Қазақстандағы БҰҰДБ биоалуантүрліліктің жай күйі туралы Жетінші ұлттық баяндаманы дайындау бойынша консультациялар өткізді

2025 ж. 11 December
Group of professionals posing for a conference photo in a meeting room with blue banners.
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/ Айнура Салимбаева

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) биологиялық алуан түрлілік жөніндегі Жетінші ұлттық баяндаманы (7ҰБ) дайындау барысын талқылау үшін мемлекеттік органдардың, ғылыми мекемелердің, үкіметтік емес ұйымдардың және басқа да мүдделі тараптардың өкілдерімен консультациялық кездесулер өткізді. 

Қатысушылар табиғи экожүйелерді сақтау жөніндегі ұлттық және жаһандық міндеттерді іске асырудағы прогрессті, Қазақстанның жетістіктері мен қазіргі сын-қатерлерді талқылады. Сонымен қатар, табиғатты қорғау шараларын күшейту, саясат пен мониторинг жүйелерін жетілдіру, сондай-ақ ұлттық деңгейде биоалуантүрлілік жөніндегі жаһандық негіздемелік бағдарламаны (GBF) одан әрі іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеуге назар аударылды.

Man in suit at podium on stage, UNDP backdrop and colorful SDG tiles.
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/ Мадина Какимжанова

Жетінші ұлттық баяндаманы дайындау биологиялық алуантүрлілік туралы конвенция бойынша Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін орындаудың негізгі элементі болып табылады. Құжат сирек кездесетін түрлерді сақтауда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейтуде және табиғатты пайдаланудың тұрақты тәсілдерін дамытуда соңғы жылдары қол жеткізілген прогресспен қатар осы саладағы тәуекелдерді де көрсетеді. Ұлттық баяндаманы дайындау процесі барынша ашық, келісілген және инклюзивті болуы өте маңызды.

Photo: Woman speaking into a microphone on stage with a UN backdrop and colorful SDG tiles.
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/ Мадина Какимжанова

Кездесу барысында негізгі индикаторлар анықталып, прогресстің негізгі тұстары тіркелді, сондай-ақ деректерді валидациялауға және мониторинг жүйелерін дамытуға дайындық расталды. Талқылау барысында айтылған ұсынымдар мен ұсыныстар Жетінші ұлттық баяндаманың соңғы нұсқасына енгізілетін болады. 

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/ Айнура Салимбаева, Мадина Какимжанова

Халықаралық міндеттемелерге сәйкес қатысушы елдер төрт жылда бір рет табиғатты қорғау саясатын іске асыру барысы туралы Ұлттық баяндамалар ұсынады. Қазақстан Республикасы 2026 жылдың ақпан айында Биоалуантүрлілік жөніндегі конвенцияның Хатшылығына ресми баяндамасын ұсынады. Бұл баяндама Қазақстанның экожүйелер мен түрлерді сақтау жөніндегі халықаралық күш-жігерге қосқан маңызды үлесі болады.