ҰСБСЖ-ын жаңартуды және 7-ші Ұлттық баяндаманы дайындауды қолдауға арналған шеңберлік бағдарлама
Бұл Жаһандық бағдарлама елдерге өздерінің биоәртүрлілікті сақтау жөніндегі ұлттық стратегиялары мен жоспарларын (ҰСБСЖ) Куньмин-Монреаль биоәртүрліліктің жаһандық шеңберіне сәйкестендіру, сондай-ақ биологиялық әртүрлілік туралы конвенцияны (БӘК) және Куньмин-Монреаль биоәртүрліліктің жаһандық шеңберін ұлттық деңгейде тиімді іске асыру мақсатында қайта қарауға және жаңартуға қолдау көрсетеді.
Бұдан басқа, осы грант шеңберінде елдерге биологиялық әртүрлілік туралы конвенцияны және Куньмин-Монреаль биоәртүрліліктің жаһандық шеңберін іске асыру жөніндегі 7-ші ұлттық баяндаманы дайындауға және ұсынуға қолдау көрсетіледі.
Бұл жаһандық бағдарлама ҰСБСЖ әзірлеу және 7-ші Ұлттық баяндаманы дайындау жөніндегі БӘК нұсқауларына, оның ішінде КТ-15-тің соңғы қорытындылары мен шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Жоба үйлестірушісі:
Меруерт Сарсембаева
E-mail: meruyert.sarsembayeva@undp.org
Жобаның ұзақтығы:
2024-2027 жж.
Жоба бюджеті:
463.547 АҚШ долл.
Ұлттық серіктестер: Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Қаржы министрлігіб Ауылшаруашылық министрлігі
Донор:
Жаһандық экологиялық қор (ЖЭҚ)