БҰҰДБ Қызылорда облысы кәсіпкерлеріне қолдау көрсетуге бағытталған тренингтер сериясын өткізуде
2025 ж. 16 April

Олеся Матяштың тренинг жүргізіп жатқан сәті.
Қызылорда облысының микро, шағын және орта кәсіпорындары (МШОК) жергілікті кәсіпкерлердің цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған Digital Kyzylorda тренингтер сериясының көмегімен цифрлық даму жолына қадам басты.
БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) мен Корея Республикасы Үкіметінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан бұл бастама өңірдің экономикалық орнықтылығын нығайтуға және инновациялық дамуды ынталандыруға бағытталған.
Тренингтер 15–22 сәуір аралығында Арал, Жалағаш, Жаңақорған, Қазалы, Қармақшы, Сырдария және Шиелі аудандарында өтеді. Қатысушылар цифрлық технологияларды бизнесті дамыту, тиімділікті арттыру және жаңа нарықтарға шығу мақсатында пайдалану бойынша практикалық тәсілдермен танысады.

Олеся Матяштың тренинг жүргізіп жатқан сәті.
Бағдарлама әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram, TikTok) насихаттаудан бастап, цифрлық маркетинг пен электрондық сауда негіздеріне дейінгі кең ауқымды тақырыптарды қамтиды. Кәсіпкерлер CRM жүйелері мен жобаларды басқару бағдарламаларын қоса алғанда, бизнес-процестерді автоматтандыру дағдыларын меңгереді. Сонымен қатар тренинг барысында чат-бот, дербестендірілген маркетинг сынды жасанды интеллект құралдарына, сондай-ақ электронды төлем жасау және онлайн-банкинг сияқты цифрлық қаржы құралдарына ерекше назар аударылады. Қатысушыларға отандық және халықаралық қолдау бағдарламалары туралы ақпарат та ұсынылады.

Сәкен Қаженовтың тренинг жүргізіп жатқан сәті.
Тренинг барысында қатысушылар білім беру және практикалық кейстерді талдау сессияларына қатысумен қатар өз кәсіптерінің ерекшеліктеріне бейімделген жеке консультация ала алады.
«БҰҰ Даму бағдарламасы орнықты даму жергілікті деңгейден басталады деп сенеді. Қызылорда облысында жұмыс орындарын ашып, өз қауымдастықтарының болашағын қалыптастырып жатқан кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп жатқанымызды мақтан тұтамыз. Бұл семинарлар ұзақ мерзімді әрі баршаға ортақ, яғни халықтың арқасында орнаған дамудың іргетасын қалайды»,— деді БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа.
Аталған бастама – БҰҰДБ мен оның Сеулдегі Саяси зерттеулер орталығының ауқымды әрі ортақ «ОДМ саласындағы әріптестік: МШОК-ты инклюзивті цифрлық трансформация арқылы қолдау» бағдарламасының бөлігі.
Бұл бағдарламаның негізінде цифрлық мүмкіндіктердің қолжетімділігін арттырып, жас кәсіпкерлер мен әйелдердің әлеуетін нығайту арқылы инклюзивті экономикалық өсімге жету мақсаты жатыр. Корея Республикасының озық тәжірибесіне сүйене отырып әзірленген бұл тренингтер сериясы цифрлық сауаттылықты арттыру, жұмыспен қамтуды үрдісін кеңейту және Қызылорда облысындағы өмір сапасын жақсартуға бағытталған орнықты өзгерістерге жол ашады.

Шиелідегі тренинг қатысушысы.