Жапония мен БҰҰДБ құрғақшылықты болжауға арналған жабдықты Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметіне тапсырды

2023 ж. 9 March
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Батыр Аубакиров

Астана, 2023 жылғы 09 наурыз – БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) Жапония Үкіметімен бірлесіп "Қазгидромет" РМК құрғақшылықты болжау мен алдын алудың ұлттық жүйесіне енгізілетін есептеу жабдығын ресми түрде тапсырды.

Жапония Үкіметінің қолдауымен іске асырылатын «Нөлдік шығарындыларға қол жеткізу және төтенше климаттық жағдайға жауап ретінде климаттың өзгеруіне тұрақты даму үшін ұлттық деңгейде айқындалатын салымдарды пайдалану» БҰҰДБ бірлескен жобасы шеңберінде «Қазгидромет» РМК әдістемелерін жасау, деректерді цифрландыру және есептеу қуатын арттыру бойынша жұмыстар жоспарланған. Жаңа жабдық қолданыстағыға қосымша болып табылады және өңірлік билік пен фермерлік шаруашылықтарды хабардар ету үшін құрғақшылықтың басталуы туралы болжамдарды жедел қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

Жабдықты ресми тапсыруға Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Досбол Бекмағамбетов, Қазақстан Республикасындағы Жапония Дипломатиялық миссиясы басшысының орынбасары Каната Томохиро мырза, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматов, «Қазгидромет» РМК бас директоры Данара Әлімбаева, БАҚ өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, халықаралық және ұлттық сарапшылар қатысты. 

«Қазақстанда митигациямен қатар климаттың өзгеруі сияқты инфрақұрылым мен экономиканы экстремалды ауа райы құбылыстарына дайындау үшін климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі жобалармен жұмыс істеу маңызды болып көрінеді. Қазақстандағы БҰҰДБ даму жөніндегі әріптестерімен бірге ел Үкіметіне тұрақты ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергия көздерін енгізу және энергия үнемдеу, табиғи капиталды сақтау және Қазақстанның климат саласындағы халықаралық міндеттемелерді орындауы үшін шараларды іске асыруда жүйелі қолдау көрсетуді жалғастырады», -
деп атап өтті Сухроб Ходжиматов.

«Қазгидромет» РМК Бас директоры Данара Әлімбаеваның айтуынша, ауыл шаруашылығы экономиканың климатқа тәуелді саласы болып табылады, сондықтан климаттың өзгеруі мен экономикалық тұрақсыздық жағдайында өңірдің ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына агрометеорологиялық қызмет көрсету ерекше назар аударуға лайық.

«Соңғы жылдары фермерлер мен уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсынылатын өнімдердің тізбесін кеңейту мақсатында «Қазгидромет» РМК-да агрометеорологиялық болжамдаудың жаңа модельдері енгізілуде және болжамдаудың, оның ішінде әртараптандыру дақылдары мен құрғақшылықты болжау үшін пайдаланылатын әдістер жетілдірілуде, бас кеңседегі жабдықтардан басқа, біз мобильдік қолданбаларды енгіземіз, алынған деректерді нақтылау үшін маршруттар бойынша жоспарлы сапарларды жүзеге асырамыз», -
деді Данара Әлімбаева.
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Батыр Аубакиров
«Бұл жоба Қазақстандағы климаттық өзгерістерді азайтуға және тұрақты ауыл шаруашылығына қолдау көрсетеді және Жапония үкіметі осы жобаға инвестиция салуда, өйткені Жапония да климаттың өзгеруін азайтуға үлкен мән береді. Бұл жоба климаттың өзгеруінің Қазақстанға тигізетін кері әсерін азайтуға көмектеседі деп сенеміз», -
деп атап өтті Каната Томохиро.

Жапония Үкіметі БҰҰДБ-ның «Климаттық уәде: уәдеден әрекетке» жаһандық бастамасын іске асырудағы ең ірі серіктесі болды. Бұл бастама БҰҰДБ-ның климат және даму саласындағы елдерді Париж келісімі бойынша ұлттық міндеттемелерін орындауда қолдау жөніндегі жаһандық ұсынысы болып табылады. 

Қазақстанда осы бастама шеңберінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне климаттық күн тәртібін ілгерілетуде, парниктік газдар шығарындыларын түгендеудің ұлттық жүйесі үшін құқықтық база құруда; сарапшылар үшін, оның ішінде коммерциялық кәсіпорындардан парниктік газдар шығарындыларын түгендеу бойынша тренингтер өткізуде; Ұлттық деңгейде айқындалатын үлестер компоненттерін бейімдеуге байланысты іске асыру үшін жол картасын әзірлеуде және митигация және климаттың өзгеруіне бейімделу мәселелері бойынша ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізуде қолдау көрсетіледі.