Бес елдің қалаларында циркулярлық экономиканы және қалдықтарды басқаруды ілгерілету
Жоба қайта өңдеу инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы, қаржыландыру тетіктерінің шектеулілігі, саясатты іске асырудағы олқылықтар және халықтың қатысу деңгейінің төмендігі сияқты қалдықтарды басқару жүйесіндегі негізгі кедергілерді жою арқылы Қазақстанның циркулярлық экономикаға көшуіне жәрдемдесуге бағытталған. Ерекше назар Атырау және Маңғыстау облыстарына аударылады, мұнда қарқынды өнеркәсіптік даму, туризмнің өсуі және қалдықтардың көбеюі елеулі экологиялық сын-қатерлер туғызуда.
Жоба төрт негізгі компоненттен тұрады:
Циркулярлық экономика шешімдеріне мемлекеттік және жеке инвестицияларды тартуға арналған саясат құралдары мен қаржыландыру тетіктерін әзірлеу, оның ішінде тұрақты мемлекеттік сатып алу тәсілдерін дамыту;
Атырау және Маңғыстау облыстарында пилоттық жобалар мен арнайы қаржыландыру тетігі арқылы әйелдер мен жастардың циркулярлық бизнес-бастамаларын қолдау;
Инновациялар, хабардарлықты арттыру, білім алмасу және қалдықтар жөніндегі деректерді басқару жүйелерін дамыту платформаларын қалыптастыру;
Қалдықтар ағындарын бағалау, Material Flow Analysis (MFA) және Urban Metabolism Analysis жүргізу, сондай-ақ циркулярлық экономика мен қалдықтарды басқару саласындағы оқыту іс-шаралары арқылы аналитикалық және техникалық әлеуетті нығайту.
Жоба үйлестірушісі:
Айдын Бакдолотов
E-mail: aidyn.bakdolotov@undp.org
Жобаның ұзақтығы:
2026 жылғы қаңтар – 2027 жылғы маусым
Жоба бюджеті:
300.000 АҚШ долл.
Ұлттық серіктестер: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімдіктері, «Жасыл даму» АҚ, жергілікті қауымдастықтар, азаматтық қоғам ұйымдары, әйелдер мен жастар топтары, бизнес қауымдастықтар және жеке сектор өкілдері.
Донор:
Funding Window