Sparse desert landscape with a single bush under a clear blue sky.

Өзбекстан мен Қазақстанның Арал теңізі өңірлеріндегі шалғай қауымдастықтарының тұрақтылығын арттыру

Жоба мақсаты – нысаналы аудандардың аса осал қауымдастықтарының экологиялық, денсаулық сақтау, әлеуметтік және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін кешенді түрде шешу, экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған шараларды іске асыру, базалық қызметтерге қолжетімділікті арттыру, ресурстарды тиімді пайдаланатын ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы тәжірибелерін дамыту арқылы халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, сондай-ақ инновациялық технологиялар мен баламалы энергия көздерін енгізу арқылы таза ауыз суға қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Жоба үш компоненттен тұрады: 

  1. Қазалы және Арал аудандарындағы екі елді мекенде қауіпсіз әрі сенімді ауыз сумен жабдықтау жүйесін құру; 

  2. Арал ауданындағы Аманөткел ауылының шалғайдағы жайылымдарындағы сумен жабдықтау жүйелерін жақсарту; 

  3. Жергілікті қауымдастықтар, үй шаруашылықтары мен фермерлер үшін WASH тәжірибелері, жаңартылатын энергия көздерін орнату және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша оқыту бағдарламаларын өткізу. 

Жоба үйлестірушісі: 

Меруерт Сарсембаева

E-mail: meruyert.sarsembayeva@undp.org

Жобаның ұзақтығы: 

2025 жылғы қараша  - 2026 жылғы желтоқсан 

Жоба бюджеті:

198.000 АҚШ долл.

Ұлттық серіктестер: Су ресурстары және ирригация министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарының әкімдіктері, Аралды құтқару халықаралық қоры. 

Донор: 

Coca-Cola қоры

Impact

START DATE

November 2025

END DATE

December 2026

STATUS

Ongoing

PROJECT OFFICE

Kazakhstan

IMPLEMENTING PARTNER

UNDP

DONORS

The Coca-Cola Foundation

TOTAL CONTRIBUTIONS

$198,000

DELIVERY IN PREVIOUS YEARS

2026$13,008

Full Project information

Тағы осы тақырыпта

Active filters: