Табиғат - актив ретінде: Қазақстан орнықты туризмді қалай дамытып жатыр

2026 ж. 28 April
Photo of a turquoise lake edged by evergreen forest, with a pine tree in the foreground.
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

Соңғы жылдары орнықтылық түсінігі туризмді дамыту жолындағы негізгі ұғымға айналды. Әлемдік экономиканың елеулі бөлігін қамтамасыз ететін бұл сала Сovid-19 пандемиясынан бастап климаттық өзгерістер мен геосаяси тұрақсыздыққа дейінгі түрлі дағдарыстарға ерекше осал екенін көрсетті.

Осы үдерістердің барлығы туризмнің қарқынды дамуы ғана емес, сонымен қатар орнықты болуы маңызды екенін айқындап берді. Яғни, дағдарыстарға бейімделу, жергілікті қауымдастықтар үшін мүмкіндіктер қалыптастыру және экожүйелер мен биоалуантүрлілікті сақтай отырып дамудың маңыздылығын көрсетті.

БҰҰ Туризм ұйымының деректеріне сәйкес, 2025 жылы халықаралық туристік сапарлар саны 1,5 миллиардқа жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 4 пайызға артқан. Туризм әлемдегі әрбір оныншы жұмыс орнын қамтамасыз етіп, жаһандық жалпы ішкі өнімнің шамамен 10 пайызын құрайды. Бұл оның ықпалының ауқымын және орнықты тәсілдердің маңыздылығын көрсетеді.

Infographic showing a world map with green icons and population statistics.
Қазақстанның табиғи әлеуеті және туристік қызығушылықтың өсуі

Қазақстан үшін туристік әлеуеттің басым бөлігі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда (ЕҚТА) шоғырланған. Таулы экожүйелерден бастап дала мен шөлейт аймақтарға дейінгі кең байтақ табиғи кеңістіктер орнықты туризмді өңірлерді дамытудың және экономикалық мүмкіндіктерді кеңейтудің маңызды құралына айналдырады.

Елде 14 ұлттық парк пен 10 мемлекеттік табиғи қорық бар. Бұл аумақтарға деген қызығушылық жыл сайын артып келеді.

Infographic with a green map of Kazakhstan on the left and purple/green charts showing percentages

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, соңғы жылдары табиғи аумақтарға келушілер саны тұрақты өсуде - 2019 жылғы 1,3 миллионнан 2024 жылы 2,8 миллионға дейін, ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 4 миллион адамға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 47,3 пайызға көп.

Туристік ағынның өсуі жаңа экономикалық мүмкіндіктер ашады, алайда осал экожүйелерге түсетін жүктемені де арттырады. Сондықтан табиғатты сақтау мен өңірлік дамуды ұштастыратын жүйелі шешімдер қажет.

Bar chart with green bars rising from left to right; purple legend on the right and a 47.3% figure.
Мемлекет пен серіктестердің жүйелі тәсілі

Экологиялық тәуекелдерді ескере отырып, Қазақстан заңнаманы жетілдіру жұмыстарымен бастап инфрақұрылымды дамытуға және ауыл кәсіпкерлігін қолдау сияқты туризмді басқарудың орнықты модельдерін кезең-кезеңімен енгізуде.

Бұл жұмыс халықаралық ұйымдармен әріптестікте жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰ ДБ) Жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ) қолдауымен биоалуантүрлілікті сақтау және орнықты туризмді дамыту бастамаларын іске асыруда.

Өз кезегінде, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда экотуризмді дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп, экожүйелерді сақтау, табиғи ресурстарды орнықты пайдалану және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету арасындағы тепе-теңдікті сақтауда.

Орнықты туризмнің заңнамалық негізі

Маңызды кезеңдердің бірі – жаңартылған Экологиялық кодекстің қабылдануы болды. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті БҰҰ ДБ-ның биоалуантүрлілікті қаржыландыру жөніндегі жаһандық бастамасы – БИОФИН-нің сараптамалық қолдауымен құжатқа экологиялық туризмнің анықтамалары мен қағидаттарын енгізді.

Кодексте жергілікті халықтың туризмнен пайда алуына қатысуы, рекреациялық жүктемені ескере отырып туристер санын реттеу және басқа да қағидаттар бекітілген. Осылайша, экотуризм құқықтық негізге ие болды.

Қосымша қадам ретінде 2025 жылы ҚР МС 2993-2025 «Экологиялық туризм. Жалпы талаптар» ұлттық стандарты қабылданды. Құжат экотуризм саласында қызмет көрсетудің бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған және инфрақұрылымға, қауіпсіздікке, биоалуантүрлілікті сақтауға, экологиялық ағартуға және қалдықтарды басқаруға қойылатын талаптарды айқындайды.

Сондай-ақ, 2025 жылы «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңға түзетулер енгізіліп, табиғи қор жерлерін алып қоймай-ақ, шектеулі шаруашылық қызмет аймағында туристік инфрақұрылымды дамыту үшін учаскелер ұсынуға мүмкіндік берілді.

Infographic: central purple circle with six surrounding light-purple banners and green icons.
Іс жүзіндегі тәжірибе: инфрақұрылым және цифрлық шешімдер

Заңнамалық өзгерістер нақты тәжірибелік шаралармен толықтырылуда.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Іле-Алатау, Шарын және «Алтын-Емел» ұлттық парктерінде визит-орталықтарды дамытуға инвестициялар тартуы - мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің жарқын мысалы.

Сонымен қатар келушілерге арналған экологиялық орналастыру нысандары – глэмпингтер, киіз үйлер мен кемпингтер дамытылып, туристік маршруттар мен экологиялық соқпақтар абаттандырылуда.

Бүгінде ұлттық парктер мен қорықтарда 179 туристік маршрут және 42 экологиялық соқпақ жұмыс істейді. Олардың қатарында Катон-ҚарағайСайрам-Өгем және «Көлсай көлдері» ұлттық парктеріндегі жаңартылған бағыттар бар. 2023-2025 жылдары мұнда навигациялық белгілер, шолу алаңдары және ақпараттық тақталар орнатылды. Бұл келушілер ағынын басқаруға және экожүйелерге түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Туризмді басқаруда цифрландыру да параллель дамып келеді: бақылау-өткізу бекеттері автоматтандырылуда, кіру билеттерін онлайн сату және қолма-қол ақшасыз төлем жүйелері енгізілуде. Бұл ашықтықты, қолайлылықты және туристік ағынды басқару мүмкіндігін арттырады.

Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы, Катон-Қарағай ұлттық паркі және «Көлсай көлдері» ұлттық паркі үшін виртуалды турлар әзірленді. Олар бірегей табиғи аумақтармен қашықтан танысуға мүмкіндік беріп, сапарлап келгенге дейін келушілердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар, «Таза туризм» бағдарламасы іске асырылуда. Ол қалдықтарды бөлек жинауға және келушілерді экологиялық ағартуға бағытталған. 2026 жылы бұл бағдарламаны еліміздің басқа ұлттық парктеріне кеңейту жоспарлануда.

Infographic: five-step left-side with green numbers, purple callouts, 179/42 stats on right.
Адамдар мен қауымдастықтар - орнықтылықтың негізі

Жергілікті тұрғындардың көмегінсіз орнықты туризмді дамыту мүмкін емес. Адамдар даму үдерісінің серіктесіне айналған кезде, табиғат ұзақмерзімді экономикалық активке айналады.

2019 жылы БҰҰ ДБ Алматы, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарынан келген қолөнершілерге арналған тренинг өткізді. Олар кәдесыйлар, киіз және тоқыма бұйымдарын дайындау бойынша білім алып, көпшілігі өз шеберханаларын ашып, орнықты туризм саласында жұмысын жалғастыруда.

2014-2022 жылдары жүзеге асқан «Эко Даму» жобасы орнықты туризмнің ауылдық өңірлердегі әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ететінін көрсетті. 200-ден астам адам, оның ішінде 70 пайызы әйелдер, қонақ үйлер, фермерлік шаруашылықтар және омарташылықты дамыту үшін жеңілдетілген несие алды.

Ұлытау облысында 2022-2024 жылдары 171 ауыл кәсіпкеріне қолдау көрсетілді, оның 109-ы - әйелдер. Олар бизнес-жоспарлау, маркетинг, мобильді түсірілім, қолөнер өндірісі мен қоғамдық тамақтандыру қызметтерін дамыту бойынша оқытудан өтті.

Three-panel infographic showing 2019, 2014–2022, 2022–2024 with purple icons and stats.
Білімге инвестиция

Орнықты туризмді қалыптастыру кәсіби кадрларды даярлауды талап етеді. 2023 жылдан бастап БИОФИН қолдауымен Қазақстанның жетекші университетінде экотуризм бойынша оқу модулі енгізілді. Ол қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде оқытылады. 2026 жылдан бастап курс гидтер мен туроператорларды қоса алғанда, кең аудитория үшін қолжетімді болды.

Мұндай білім беру бағдарламалары Австралия, Ұлыбритания, Канада, Қытай және АҚШ университеттерінде де жүзеге асырылуда.

Орнықты туризм - болашақ стратегиясы

Қазақстан заңнама, инфрақұрылым, цифрлық шешімдер және адами капиталды дамыту бағыттарын біріктіретін орнықты туризмнің кешенді моделін қалыптастыруда.

Қабылданған шаралардың барлығы табиғи аумақтардағы туризмді орнықтылық қағидаттарына көшіруге және келушілердің экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған. Бұл биоалуантүрлілікті сақтауға, өңірлік экономиканы дамытуға және адамдар үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға мүмкіндік береді.