Page content

Қазақстандағы БҰҰДБ зертхана акселераторы

 

Қазіргі таңғы көрініс. Нені білдіреді?

Қазіргі заманғы сын-қатерлердің динамикасы мен күрделілігі бүгінгі уақытты адамзат дамуының өткен кезеңдерінен түбегейлі ерекше етеді. Осындай қиындықтардың пайда болуы шешімдерді іздеуде жаңа тәсілдерді қолдануды қажет етеді, соның ішінде жергілікті инновациялық идеяларға сүйену, олардың ең тиімдісін және масштабтауға мүмкіндігі барларын анықтау мақсатында пилоттық режимде бастама жасау.

БҰҰДБ зертханалар акселераторы желісі: дамудың тәсілдерін қайта қарастыру

2019 жылы БҰҰДБ тұрақты даму мәселелерін шешуге бағытталған әлемдегі ең үлкен инновациялық зертханалар акселераторы желісін іске қосты. Жаңа желі 78 мемлекетте жұмыс істейтін 60 зертханамен өз қызметін бастады. Бүгінде желі Африканың, Шығыс Еуропаның, Азия-Тынық мұхиты аймағы, Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінде бой көтерген 92 елдегі зертханаларды қамтиды.

Зертханалар акселераторы - бұл қоғамдастықпен, мемлекеттік органдар және жеке сектормен тығыз ынтымақтастықта даму мәселелерін шешуге деген ХХІ ғасырдың пайдаланатын әдіс-тәсілдерін қайта қарастыруға бағытталған жаңа бастама. Бұл зертханалардың мақсаты - жеделдетілген өзгерістер қарқынында халықаралық дамудың қолданыстағы тәжірибелері арасындағы алшақтықтығын азайту.

Өз жұмысының барысында зертханалар жергілікті қоғамдастықтың қатысуымен жергілікті деңгейде шешімдерді анықтап, тұрақты даму саласындағы міндеттерді орындау қарқынын жеделдету үшін олардың ықтимал мүмкіндіктерін анықтау мақсатында эксперименттер жүргізеді. Шешімдер легі фермердің су тасқынын алдын-алудың жаңа әдісін табу идеясынан бастап, коммерциялық емес ұйымдардың тиімді шешімдеріне дейін болуы мүмкін.

Қазақстандағы зертхана акселераторы

2020 жылдың желтоқсанында біз Қазақстандағы БҰҰДБ акселератор зертханасын іске қостық, ол әлеуметтік инновацияларды масштабтауға бағытталған елдік офисінің бөлімшесі болуға арналған. Зертхананың қызметі эмпирикалық мәліметтермен расталған жаңа шешімдерді сынау және масштабтау арқылы дамудың күрделі мәселелерін шешудің жаңа тәсілдерін анықтауға бағытталған.

Сенсмейкинг, ұжымдық сана, жаңа шешімдер іздеу және эксперименттер жүргізу - бұл БҰҰДБ Қазақстан Үкіметі мен елдегі басқа серіктестерге халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін ұсынатын жолы болып табылады.

Тобымызбен таныс болыңыз

Біз Акселераторлар зертханасының жұмысын жүргізу үшін түрлі сала новаторлары мен кәсіпқойларын таңдап, жинадық.

Айжан Қапышева - Жаңа шешімдерді іздеу бағытының жетекшісі

 

Айжанның міндеті - әлеуметтік бағытталған инновацияларды анықтау және талдау мақсатында жергілікті қоғамдастықтармен жұмыс жасау. Зерттеудің негізгі әдісі - негізгі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді, сондай-ақ оларды шешу жолдарын анықтау үшін әртүрлі ұйымдардың (университеттер, үкіметтік емес ұйымдар, жастар, мемлекеттік органдар) өкілдерімен диалог құру. Бұл қызметте Айжан халықаралық даму және мемлекеттік басқару саласындағы академиялық тәжірибесі мен практикалық біліктілігін пайдаланады.

Валерия Тё - Тәжірибе жүргізу бағытының жетекшісі

 

Валерияның негізгі міндеті - эксперименттер арқылы тұрақты даму мәселелерін шешуге арналған зерттеу гипотезаларын құру және бекіту. Ол тиісті әдістемелерді жүзеге асырады және процестерді үйлестіреді, соның ішінде әрі қарай масштабтау үшін шешімдердің прототиптерінің тиімділігін бағалау жұмыстарымен айналысады. Валерия сапалы және сандық зерттеу әдістері, прототиптер құру, дизайнерлік ойлау және ұжымдық интеллект құралдары сияқты инновациялық тәсілдерін іске асыру салаларындағы  өзінің білімі мен тәжірибесін қолданады.