БҰҰДБ «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватына жабдықтарды тапсырды

2023 ж. 19 July
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) қолдауымен «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватына ресми түрде радиожабдықтар тапсырылды.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен бірлескен жұмыс аясында Ғаламдық экологиялық қордың (ҒЭҚ) қаржылық қолдауымен, «Семей орманы» резерватының сұранымы бойынша, 220 аналогтық портативті радиостанция, 110 автокөлік радиосы және 150 автокөлік антеннасы тапсырылды.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, 2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ормандар ел аумағының 5 пайызын алып жатыр, ал олардың ауданы 13.6 миллион гектарды құрайды. «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының жалпы ауданы 654.179.8 га.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы (ЕҚТА) қызметкерлердің алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі – ЕҚТА-ның географиялық ерекшеліктеріне, көлеміне және алшақтығына байланысты байланыс сапасының төмендігі және байланыстың жиі болмауы. Бұл тұрғыда рациялар маңызды рөл атқарады, кейде қызметкерлер мен орталық кеңсе арасындағы жалғыз байланыс құралы болып табылады. Бұл әсіресе ұлттық парктің кең және жетуге қиын аумақтарын патрульдеу және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету кезінде маңызды. БҰҰДБ орман экожүйелері мен биоәртүрлілік жағдайын бақылау және қорғау әдістерінің сапасын арттыру сияқты негізгі міндеттерді шешу үшін табиғатты қорғау ұйымдарымен белсенді түрде ынтымақтасады.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ
«БҰҰДБ Қазақстан Үкіметіне тұрақты ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығын дамытуда, ЕҚТА желісін дамытуда, материалдық-техникалық базаны нығайтуда, сондай-ақ қызметкерлерді табиғи аумақтарға мониторинг жүргізуге және табиғатты қорғау іс-шараларын жоспарлауға мүмкіндік беретін заманауи технологияларға оқытуда жүйелі қолдау көрсетеді», -
деп атап өтті БҰҰДБ-ң Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматов.

Табиғат қорғау мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуы тиімді жұмыс пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, бұл тұрақты басқаруға және табиғи ресурстарды сақтауға қол жеткізуге ықпал етеді. 2018 жылдан бастап БҰҰДБ жұмысы аясында Алматы, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарының 14 ЕҚТА мен сегіз орман шаруашылығы мекемесіне орман өрттеріне қарсы шағын кешендері, патрульдік көліктер, рюкзактық орман өрт сөндіргіштер, өрт сөндірушілерге арналған мамандандырылған киім кешендері, жоғары қысымды өрт сөндіру қондырғылары, стационарлық және портативті рациялар, квадроциклдер, қосымша керек-жарақтары бар квадрокоптерлер және басқалар тапсырылды.

«Біз еліміздің ормандылық көрсеткішін 5,3%-ға дейін ұлғайтуға ұмтылудамыз. БҰДДБ-мен бірлесіп елдің биоалуантүрлілігін сақтауға бағытталған біршама жобалар іске асырылды, 5 миллион гектардан астам алаңда 14 ерекше қорғалатын аумақ құрылды және кеңейтілді. Бұл біз үшін құнды биологиялық алуантүрлілік шоғырланған жерлер. Қазір орманды өрттен қорғау мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Атап айтқанда, мемлекеттік орман қоры жерлерінде орманды қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру үшін техника мен жабдықтардың тиістілігінің қолданыстағы нормаларын қайта қарау. Бұл біз үшін қазір басым міндет”, -
деп атап өтті Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаев.

Сонымен қатар, жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) деректері негізінде орман өрттерінің ғарыштық мониторингі әдістемесі әзірленді. Оған өрт координаттарын анықтау және өртті сөндіру әдістері бойынша шешімдер қабылдау, өртті бағалау, бағалау үшін өзекті мәліметтер алу әдістері, көлік инфрақұрылымының қолжетімділігін бағалау кіреді. Сонымен қатар мониторинг әдістемесі орман өрттерін спутниктік суреттерді пайдалана отырып анықтауға және бақылауға мүмкіндік береді.

Қазақстандағы БҰҰДБ қызметі аясында табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің әлеуетін арттыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айта кеткен жөн. Оған орман шаруашылығы қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған оқыту бағдарламасы аясындағы оқыту семинарлары, өрт қауіпі бар жағдайларды анықтау және өрт болған жағдайда залалды бағалау үшін дронды басқаруды үйрету, сондай-ақ қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып, орман өрттерін анықтау және бақылау кіреді.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ