Түркістанда жаһандық Пандемияларға қарсы қордың қолдауымен салынған заманауи вирусологиялық зертхана ашылды

2026 ж. 10 September
Group photo of people in formal attire on a red carpet outside a beige building for a ceremony.
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/ Алишер Мустафин

Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жаңа вирусологиялық зертханасының ресми ашылу салтанаты өтті. Зертхана Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан Пандемиялық қордың елдік жобасы аясында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) қолдауымен және БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) жәрдемдесуімен құрылды. Жаңа нысан Қазақстанның зертханалық жүйесін нығайтуға және елдің инфекциялық аурулардың өршуінің алдын алуға және оларға ден қоюға дайындық деңгейін арттыруға бағытталған. 

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/ Алишер Мустафин

Зертхана ашылғанға дейін Түркістан облысында өзінің мамандандырылған вирусологиялық зертханасы болмағандықтан, биологиялық үлгілерді зерттеу үшін еліміздің басқа өңірлеріне жіберу қажет болды. Заманауи зертхананың іске қосылуы диагностикалық зерттеулерді жүргізу мерзімін едәуір қысқартуға, халық үшін зертханалық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және Қазақстанның халық ең тығыз орналасқан өңірлерінің біріндегі эпидемиологиялық қадағалауды күшейтуге мүмкіндік береді.

Қазақстан пандемияларға дайындықты және денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға ден қою әлеуетін нығайтуға бағытталған жобаларды жаһандық іріктеудің бірінші кезеңі аясында Пандемиялық қордан қаржыландыру алған елдердің қатарына кірді. Пандемиялық қордың гранты инфекциялық ауруларға эпидемиологиялық қадағалауды дамытуға, зертханалық жүйелерді жаңғыртуға, биологиялық қауіпсіздік пен биологиялық қорғанысты қамтамасыз етуге, инфекциялық аурулардың өршуін ерте анықтау және оларға ден қою тетіктерін жетілдіруге, инфекциялық бақылау шараларын күшейтуге және денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық әлеуетін дамытуға баса назар аудара отырып, ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға қолдау көрсетеді. 

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/ Алишер Мустафин

Зертхананың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев, Дүниежүзілік банктің денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі аға экономисі және Пандемиялық қордың аға портфельдік менеджері, Пандемиялық қор басшысы Прия Басудың атынан қатысқан доктор Ампаро Елена Гордильо-Тобар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы Өкілі доктор Скендер Сыла, БҰҰДБ, Ұлттық сараптама орталығы және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. 

Politician in suit speaks at podium with gold emblem; flag visible in background.
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/ Алишер Мустафин

ДДСҰ-ның Қазақстандағы Өкілі доктор Скендер Сыла денсаулық сақтау жүйелерінің орнықтылығына бағытталған инвестициялардың маңызын атап өтті: 

«COVID-19 пандемиясы мықты зертханалық жүйелердің ұлттық және жаһандық денсаулық қауіпсіздігінің негізі екенін көрсетті. Түркістандағы жаңа зертхана сапалы диагностикаға неғұрлым жедел қолжетімділікті қамтамасыз етуге, эпидемиологиялық қадағалауды нығайтуға және елдің инфекциялық аурулар қауіптеріне ден қоюға дайындығын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл Қазақстан Үкіметінің, ДДCҰ-ның, Дүниежүзілік банктің, БҰҰДБ-ның және Пандемиялық қордың табысты ынтымақтастығының нәтижесі».
Bald man in a gray suit speaks at a podium with a gold seal outdoors.
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/ Алишер Мустафин
«БҰҰДБ-ның бұл серіктестіктегі рөлі, ең алдымен, жалпы тұжырымдаманы нақты жұмыс істейтін нысанға айналдыруға қолдау көрсету болды. Бұл зертхананың құрылысы мен қажетті сатып алулардан бастап, оны жарақтандыруға және заманауи технологиялық шешімдерді енгізуге дейінгі барлық кезеңдерді қамтыды»,
– деп атап өтті Қазақстандағы БҰҰДБ-ның Тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматов.
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/ Алишер Мустафин

Зертханалық зерттеулердің нәтижелері дәл әрі сенімді болуы өте маңызды. Сондықтан зерттеу процесінің өзін ғана емес, сонымен қатар тоңазытқыштар мен мұздатқыштардың температурасын, үлгілер мен реагенттердің сақталу жағдайларын, жабдық параметрлерін және қоршаған орта көрсеткіштерін де бақылау қажет. Кез келген елеулі ауытқу жедел әрекет етуді талап етеді.

Салтанатты іс-шара аясында лентаны қию рәсімі өтіп, қонақтар зертхананың инфрақұрылымы мен жабдықтарымен танысты, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған баспасөз сұхбатына қатысты.

Нысанның құрылысы, оны заманауи зертханалық жабдықтармен жарақтандыру және энергия тиімді шешімдерді енгізу биологиялық қауіпсіздік пен орнықты даму саласындағы халықаралық талаптарға сәйкес жүзеге асырылды. Зертхана Қазақстанның ұлттық диагностикалық жүйесін нығайтуда және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын болады. 

Group of formally dressed people at a ribbon-cutting ceremony outside a beige building.
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/ Алишер Мустафин