Тұрақты даму мақсаттарына жету мүдделеріндегі әріптестік

2020 ж. 15 January

 

 

 

14 қаңтарда БҰҰДБ Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігімен, Азия даму банкімен, Экономикалық зерттеулер институтымен және Статистика комитетімен бірлесіп, 2019 жылы Қазақстанда Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) жүзеге асыру нәтижелерін талқылау үшін сарапшылардың бірінші мәжілісін өткізді. Кездесуге үкіметтік емес ұйымдардың, сарапшылар қауымдастығының, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

БҰҰДБ Тұрақты өкілі Якуп Бериш мырза 2030 Күн тәртібін табысты жүзеге асыру және ТДМ-ға жету үшін ұлттандырылған мақсаттық көрсеткіштерді ұлттық стратегиялар мен жоспарларға енгізу аса маңызды екенін атап өтті.

2019 жылы түрлі аймақтарда ұйымдастырылған 17 семинардың арқасында жергілікті ТДМ тұғырнамасы үшін берік негіз қаланды. Нәтижелер жақсы денсаулық, сапалы білім беру, лайықты еңбек пен экономикалық өсу Қазақстанның азаматтары үшін ең маңызды ТДМ болып табылатынын көрсетеді.

2020 жылы қаржы мен ТДМ көрсеткіштері бойынша сараптамалық білімді ұсыну және аумақтық даму жоспарларына ТДМ-ды енгізу арқылы жергілікті халықтың қатысуына ықпал жасау жоспарланып отыр.

ТДМ тұғырнамасы Қазақстанның 17 облысындағы әртүрлі мүдделі тараптарды – мемлекеттік құрылымдардың, азаматтық қоғамның, БҰҰ агенттіктерінің және халықаралық ұйымдардың өкілдерін белсенді түрде тартады.