Жастар және экотуризм: табиғаттан басталған тағылым

2025 ж. 24 September
Photo: three friends sitting on grass in a park, with backpacks, sharing a blue book.
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ /Роман Либерчук

Экотуризм бүгінгі таңда тек сәнге ғана емес, әлемдік деңгейдегі аса маңызды қажеттілікке айналды. Климаттың өзгеруі мен табиғи байлықтардың азаюы адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертті- енді олар жай демалумен ғана емес, оны сақтауға өз үлесін қосумен де айналыса бастады. Қазақстанда да бұл бағыт қарқынды дамып келеді. Ел аумағында қайталанбас табиғи ландшафттары мен бай жануарлар дүниесімен ерекшеленетін 14 ұлттық парк пен 10 мемлекеттік қорық бар. Соңғы жылдары мұнда келушілер саны айтарлықтай көбейді: 2021 жылы ұлттық парктерді 1,5 миллион адам араласа, 2024 жылы олардың саны 2,8 миллионға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18 пайызға көп. 

Бұл деректер экотуризмге қызығушылықтың орнықты өсіп келе жатқанын дәлелдейді. Алайда табиғи аумақтардың экожүйелеріне түсетін салмақ та артуда. Сол себепті туризмді табиғатты қорғаумен үйлестіре отырып дамыту, сондай-ақ осы бағытта білікті мамандар даярлау өте өзекті.

Alpine meadow with yellow flowers and green slopes, a turquoise lake, snow patches, under a blue sky.

Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ /Александр Клименко

Осы ретте 2023 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен Биологиялық әртүрлілікті қаржыландыру бастамасы (БИОФИН) аясында экотуризм курсы енгізілді. Ал 2024 жылы туристік қызметтерді стандарттау бойынша арнайы оқу модульдері дайындалды.

Курс үш модульден тұрады. Онда экотуризмді басқару, саладағы қызметтерді стандарттау сияқты маңызды тақырыптар қамтылған. Бүгінде ол қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытылып, студенттерге орнықты туризмнің заманауи тәсілдерін үйренуге мүмкіндік береді.

Three people pose on a metal railing in front of a world map mural.

Алина, Бақдәулет және Камила – Қазақстандағы туризмді дамытатын жаңа мамандар буыны.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ /Роман Либерчук

Алғашқылардың бірі болып бұл бағдарламадан «Туризм» мамандығының 4-курс студенттері Камила Аханова, Бақдәулет Тоқсанбаев және Алина Рыспаева өтті. Олар бірге оқиды, достық қарым-қатынаста. Оқу басталған кезде барған алғашқы үлкен жорық әлі күнге дейін естерінде: олар шамамен екі апта бойы тауда шатырда тұрып, табиғатпен тығыз байланыста болды. Сол кезде олар еркіндікті сезініп, бір-біріне қамқор болуды және бірге жұмыс істеуді үйренді. Сондықтан экотуризм жастар үшін жай ғана оқу пәні емес, өмірлік маңызы бар тәжірибеге айналды.

Камила бала кезінен тауға шығуды жақсы көреді. Экотуризм сабақтарында ол алғаш рет туризмнің басты мақсаты тек адамдарға жайлы жағдай жасау емес, табиғатқа да зиян келтірмеу екенін түсіне бастады.

«Маршруттар мен соқпақтардағы келушілер ағынын реттеу өте маңызды. Бұл табиғи аумақтарды сақтап қалуға мүмкіндік береді. Туризм орнықты дамуы тиіс, әйтпесе ұлттық парктер мен қорықтарға баратын ең басты байлығымыз- табиғатты жоғалтып алуымыз мүмкін»,-  дейді ол.
Person in navy polo shirt with hands in pockets in a sunlit park.

Камила бала кезінен тауға шығуды ұнатады, сондықтан экотуризм курсы оның оқу бағдарламасының бір бөлігі ғана емес, сонымен қатар хоббиіне маңызды қосымша болды.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ /Роман Либерчук

Бақдәулет туризмді география мен ағылшын тіліне қызығушылығы арқасында таңдаған. Ол болашақта гид-аудармашы болып, Алматыға келген қонақтарға тек әсем табиғатты ғана емес, саналы саяхат мәдениетін де таныстыруды мақсат етеді.

«Гид ретінде мен туристерге тек жақсы әсер сыйлап қана қоймай, олардың экологиялық мәдениет туралы түсінігін қалыптастыруға да ықпал ете алатынымды түсіндім. Адамдар табиғатты қорғауды, жергілікті қауымдастықтарға құрметпен қарауды демалыспен ұштастыруға болатынын ұғынуы маңызды»,- деп қайырды ол.
Young man in a white t-shirt and dark pants walks along a brick ledge under a blue sky.

Бақдәулет болашақ гид-аудармашы ретінде туристерге саналы саяхаттар туралы айтып беруді жоспарлап отыр.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ /Роман Либерчук

Болашаққа деген өз көзқарасымен Алина да бөлісті. Оның айтуынша, Қазақстанның экотуризмді дамытуда зор әлеуеті бар және бұл сала алдағы онжылдықта ел туризмінің басты бағытына айналуы мүмкін.

«Қазақстанда табиғат байлығы мен мәдени мұра жеткілікті. Болашақтағы туризм тек туристердің жайлылығы емес, сонымен қатар көміртек ізін азайту, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау болуы тиіс. Сондықтан мұндай пәндердің университетте оқытылуы өте маңызды»,- дейді ол.
Person in black clothing posing in front of a vibrant mosaic wall.

Алина турларды, оның ішінде ұлттық парктер мен қорықтар бойынша да ұйымдастырумен айналысуды көздеп отыр.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ /Роман Либерчук

Студенттердің айтуынша, олардың замандастарының көпшілігі әлі де экотуризмнің мәнін толық білмейді. Сондықтан бұл тақырыпты қарапайым әрі түсінікті тілде жиі көтеру қажет. Әсіресе жастар үшін әлеуметтік желілер арқылы жеткізу маңызды.

Жаңа оқу жылы тек студенттер үшін ғана емес, оларды дайындайтын оқытушылар үшін де жаңалықтарға толы болды. Экотуризмге арналған курс- ұлттық парктерде жасалған экспедициялар, көпжылдық ғылыми ізденістер мен БҰҰ Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) бірлескен ынтымақтастықтың жемісі.

Орнықты туризм зертханасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Александр Артемьев 2000 жылдан бері университетте еңбек етіп келеді. Ол бірнеше буын мамандарды тәрбиелеп шығарған.  Тәжірибелі ұстаз әрі Қазақстандағы экотуризм мен орнықты туризм саласындағы жетекші сарапшылардың бірі.

«Бұл курстың пайда болу идеясы- БҰҰ Даму бағдарламасының жобалары аясында ұйымдастырылған экспедициялардан кейін туындаған қисынды қадам. Біз елдегі ұлттық парктер мен қорықтардың басым бөлігін аралап, ондағы мәселелерді өз көзімізбен көрдік. Қорытынды жасап, халықаралық тәжірибені зерделедік. Сол білім мен тәжірибені студенттерге жеткізу қажеттігін түсіндік»,- дейді профессор Александр Артемьев.
Businessman in a blue suit and tie stands outside by a railing, with a colorful mural behind.
Photograph of a student at a computer desk in a classroom, with a teacher nearby.

Профессор Александр Артемьев – Қазақстандағы орнықты туризм саласының жетекші сарапшыларының бірі. Дәл осы профессор курстарды жасау бастамашыларының бірі болды.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ /Роман Либерчук

Артемьевтің айтуынша, туризмді экологиялық қауіпсіздіксіз дамыту мүмкін емес. Әсіресе табиғи аумақтарға келушілер санының өсуін ескерсек, жаңа тәсілдерді қолдану өзекті болып отыр. Бұған экосоқпақтарды дамыту, келушілерге квота енгізу, цифрлық логистика сияқты тетіктер жатады. Мұндай шаралар табиғатқа түсетін антропогендік жүктемені азайтуға көмектеседі.

География және табиғатты пайдалану факультетінің деканы Әлия Ақтымбаева да бұл пікірді қолдайды:

«Егер студент экотуризмнің негіздерін дұрыс меңгерсе, ол бұл білімді басқаларға да жеткізе алады. Бұл табиғаттағы жауапты мінез-құлықтың қалыптасуына ықпал етеді. Біз бұл бағытты одан әрі дамытуды жоспарлап отырмыз және экотуризмді Орталық Азияда ілгерілету үшін шетелдік университеттермен белсенді ынтымақтастық жүргізіп келеміз», -  дейді ол.
Office meeting: woman in black blazer across from blue-shirted colleague at a desk with plants.

Факультет деканы Алия Ақтымбаева: Экотуризмді дамыту жас мамандарды дайындаусыз мүмкін емес.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ /Роман Либерчук

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де экотуризм курсының әзірленуі мен енгізілуі- Қазақстанда биологиялық әртүрлілікті сақтау үшін қаржылық әрі институционалдық шешімдерді қалыптастыруға бағытталған БҰҰ Даму бағдарламасы (БИОФИН) Биологиялық әртүрлілікті қаржыландыру бастамасының кең ауқымды жұмысының бір бөлігі саналады.

2024 жылдың күзінде БҰҰДБ Биологиялық әртүрлілікті қаржыландыру бастамасымен (БИОФИН) университет арасында орнықты туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайту және білім беру бағдарламаларына заманауи тәжірибелерді енгізу туралы меморандумға қол қойылды. Ал 2025 жылғы маусымда елімізде СТ РК 2993 «Туристік қызметтер. Экологиялық туризм. Жалпы талаптар» атты ұлттық стандарт күшіне енді.

Бұл құжат экотуризм инфрақұрылымына, қауіпсіздік пен экологиялық тәжірибелерге, биоәртүрлілік пен экожүйелерді сақтауға, экологиялық ағарту жұмыстарына, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуге және энергия үнемдеу технологияларын қолдануға қойылатын нақты талаптарды белгілейді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – елде экотуризм бойынша оқу курсын алғаш енгізген университет.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ /Роман Либерчук

Экотуризм саласындағы ұлттық стандарттың қабылдануы- табиғатқа деген жауапты көзқарасты туризмнің барлық деңгейінде орнықтыруға мүмкіндік береді: университеттік білім беру бағдарламаларынан бастап ұлттық парктер мен туроператорлардың жұмысына дейін.

Бұл тәсіл халықаралық тәжірибеге толық сәйкес келеді. Мәселен, Аустралия, Ұлыбритания, Канада, Қытай және АҚШ университеттерінде экотуризм бойынша білім беру бағдарламалары бұрыннан бар және олар жас мамандарды дайындауға бағытталған. Бұл Қазақстанның да әлемдік үрдістермен бірге дамып келе жатқанын, сондай-ақ, халықаралық тәжірибені ұлттық ерекшеліктерге бейімдей алатын кадрларды даярлап жатқанын көрсетеді.

Group of students standing on outdoor steps with mountains and blue sky behind.
Tall beige high-rise with a glass canopy entrance, set among low buildings under a cloudy sky.

БҰҰДБ және БИОФИН бастамасы экотуризм курсын Қазақстандағы басқа университеттерге кеңейтуді жоспарлап отыр.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ /Роман Либерчук

Қазірдің өзінде экотуризм курсы онлайн форматқа аударылды. Енді оны тек университет студенттері ғана емес, кез келген адам- соның ішінде гидтер мен туроператорлар да оқи алады. Алдағы жылдары бұл пәнді Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарына кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр.

Алина, Бақдәулет және Камила үшін экотуризм туралы білім - болашақ кәсіби жолдарының берік іргетасы. Олар Қазақстанның әлемдік туристік картасында ғана емес, табиғатты аялаудың үлгісі ретінде де танылуын мақсат етеді. Үшеуі де студенттік жылдарының басында бірге барған алғашқы жорығын ерекше сағынышпен еске алады.

«Табиғат аясындағы демалыс жастар арасында барған сайын танымал болып келеді. Ең бастыс- осы үрдіспен бірге қоршаған ортаға деген жауапкершілік те қалыптасуы тиіс. Экотуризм курсы бізге дәл осыны үйретеді»,-  дейді студенттер.
Three people standing in a park, smiling, with trees in the background.
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ /Роман Либерчук