Қазақстан ОДМ-ның «ешкімді артта қалдырмау» қағидасын жүзеге асыру үшін жаңа өңірлік тәсіл қолдануда

2023 ж. 28 December
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

Қазақстан Үкіметі БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Еуропалық Одақ (ЕО) қаржыландыратын, Орталық Азия үшін Өңірлік Орнықты даму мақсаттары (ОДМ) платформасын құру жөніндегі бастамасымен ынтымақтасып келеді. Бағдарламаның негізгі мақсаты — ОДМ-ға қол жеткізу бойынша өңірлік күш-жігерді нығайту және сараптамалық-талдамалық қолдау көрсету.

Бастама ОДМ-ға қол жеткізу үшін Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан және Түрікменстан үкіметтерімен және азаматтық қоғамымен ынтымақтастық құруға бағытталған. Платформа ОДМ-ға қол жеткізу мен оны қаржыландырудағы прогресті бақылау құралы ретінде қызмет етіп, мемлекеттерге өмірлік маңызы зор әлеуметтік-экономикалық саясатын сәйкесінше түзетуге мүмкіндік береді.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

Бастаманың Қазақстандағы негізгі нәтижелерінің бірі жаңадан құрылған үш өңірде — Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарындағы, сондай-ақ Қызылорда облысындағы ОДМ-ны жергіліктендіру процесін қолдау болды. Бұл жұмыс Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Экономикалық зерттеулер институтымен бірлесіп жүргізілуде.

«Жергілікті атқарушы органдар 2030 жылға дейінгі күн тәртібін жүзеге асыруда жетекші рөл атқарғандықтан, олардың ұлттық ОДМ көрсеткіштеріне қол жеткізудегі тиімділігін арттыру мақсатында өңірлер үшін орнықты дамудың институционалдық тетіктерін маңызды. Бірінші кезеңде әкімдіктер жанынан мемлекеттік органдар, ҮЕҰ және азаматтық сектор, жергілікті кәсіпорындар, университеттер мен ғылыми топтар, БАҚ және басқа да мүдделі тараптар өкілдерінен ведомствоаралық жұмыс топтарын құру қажет», –
деп атап өтті Экономикалық зерттеулер институтының жобалық сарапшысы Айша Окушева.

Осы орайда Абай, Жетісу, Қызылорда және Ұлытау облыстарында ЖАО мен мүдделі тараптарды ОДМ-ны жергіліктендіру тақырыбындағы мазмұнды пікірталастарға тарту үшін тематикалық кездесулер мен семинарлар өткізілді. Негізгі мақсат әдіснамалар жөніндегі білімді тарату, жұмыс топтарын құруды ынталандыру және белгілі бір аймақ үшін басым көрсеткіштерді анықтау болды.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

Жұртшылықтың қатысуы — ОДМ-ға өңірлік деңгейде қол жеткізудің негізгі элементі

2030 жылға дейінгі күн тәртібінде және оның ОДМ-сында шешім қабылдау барысында азаматтардың пікірлері мен қажеттіліктерін ескерудің маңыздылығын айқындайтын «Ешкімді артта қалдырмау» қағидасы бар. «Халық қатысатын бюджет» жобасы — осы мақсатқа жетудің маңызды құралы. Семинарлар барысында жоба жергілікті атқарушы органдар мүшелері, кондоминиум басшылығы және қоғам белсенділері кіретін фокус-топтар форматында талқыланды.

Әр түрлі сипаттағы мәселелер көтерілді: азаматтардың жобаға қатысуы, халықты ақпараттандыру, жобалық ұсыныстарды берудің техникалық аспектілері және т.б. Жергілікті атқарушы органдар өкілдері жобаның іске асырылуына көңілдері толатынын айтып, халықтың хабардарлығы мен қатысу деңгейлерінің, сондай-ақ жобалық ұсыныстары бар өтінім санының артуы сияқты оң өзгерістерді атап өтті.

Содай-ақ, БҰҰДБ-мен құрған ынтымақтастығы аясында, Экономикалық зерттеулер институты Абай, Жетісу, Қызылорда және Ұлытау облыстары жастарының өміріндегі еңбекке, білімге, шешім қабылдау үдерістеріне қол жеткізу мүмкіндігі сияқты кедергілер мен перспективаларды жастармен бірге топтық пікірталас форматында талқылады.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

Ешкімді артта қалдырмауға деген жігер

Қазақстан Үкіметі мен БҰҰДБ-ның ортақ күш-жігері олардың бірде-бір адамды не қоғамдастықты артта қалдырмауға және ОДМ-ға қол жеткізу ісіне деген мызғымас бейілділігін айғақтайды. Бұл серіктестік сонымен қатар аймақтық деңгейде инклюзивті және ақпараттандырылған шешім қабылдау процестерін дамытуға ықпал етеді.

Осы орайда Окушева ханым Институттың ОДМ-ны өңірлердің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына жергіліктендіру жұмысын жалғастыруды жоспарлап отырғанын атап өтті. Бұдан басқа, жергілікті деңгейде жекелеген көрсеткіштерді есептеу әдіснамасын зерделеу бойынша ортақ жұмыс жүргізу ұсынылатын болады. Бұл сондай-ақ аудан орталықтарындағы және шалғай ауылдық елді мекендердегі азаматтарды ОДМ-ға қол жеткізу жөнінде ақпараттандыру және тарту жұмыстарын қамтымақ.

Бұл жарияланымды Еуропалық Одақ қаржыландырды. Оның мазмұнына тек БҰҰДБ жауапты және ол міндетті түрде Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді.