарудың заманауи тәсілдерін енгізуге, суландыру жүйелерінің тиімділігін арттыруға және инфрақұрылымдық шешімдерді дамытуды және қажетті жобалау материалдарын дайындауды қоса алғанда, саланың институционалдық әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді", —
деді ЕАДБ Басқарма төрағасының орынбасары Руслан Даленов.
"Бастама суландыруды дамытуға және Қазақстанда суды пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған. Біз үшін жобаға қатысу су шаруашылығын жаңғырту және климаттық өзгерістерге төзімділікті арттыру жөніндегі стратегиялық мақсаттарды іске асыруды білдіреді. Біздің мақсатымыз — азаматтардың мүдделерін қорғау, елдің қауіпсіздігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін су секторын жаңғырту", —
деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
"Су ресурстарын бақылаудың цифрлық құралдарын енгізу және фермерлердің, әйелдер мен жас мамандардың әлеуетін арттыру, сондай — ақ әйелдердің саладағы рөлін нығайту үшін өңірлік заманауи суландыру орталықтарын құру тұрақты және климатқа бейімделген суды пайдалану жолындағы маңызды қадам болып табылады. БҰҰДБ-да біз бұл жобаны ұлттық шекарадан тыс ауқымды жұмыстың бір бөлігі ретінде қарастырамыз. Бұл тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін — ортақ суға байланысты сын-қатерлерін еңсеру үшін Орталық Азияда ауқымдауға және бейімдеуге болатын шешімдермен флагмандық бастама",
— деді БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа.

Су ресурстары және ирригация министрлігі үшін жобаға қатысу елдің су шаруашылығын жаңғырту және климаттық өзгерістерге төзімділікті арттыру жөніндегі стратегиялық бағытты іске асыруды білдіреді. Өз кезегінде, БҰҰДБ үшін жоба тұрақты дамуды қолдау, азық-түлік қауіпсіздігін арттыру және жергілікті қауымдастықтарды ресурстарды басқару процестеріне тарту үшін платформа болып табылады.

Ұзақ мерзімді әсер және ауқымды ету

Жоба бірнеше жылға есептелген және енгізудің бастапқы аймақтарын, Қазақстанда, Орталық Азияда және Банкке қатысушы мемлекеттер арасында табысты шешімдердің кеңейтілетін ауқымы мен таралымын көздейді. Бұл бастаманың жетістігі ЕАДБ, мемлекеттік органдар мен халықаралық әріптестердің тұрақты су пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі одан әрі бірлескен жұмысы үшін берік негіз болады.

Бұл жоба 2024 жылғы 28 маусымда қол қойылған ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі, БҰҰДБ және ЕАДБ арасындағы су ресурстарын көп мақсатты басқаруға бағытталған ниеттер туралы үшжақты келісімді негізге алады. Бұл негізгі келісім техникалық қолдау, секторды цифрландыру, қызметкерлерді оқыту және суды үнемдеу технологияларын басқару үшін құқықтық және институционалдық негіздерді қалыптастырды — бұл элементтердің барлығы енді тұрақты суландыру жобасының бөлігі болып табылады.