Тұрақты егіншілікке апарар жол: жаңа қаржы құралдары Қазақстанның топырағын жаңартуға көмектесуде

2025 ж. 23 December
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

Жердің тозуы — Қазақстанның басты экологиялық проблемаларының бірі: ол өнімділікті төмендетеді, экожүйелердің жай-күйін нашарлатады және биоалуантүрлілікке қауіп төндіреді. БҰҰ мәліметтері бойынша, қазірдің өзінде планета жер қабатының шамамен 40 пайызы тозған және оның салдарынан бүкіл әлемде үш миллиард адам зардап шегеді. Қазақстанда ауыл шаруашылығында пайдаланылатын топырақтың шамамен 75 пайызы шөлейттену, тұздану, эрозия, оны ұзақ уақыт пайдалану нәтижесінде жердің тозуы және т.б. сияқты әртүрлі деградацияға ұшырайды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жерді зерттеу жұмыстарын жүргізудің мемлекеттік институтының мәліметтері бойынша топырақтың ықтимал құнарлылығы 17 пайызға төмендеген, бұл дақылдардың өнімділігінің әлсіреуіне әкелді.

Мәселе мынадай көрсеткіштермен расталады: Қазақстанның солтүстік өңірлерінде ауыл шаруашылығы нашар әртараптандырылған, яғни алаңдардың көпшілігі бидаймен қамтылған (75-тен 87 пайызға дейін). Салыстыру үшін, мәдениеттердің алуантүрлілік индексі Ақмола облысында небәрі 0,37 Қостанай облысында  0,5 және Солтүстік Қазақстан облысында 0,62 құрайды. Сонымен қатар, дәл осы Солтүстік Қазақстан облысы дәнді-бұршақты дақылдар сияқты басқа да дақылдарды өсіру әлеуетін танытуда.

Ауыл шаруашылығының тұрақты тәжірибесіне көшу және экожүйелерді қалпына келтіру үшін фермерлерге жасыл тәжірибелерді енгізуге және жерді күтіп пайдалануға көмектесетін қаржылық қолдау шаралары қажет.

Осындай шешімдердің бірі «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен бірлесіп, Жаһандық экологиялық қордың қаржылық қолдауымен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен серіктестікте әзірленген БҰҰДБ инновациялық агроэкологиялық қаржы құралдары болды.

Colorful infographic about sustainable farming with crops, icons, people, and a FOLUR logo.

 

БҰҰДБ тәсілінің негізі - қолдау шаралары экологиялық өзгерістердің катализаторы бола алады деген идея. Ұзақ мерзімді форвардтық келісімшарттар, тауарлық несиелеу және ғылыми сүйемелдеу өзара тиімділіктің ашық жүйесін құруға мүмкіндік береді: фермерлер тұрақты өткізу нарығын алады, мемлекет азық - түлік қауіпсіздігін арттырады, ал табиғат топырақ құнарлылығын қалпына келтіреді және биоалуантүрлілікті сақтайды.

Бірінші қаржы құралы — бұршақ дақылдарын (жасымық, ноқат, асбұршақ, үрмебұршақ) ұзақ мерзімді форвардтық сатып алу. Оның көмегімен фермерлер өнімді кепілдендірілген сатумен үш жылдық келісімшарттар жасай алады.

Шарттардың бірі - ғылыми негізделген ауыспалы егістерді, минималды өңдеуді және экологиялық таза егіншілік әдістерін сақтау міндеттемесі. БҰҰДБ сарапшыларының айтуынша, бұл механизм нарықтық тұрақтылықты табиғатты қорғау мақсаттарымен біріктіреді және агросекторды әртараптандыруға, дара дақыл егісіне тәуелділікті азайтуға және топырақ ресурстарына қысымды төмендетуге негіз болады.

Екінші құрал - көпжылдық шөптерді өсіруге арналған тауарлық несие. Фермерлер болашақ егінге тұқым алады және несиені өндірілген өнімнің бір бөлігімен қайтарады. Мұндай модель азық өндірісін дамытуға, тозған жерлерді қалпына келтіруге және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді. Болашақта бұл схема мал шаруашылығын қолдау үшін азықтың резервтік қорын құруға және агрожүйелердің климаттық күйзелістер мен төтенше жағдайларға төзімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Алғашқы пилоттық жобалар Солтүстік Қазақстанның үш өңірінде іске асырылып, онда фермерлік шаруашылықтар жаңа құралдарды тестілеуге өз еркімен қатысатын болады. Ұзақ мерзімді форвард тетігі бойынша шамамен 9.000 гектар алқапта ауыл шаруашылығы өндірушілерімен тоғыз мәміле жасау жоспарлануда. Ал тауарлық несие құралы бойынша – көпжылдық шөптер үшін шамамен 2.000 гектар аумақта онға жуық мәміле.

Пилоттық жобаның әрбір қатысушысын ауылшаруашылық жерлерін басқарудың жекелендірілген жоспарларын, сондай-ақ алынған нәтижелерді бақылау және бағалау жоспарларын жасауға көмектесетін ғылыми ұйымдар қоса сүйемелдейді. Мұндай жүйе қаржылық тұрақтылықты ғана емес, сонымен қатар экологиялық әсерді, яғни топырақ құрылымын жақсартудан бастап СО2 шығарындыларын азайтуға дейін объективті бағалауды қамтамасыз етеді.

Пилоттық жобамен қатар халықаралық нарықтарға шығу мақсатында басым дақылдардың - дәнді-бұршақты және жемшөп дақылдарының экспорттық әлеуетін бағалау бойынша талдамалық жұмыс жүргізілуде. Бұл болашақта тұрақтылық сапаның жаңа стандартына айналатын «жасыл» өндірістік-өткізу тізбектерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Пилоттық іске қосу — бұл жүйенің өзгеруіне бағытталған алғашқы қадам. Сәтті сынақтан өткізген жағдайда модельдер Қазақстанның басқа өңірлерін де қамтитын болады, ал алынған тәжірибе агроөнеркәсіптік кешенді қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына интеграциялауға ұсынылатын болады.

__________________________________________________________

* FOLUR жобасы БҰҰДБ Жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ) қолдауымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен серіктестікте іске асырылады.