БҰҰДБ Абай және Ұлытау облыстарына жергілікті өзін-өзі басқару және орнықты даму бағыттары бойынша қолдау көрсетуді жалғастыруда

2025 ж. 7 August
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

Бұған дейінгі кезеңнің оң нәтижелеріне сүйене отырып, БҰҰДБ ЖАО-ның қолдауымен жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі аясында коммуникацияны жақсарту, сондай-ақ ашықтық пен есептілікті арттыру жөніндегі семинарлардың екінші кезеңін бастады.

Семинарлар Абай облысының Аягөз, Жаңасемей, Көкпекті және Мақаншы аудандарында, сондай-ақ Ұлытау облысының Жаңаарқа, Қаражал, Сәтбаев және Ұлытау өңірлерінде өтуде. Қатысушылар қатарында жергілікті әкімдіктердің, мәслихаттардың, қоғамдық кеңестердің мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бар.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

Екі күндік бағдарлама eOtinish платформасын қолдану бойынша практикалық жаттығуларды, жергілікті жобаларды бақылау әдістерін және қоғамдық бақылау жоспарын жасауға арналған топтық жұмысты қамтиды. Семинардың аяғына қарай қатысушылар азаматтармен цифрлық байланыс орнату, ашық деректерді пайдалану және қоғамдық бақылау тетіктері бойынша нақты құралдар мен дағдыларға ие болмақ.

«Бүгінде цифрлық құралсыз тиімді коммуникация құру мүмкін емес. Қазіргі трендтер көрсетіп отырғандай, жергілікті билік халықпен әлеуметтік желілер, мессенджерлер немесе онлайн платформалар арқылы сөйлесуі қажет», —
дейді БҰҰДБ ұлттық сарапшысы Шолпан Әйтенова.
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

Семинарлар аясында мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңнама мен қоғамдық тыңдау өткізу тәртібі де қарастырылып отыр. Бұл қатысушыларға жергілікті билік өкілдерін ресми тетіктер арқылы жауапкершілікке тартуға мүмкіндік бермек.

«Билік пен қоғам арасындағы тиімді коммуникация — диалог. Адамдар бізден жедел шешім күтпейді. Біз оларды тыңдап, ашық түрде сөйлесуіміз керек. Диалог бар жерде сенім де бар», —
дейді Мақаншы ауданы мәслихатының депутаты Лаура Тұрарқова.

Бұл семинарлар — еліміздің жаңа әкімшілік бірліктерін, яғни Абай мен Ұлытау облыстарын дамыту мақсатында жүзеге асырылып жатқан кең ауқымды БҰҰДБ бағдарламасының бөлігі. Бастама қызметтердің, жұмыспен қамтудың және инфрақұрылымның қолжетімділігі бойынша өңірлік өзгешеліктерді азайтуға, сондай-ақ қоғамдастықтардың өз әлеуетін ОДМ аясында ашуына қолдау көрсетуге бағытталған.

Бұл бастама азаматтардың белсенді қатысуына жол ашу арқылы Абай мен Ұлытауда инклюзивті әрі орнықты жергілікті басқарудың іргетасын қаламақ.