Әдеп жөніндегі уәкілдер мемлекеттік секторда этикалық орта құру бойынша тренингке қатысып жатыр
Жұмыс орнындағы құрмет, сенім және қауіпсіздік
2025 ж. 26 June
Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп және Астана мемлекеттік қызмет хабының қолдауымен «Мемлекеттік қызметтегі этикалық және қауіпсіз орта» тақырыбында тренерлер үшін екі күндік тренинг өткізіп жатыр.
Халықаралық әдіс-тәсілдерге негізделген және Қазақстан жағдайына бейімделген тренингке орталық мемлекеттік органдардың 30-дан астам әдеп жөніндегі уәкілі қатысады.
«Қауіпсіз және этикалық орта – тиімді мемлекеттік қызметті қалыптастырудың қажетті шарты және әрбір мемлекеттік қызметшінің әлеуетін ашуға мүмкіндік береді», –деді Астана мемлекеттік қызмет хабының Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменов.
Құрмет, әділдік және кәсіби жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру Қазақстанның мемлекеттік қызметін дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында Қазақстанның мемлекеттік қызметін дамытудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Бұл ретте қызметтік әдеп нормаларының сақталуына және мемлекеттік қызмет саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға жауапты әдеп жөніндегі уәкілдерге ерекше рөл беріледі.
Тренинг барысында жұмыс орнында орынсыз мінез-құлықты, соның ішінде алымсақтықты, қызметті асыра пайдалануды және іскерлік қарым-қатынас шекараларын бұзуды болдырмауға және тиісті шара қолдануға бағытталған.
«Инклюзивтілік, қауіпсіздік және этика азаматтардың мемлекетке сенімінің негізі болып табылады. Әдеп жөніндегі уәкілдерді қолдау арқылы біз бүкіл мемлекеттік басқару жүйесінің орнықтылығын нығайтамыз», —деп атап өтті Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілінің м.а. Сухроб Ходжиматов.
Айтпақшы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек кодексіне ұғымдарды, шағым беру тәртібін және жұмыс берушілердің алымсақтықты болдырмау жөніндегі міндеттерін енгізуді қарастыратын түзетулерді әзірлеуге бастамашы болды. Ал 2022 жылы Мәдениет және ақпарат министрлігі жұмыс орнындағы алымсақтықтан қорғау жөніндегі ішкі саясатын бекіткен алғашқы мемлекеттік орган атанды.
БҰҰДБ әрбір қызметкер өзінің құрметке бөленетінін және қорғалатынын сезінетін инклюзивті, қауіпсіз және әділ жұмыс ортасын құру бойынша Қазақстанның жүргізіп жатқан жұмысын қолдауды жалғастыра береді.