a group of people posing for a photo

2023 жылдағы Қазақстандағы БҰҰДБ

2023 ЖЫЛДЫҢ НЕГІЗГІ ОҚИҒАЛАРЫ

2023 жылы Қазақстандағы БҰҰДБ бар күшін экономиканы әртараптандыру, институттарды модернизациялау, теңсіздікті азайту арқылы, сонымен қатар инновацияларды барынша тиімді қолдану, цифрлық технологияларды дамудың барлық аспектілеріне кірістіру, тиісті нәтижеге жетуді жеделдету үшін серіктестік қарым-қатынастар орнату арқасында табиғи ресурстарды экологиялық тұрақты басқару арқылы елдің өсу траекториясын қолдауға арнады. Біздің әдіс-тәсілдеріміз көкейтесті қажеттіліктерді де, орнықты даму мақсаттарында баяндалған ұзақ мерзімді мақсаттарды да ескере отырып, прагматикалық сипатта болды.

Қазақстандағы БҰҰДБ халықтың осал топтары үшін әлеуметтік қолдауға қолжетімділікті жақсартатын инновациялық үкіметтік технологиялық шешім – Отбасының цифрлық картасын іске қосуда Үкіметке қолдау көрсетті. Қазақстандағы БҰҰДБ денсаулық сақтау жүйесінің орнықтылығы мен тиімділігін арттыру үшін цифрлық трансформацияны жүзеге асыруға көмектесті.

Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету аясындағы жұмысымыз гендерлік пемәселелерді барлық секторларға кіріктіруге бағытталған «Әйелдер әділ көшу үшін» желісі және мемлекеттік мекемелерді «Гендерлік теңдік белгісімен» сертификаттау бастамасы сияқты стратегиялық серіктестіктер мен бағдарламаларға негізделген. Қазақстандағы БҰҰДБ адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, бизнес сектордың кешенді картасын әзірледі және инклюзия даму стратегияларында басты орында қала беруі үшін мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғауды барынша жақтайды. Аймақтарды даму және институттарды нығайту, сондай-ақ Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) жергілікті басқаруға және мемлекеттік саясатқа кірістіру бастамалары да басты назарда болды. Қазақстан Парламентімен, Қаржы министрлігімен және Ұлттық экономика министрлігімен стратегиялық жұмыс елдегі ОДМ жергіліктендіру жөніндегі іс-шараларда қолғабыс етті. Қазақстандағы БҰҰДБ жасыл бастамаларға басымдық береді және төмен көміртекті технологияларды қолдану негізінде өсу моделін қолдайтын жаңғырмалы энергия көздеріне қатысты жобалар және қаржыландыру тетіктері арқылы тұрақты дамуға өз үлесін қосады.

Негізгі оқиғалар

Саясаттағы және үкіметтегі трансформациялық өзгерістер​

  • Қазақстанда бірқатар трансформациялық өзгерістер орын алды, оларға 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар мұрындық болды. 2023 жылдың 19 наурызында Парламенттің төменгі палатасына (Мәжіліс) және жергілікті мәслихаттарға кезектен тыс парламент сайлауы өтті. Азаматтардың саяси өмірге толыққанды қатысуына қатысты алаңдаушылық әлі де болғанымен, ЕҚЫҰ бақылаушылары соңғы реформалар сайлаушылардың сайлау кезіндегі таңдауын біршама кеңейткенін атап өтті.

  •  Үкімет құрылымы да айтарлықтай өзгерістерге ұшырады: сегіз министр ауыстырылып, екі министрлік – Көлік министрлігі мен Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды. 

  • Қараша айында Қазақстанда 42 аудан мен 3 облыстық маңызы бар қала әкімдерінің тікелей сайлауы өтті. 17 өңірді қамтыған осы пилоттық бастама ел тарихындағы мұндай сайлаудың алғашқы үлгісі болды.

Адам құқықтары және Заң үстемдігі

  • Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Қазақстан Президентінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы Жарлығы адам құқықтарын қорғауды күшейтуге айтарлықтай серпін берді.

  • Қазақстанның Конституциялық соты өз жұмысын 2023 жылдың 1 қаңтарында бастады. Осындай аса маңызды оқиға азаматтарға ұлттық Конституция қағидаттарына қайшы келетін нормаларға тікелей шағымдануға мүмкіндік береді. Сот жұмысының алғашқы сегіз айында азаматтардан 4.000-ға жуық өтініш түскен.

Экономика

  • Инфляция қысымы, халықаралық жеткізу тізбегіндегі өзгерістер, Украинадағы соғыс, санкциялар саласындағы текетірес сияқты күрделі факторларға қарамастан, Қазақстан 2023 жылды 4.9 пайыз деңгейінде экономикалық өсіммен аяқтады (2022 жылы 3.3 пайыз болған).

Төмен көміртекті технологияларды қолдану негізінде өсу моделі:

  • 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы 2023 жылдың ақпанында түпкілікті қабылданып, Қазақстан көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің ұзақ мерзімді перспективасы бар Орталық Азиядағы алғашқы елге айналды. Осындай технологияларға көшуде жеке меншік сектордың инвестициялары өте маңызды, сол үшін, мәселен, 610 млрд АҚШ доллары көлемінде қаражат қажет.

  • Жыл бойы Қазақстан экология және климат саласындағы күн тәртібін іске асыруға деген берік ұстанымын көрсетті. Осы орайда 2024 жылғы ТК28 кезінде БҰҰ БА аясындағы алғашқы «Біртұтас су» саммитіне Франциямен тең төрағалық ету туралы жарияланды.

Энергетика 

  • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда қызу пікірталас тудырған атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыхалықтық референдум өткізу жоспарын жариялады. Референдум өтетін күн әлі анықталған жоқ.

Төтенше жағдайлар

  • 2023 жылы Қазақстан бірқатар күрделі төтенше жағдайларға тап болды, солардың ішінде орман өрттерін, тау-кен кәсіпорнындағы ірі апатты атап өткен жөн. Сол оқиғалар табиғи ресурстарды басқарудағы түйіткілді мәселелерді және елдің энергетикалық инфрақұрылымындағы кемшіліктерді айқын көрсетті.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ
Негізгі проблемалар
  • Өңірлерді дамыту бағдарламасын толық көлемде жүзеге асыру әлі де күрделі мәселе болып отыр. Үкімет 2024 жылы 1.7 млн доллар көлеміндегі бірінші траншты аударуды көздеп отырғанымен, 2021-2025 жылдарға арналған Елдік бағдарламаны (CPD) бірлесіп қаржыландыру туралы қол қойылған келісімге сәйкес 30 млн АҚШ доллары көлеміндегі қалған сома әлі қарастырылып жатыр.

  • Аймақтық деңгейде әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы деректердің қолжетімділігі мен сапасы тиісті бағдарламалық бастамалар үшін күрделі мәселе болып қала береді.

  • Экономикалық жағдай, мысалы, базалық мөлшерлемелерді көтеру жасыл жобалар мен жасыл қаржыландырудың тартымдылығын төмендетті. Кәсіпкерлік саласындағы несиелердің жалпы қоржынындағы ШОБ субъектілеріне арналған несиелер үлесінің төмендеуі ШОБ субъектілеріне қаржылық жағынан орнықты экологиялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермей отыр. Осындай үрдіс жалғаса берсе, субсидиялар және/немесе кепілдіктер сияқты қолдау шараларынсыз жасыл жобалар қаржылық тұрғыдан өміршең бола алмай қалады. Әлеуетті мүдделі ШОБ иелері арасында қаржы институттарымен жұмыс істеуде білімі мен тәжірибесінің жоқтығы биоотын өнеркәсібіне инвестиция көлемін ұлғайтуда тағы бір қиындық тудырып отыр.

  • Үкіметтегі серіктестер арасында гендерлік мәселелерді саясатқа кірістіру бойынша хабардарлығының, ниеттілігінің және әлеуетінің төмендігі бағдарламаларды кең ауқымда жүзеге асыруға кедергі келтіріп отыр.

  • Үкіметтегі серіктестермен өзара келісу және мақұлдау кезіндегі әртүрлі факторларға байланысты жобаларды іске асыруды кешіктіру белең алған, мысалы, есептерді қарап шығуды кешіктіру, жүйеге күрделі өзгерістер енгізуден жүрексіну, ішкі процедуралар кесірінен кешіктіру, ұзақ уақыт алатын процедуралар/бекіту процестері, жоғары басшылық құрамының жиі ауысуы, мүдделі тараптардың әрқилы мүдделері және басымдықтары, т.б.

  • Ағымдағы Елдік бағдарламаны үкіметпен бірлесіп қаржыландыру туралы келісім шеңберінде күтілген қаржыландырудың жоқтығы 2023 жылы Қазақстандағы БҰҰДБ үшін қиын мәселеге айналды. Қаржыландырудағы шектеулерге жауап ретінде Қазақстандағы БҰҰДБ бастапқы іске асыру көрсеткішін қайта қарап, 14 млн АҚШ долларына дейін қысқартуға мәжбүр болды. 

  • Қаңтар айында UNBOA (Біріккен Ұлттар Ұйымының Ревизорлар комиссиясы) жүргізген сыртқы аудитке қоса, Қазақстандағы БҰҰДБ 2023 жылдың мамыр айында OAI (Ревизия және тергеу басқармасы) ішкі аудитінен де өтті. Соңғысының қанағаттанарлықсыз нәтижелері БҰҰДБ-ны бағдарламалық, жобалық және операциялық процестер мен процедураларға қатысты қолданыстағы әдіс-тәсілдерін қайта қарауға мәжбүр етті, бұл жобаларды іске асыруға және ресурстарды жұмылдыруға да әсерін тигізбей қоймады.

  • Қазақстандағы БҰҰДБ корпоративтік деңгейде икемді саясаттың жоқтығынан әрі осы іске қатысты нақты нұсқаулардың жоқтығынан «Энергия тиімділігі секторына инвесторларды тарту» жобасын іске асыруда айтарлықтай қиындықтарға тап болып жатыр.

  • Жеке меншік сектордан, әсіресе қазба отын өнеркәсібінен ресурстар жұмылдырудағы қиындықтар PSDD (жеке меншік секторды кешенді тексеру) комитетінің мақұлдамауына және кешенді тексеру процедураларының ұзаққа созылуына байланысты үлкен сәтсіздікке ұшыратты.

  • Бос қаражаттың тапшылығына байланысты Қазақстандағы БҰҰДБ бірнеше бастамаларды пилоттық режимде жүзеге асыруда және көбірек қаржы тартуда қиындықтарға кез болды.

  • Көміртегі бейтараптығы стратегиясын іске асыру алға баспай жатыр, сондықтан тек құжат деңгейінде қалып отыр.

Ресурстарды жұмылдыру

  • 2023 жылы Қазақстандағы БҰҰДБ ресурстарды жұмылдыру бойынша мақсатты көрсеткішті 21 пайызға (12.9 млн долларға қарсы 15.6 млн доллар) асыра орындады, бұл ретте басты донорлар Қазақстан Үкіметі, ЖЭҚ, Еуропалық Одақ және Жапония болды.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ
Адамдарға және табиғатқа тиетін әсер

Әлеуметтік осалдық пен теңсіздікті жою

  • 2023 жылы Қазақстандағы БҰҰДБ-ның басты жетістігі халықтың мемлекеттік қолдау бағдарламаларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін БҰҰДБ қатысуымен әзірленген инновациялық шешім – «Отбасының цифрлық картасын» іске қосу болды, аталмыш карта тіпті жаңа Әлеуметтік кодекске де енгізілді.

  • БҰҰДБ алдағы Бизнес және адам құқықтары жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспары үшін қажетті ақпарат ұсына отырып, бизнес секторындағы адам құқықтарының алғашқы ұлттық бастапқы бағалауын жүргізді. 

  • Қазақстанның мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау және ілгерілету аясындағы жұмысын қолдау мақсатында Қазақстандағы БҰҰДБ Астанадағы кәсіптік оңалту орталығы үшін пилоттық бастама болып табылатын Мүгедектік мәселелері жөніндегі кеңесшілер институтын құрды, сонымен қатар даму бұзылыстары бар жастардың әлеуметтік бейімделуін жеңілдету үшін тәуелсіз өмір сүруді қамтамасыз ететін технологиялардың көмегімен үлгілік пәтерлер әзірледі. ​

  • Денсаулық сақтау саласында Қазақстандағы БҰҰДБ тұтас жүйе деңгейінде денсаулық сақтау қызметтерінің тысқары әсерге төзімділігін арттыру үшін денсаулық сақтау секторын цифрлық трансформациялау бойынша Үкіметпен бірлесіп жұмыс істеді. Жоғары сапалы дәрі-дәрмектерді сатып алуды оңтайландыру бойынша атқарылып жатқан үздіксіз жұмыс өмірлік маңызы бар дәрілерге қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы шамамен 8.100 пациентке пайдасын тигізді, сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген шектерден төмен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету арқылы мемлекеттік бюджет үшін 350.000 АҚШ долларын үнемдеді.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/ Максим Стадниченко

Сыбайлас жемқорлықтан ада, адал есеп беретін институттар арқылы халықтың сеніміне қайта кіру

  • БҰҰДБ ТДМ Хатшылығымен (Экономикалық зерттеулер институты жанында) бірге ТДМ кіріктіру деңгейін бағалау үшін пилоттық аймақтарда (Абай, Жетісу, Ұлытау және Қызылорда облыстары) олардың стратегиялық жоспарларын талдау үшін бірақ жұмыс атқарды және әлеуетті арттыру бойынша семинарлар өткізді. Осы жұмысты қолдау үшін Ұлттық экономика министрлігі БҰҰДБ-мен бірлесіп, елдің әр өңірімен жұмыс істейтін тұрақты жергіліктендіру комиссиясын құрды.

  • Қазақстандағы БҰҰДБ ұлттық саясатты ОДМ-мен сәйкестендіру жағынан үкіметке қолдау көрсетуде айтарлықтай жетістіктерге жетті, соған келесілер түрткі болды:

  • Мемлекеттік шығындарды ОДМ-мен барынша тиімді сәйкестендіру үшін қолданыстағы Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға өзгерістер енгізу және жетілдіру бойынша Қаржы министрлігімен ынтымақтастық орнату бастамасын көтерді.

  • Қазақстанда ОДМ орындалуын бақылау жөніндегі Парламенттік комиссияның құрылуына қолдау көрсетуде басты рөл атқарды.

  • Ашықтықты арттыру және азаматтық қоғамның қатысуына септесу үшін Орталық Азия елдеріне арналған ОДМ қаржыландырудың ақпараттық тақтасын әзірледі.

  • БҰҰДБ Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару реформасына қолдау көрсетті. БҰҰДБ Үкіметпен бірлесе отырып, жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын және жергілікті бюджеттерді тікелей қаржыландыру тетіктерін кеңейтуге баса назар аудара отырып, жергілікті өзін-өзі басқару реформаларын жүргізу үшін 2.500 әкімнің біліктілігін арттырды.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

Климат өзгерісіне және табиғи апаттарға төзімділікті, сонымен қатар табиғи ресурстарды және төмен көміртекті технологияларды пайдалану негізінде өсуді қолдау

  • 2023 жылы Қазақстандағы БҰҰДБ тұрақты және таза энергия көздері саласында қыруар жұмыс атқарды, соның ішінде:

  1. Энергия тиімділігі тұжырымдамасын әзірлеу және заңнаманы жетілдіру жұмысына қолдау көрсетті.

  2. «ДАМУ» қорымен ынтымақтастықта жаңғырмалы энергия көздеріне қатысты төрт жобаны іске қосты, аталмыш жобалар таза жаңғырмалы энергияны пайдаланудың арқасында 36.000-нан астам адамға пайдасын тигізеді.

  3. Өнеркәсіптің әртүрлі салаларына арналған экологиялық таза энергияға қатысты тиімді шешімдер ұсыну жөніндегі NAMA бастамасы аясында 17 жобаға қаржылық қолдау көрсетті, соның арқасында 75.000 тікелей бенефициар қамтылды.

  4. Қазақстанда көміртегін қолданылмайтын жылыту жүйесіне қол жеткізу үшін көмірге қаржылық тұрғыдан тиімді балама ретіндегі биоотын брикеттерінің өміршеңдігін көрсетуге арналған екі пилоттық жоба сәтті жүзеге асырылды.

  • Қазақстандағы БҰҰДБ сонымен бірге 2023 жылы тұрақты қаржы тартуға белсенді атсалысты. БҰҰДБ-ның жасыл қаржыландыру саласындағы шараларының нәтижесінде 2023 жылы Астана халықаралық биржасында 142.6 млн АҚШ долларын құрайтын тұрақты облигациялар орналастырылды. 2023 жылдың қазан айында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында субсидияланатын жасыл облигациялар алғаш рет орналастырылып, жеке меншік сектордан қуаты 48 МВт құрайтын жел паркі құрылысына 6.6 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартуға мүмкіндік берді.

  • 2023 жылы БҰҰДБ ерекше қорғалатын аумақтарды кеңейту және 1.65 миллион гектардан астам аумақты резервациялау арқылы экожүйені сақтауға ықпал етті. БҰҰДБ қолдауымен жаңа Басқару жоспарларының әзірленуімен мемлекеттік қаржыландыру 2018 жылы 8.6 млрд теңгеден 2023 жылы 32.2 млрд теңгеге дейін біртіндеп артты. БҰҰДБ сонымен қатар осыған дейін 10 жылға жуық мүлдем болмаған Биоалуандылықты сақтау жөніндегі жаңа ұлттық стратегияны әзірлеуге бастамашы болды.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ
  • Семей облысындағы алапат орман өртіне жауап ретінде Қазақстандағы БҰҰДБ тікелей әрекет ету шарасы ретінде қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға қолдау көрсету арқылы және бағалау жүргізу үшін БҰҰДБ Аймақтық хабымен бірге Апаттар қаупін азайту миссиясын жіберу арқылы орманды сақтау саласында бұрынырақта орнатылған ынтымақтастық есебінен өз қызмет аясын кеңейтті.

Білім қорына сүйене отырып экономикалық өсуді нығайту 

  • БҰҰДБ Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесе отырып, елдегі шығармашылық салаларды дамыту мәселелеріне арналған жоғары деңгейлі дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің алдында БҰҰДБ Қызылорда және Абай облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында шығармашылық салалар бойынша ұйымдастырған аймақтық сарапшылық кездесулер өтті. Сол кездесулер сатылымдарды арттыру, БАҚ әлемінде өз орнын табу және брендинг үшін шығармашылық кәсіптердегі цифрлық шешімдер жөніндегі семинарларды қамтыды. Нәтижелер БҰҰДБ акселератор-зертханасының жұмысына кірістіріліп, алдағы БҰҰДБ аймақтық бағдарламасында ескерілетін болады.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ
Даму мақсатында гендерлік теңдікті ілгері бастыру
  • Қазақстандағы БҰҰДБ 2023 жылдың желтоқсанында Президент бекіткен Адам құқықтары жөніндегі іс-қимыл жоспарына гендерлік зорлық-зомбылықпен күресу, әлеуметтік мәселелер және бизнестегі адам құқықтары жөніндегі шараларды енгізу үшін негізгі ұйымдармен белсенді ынтымақтастықта жұмыс жасады.

  • Мәдениет және ақпарат министрлігімен серіктестікте жүзеге асырылған мемлекеттік мекемелерді «Гендерлік теңдік белгісімен» сертификаттау жөніндегі бастамамыз министрлікті гендерлік сертификаттау бағдарламаларын одан әрі кеңейтуге талпындырған жетекші жобаға айналды.

  • «Әйелдер әділ көшу үшін» желісінің іске қосылуы әйелдерді шешім қабылдауға және экологиялық таза энергияға қолжетімділікті қамтамасыз етуге қатыстырудағы маңызды қадам болды.

  • Орталық Азияға арналған «Нұр сәулесі» өңірлік бағдарламасының сәтті аяқталуы көп секторлы әдіс-тәсілдер арқылы гендерлік зорлық-зомбылық туралы саяси хабардарлықты арттырды.

  • Қиындықтарға қарамастан, Орталық Азиядағы ауғандық әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту жобасы айтарлықтай жетістіктерге жетті: 27 ауғандық әйел мен қыз Қазақстанда жоғары білім алып, сонымен бірге жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізді, ал 11-і ЕО қаржыландыруымен оқуын Испанияда жалғастырды.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ
Негізгі индикаторлар
Флагмандық оқиғалар

Астана халықаралық форумы

  • Климаттың өзгеруінің күрделі жаһандық мәселелері, кедейлікпен және теңсіздікпен күрес Астана халықаралық форумында Қазақстандағы БҰҰДБ ұйымдастырған екі панельдік пікірталастың басты назарында болды. «Жылғадан ағынға: «жасыл экономикаға» көшуді қаржыландыру» атты бірінші панельдік пікірталас климатқа қолайлы жобаларға инвестицияны ұлғайту қажеттілігін талқылады. «Жарты жолда, бірақ әлі де артта: 2030 жылға дейінгі күн тәртібін қорытындылау» атты екінші панельдік пікірталаста ТДМ-на қол жеткізудегі жетістіктер бағаланды.  

  • Сонымен қатар АХФ көрмесінде арнайы әзірленген стендте БҰҰДБ назар аударуға тұрарлық инновация көрсетті, яғни БҰҰДБ бастамасымен және жасыл қаржы құралдарының қолдауымен Қазақстанның сәтті жүзеге асырылған төмен көміртекті жобалары көрсетілген интерактивті картаны ұсынды. 

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

Астана мемлекеттік қызмет хабының жыл сайынғы конференциясы

  • 17-19 мамырда Астана мемлекеттік қызмет хабы (АМҚХ) «Меритократия. Адалдық. Инновация» тақырыбында жыл сайынғы конференциясын өткізді. Аталмыш конференция АМҚХ-тың 10 жылдығымен тұспа-тұс келді. Осы уақыт ішінде АМҚХ аймақтағы және одан тыс жерлердегі елдердің үкіметтеріне серіктестік, әлеуетті дамыту және ғылыми дәлелденген зерттеулер арқылы мемлекеттік қызметтерді түрлендіруде табысқа жетуге көмектесетін жаһандық көптарапты платформаға айналды. Уақыт көрсеткендей, бастапқыда таңдалған сұранысқа негізделген әдіс және икемділік шынымен жемісін берді. Осындай серіктестік үлгісінің өзектілігі 43 қатысушы мемлекеттен және 80-нен астам институционалдық серіктестен тұратын кең географиялық қамту аясымен қуатталады. 

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

Тағы осы тақырыпта