Ауғанстаннан келген студенттер қазақстандық жоғары оқу орындарының магистратура бағдарламалары бойынша оқуын аяқтады
2023 ж. 17 August
17 тамызда Ауғанстаннан келген 27 студент екі қазақстандық университеттен — Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) мен Халықаралық білім беру корпорациясынан (ХББК) магистр дәрежесін алып шықты. Бұл студенттер — Ауғанстан әйелдерінің құқықтары мен мүмкіндіктерін Орталық Азия университеттерінде оқу мүмкіндігін беру арқылы кеңейтуге бағытталған, ЕО қаржыландыратын трансшекаралық бастаманың қатысушылары.
Оқу бағдарламасы қамтыған Алматы Менеджмент Университетінің (AlmaU) тіл курстары барысында студенттер ағылшын тілін оқып, академиялық бағдарламалар бойынша оқуға дайындалды. Маркетинг және инженерия/сәулет өнері салалары бойынша оқу бағдарламаларын ҚБТУ мен ХББК бірлесіп әзірледі. Студенттерге коммуникативтік дағдыларды дамытуға және жергілікті мәдениетке бейімделуге көмектесу үшін бағдарламаға қысқы және жазғы "мектептер", мәдени іс-шаралар сияқты сыныптан тыс жұмыстар да енгізілген болатын.
«Берген біліміміз сұранысқа ие болады деп сенемін. Ауғанстаннан келген студенттеріміз болашақта ҚБТУ-дың үздік түлектерінің бірі болады деп үміттенеміз», - деді ҚБТУ ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Дидар Батырышев.
Алматы маңындағы Аюсай визит орталығында өткен салтанатты рәсім барысында түлектер өздерінің академиялық жолын еске алып, жетістіктерін атап өтті.
«Барлық студенттерге жарқын болашақ тілеймін. Еліміздегі жағдай қиын болғандықтан, мұнда келуіміз бізге білім алып, тәуелсіздікке қол жеткізуге мүмкіндік берді", - деді Ауғанстаннан келген бағдарлама түлектерінің бірі Медина.
Ауғанстаннан келген әйел адамдардың экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту жобасы 2019 жылы іске қосылды. Бірінші кезеңде оқуға 50 әйел адам түсті. 2021 жылы жоба Еуропалық Одақтың қосымша қаржыландыруына ие болғандықтан, оның ауқымы кеңейіп (Қырғыз Республикасында оқу мүмкіндігі пайда болды), тағы 105 қатысушыға білім гранты берілді.
Еуропалық Одақтың қаржыландыруы мен БҰҰДБ жұмысының арқасында 2027 жылға дейін Ауғанстаннан келген 155 әйел осы мүмкіндікті пайдаланып, Орталық Азия елдерінде жоғары білім ала алады.
Бұл жарияланымды Еуропалық Одақ қаржыландырды. Оның мазмұнына тек БҰҰДБ жауапты және ол міндетті түрде Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді.