Мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне ТДМ мен гендерлік аспектілерге баса назар аудара отырып, бюджетті жоспарлауды үйретті

2021 ж. 5 July

 

2021 жылдың 30 маусымында Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Даму бағдарламасы (бұдан әрі-БҰҰДБ) ТДМ жөніндегі Үйлестіру кеңесінің хатшылығы – «Экономикалық зерттеу институты» АҚ-мен бірлесіп, Стамбулдағы БҰҰДБ Өңірлік хабы сарапшыларының қолдауымен «Қазақстанда ТДМ-ды нығайту және ТДМ-ды гендерлік бағдарланған бюджеттеу тәсілдері» тақырыбында онлайн-семинарды ұйымдастырды.

Семинар Қазақстанда Қаржыландырудың кешенді ұлттық тетігін (ҚКҰТ) құру мақсатында саясат шаралары мен қаржыландыру жүйесін Тұрақты даму мақсаттарымен келістіру жөніндегі Бірлескен бағдарлама шеңберінде ұйымдастырылды және ТДМ-ды ескере отырып, бюджетті құру тәсілдерінде салалық министрліктер мен басқа да мүдделі тараптар өкілдерінің әлеуетін нығайтуға бағытталған.

Семинардың басты мақсаты бес негізгі сұраққа – «Неге? Кім? Не? Қашан? және Қалай?» сұрақтарына – баса назар аудара отырып, ұлттық бюджеттерді ТДМ-ға сәйкес келтіру жөніндегі БҰҰДБ-ның Басқару қағидаттарын талқылау болды. Осы маңызды сұрақтарға жауаптар елдің мәнмәтініне қолданылуы мүмкін ең жақсы тәсілдер туралы Үкіметті хабардар етуге көмектеседі және ТДМ бюджетін жасаудың одан арғы кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Семинарға Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қаржы министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі және басқа да негізгі министрліктер сияқты бюджеттік және стратегиялық жоспарлауға тартылған мемлекеттік органдардың практик-мамандары қатысты.

Семинар екі негізгі сессиядан тұрды. Бірінші сессия барысында БҰҰДБ басшылығына ұлттық бюджеттерді ТДМ-ға сәйкес келтіру және Мексикада қолданылатын ТДМ бюджетін құру тәсіліне басты назар аударылды. Мұндай тәсіл мемлекеттік шығыстарды ТДМ міндеттерімен және қосымша міндеттерімен автоматты түрде ұштастырады.

Екінші сессия Қазақстанда ТДМ бюджетін құрудың неғұрлым оңтайлы тәсілін модельдеуді талқылауға және оған басты орталық мемлекеттік органдарды тартуға бағытталған, ол оны іске асыру үшін тиісті жол картасын әзірлеуге көмектесуі тиіс.

БҰҰДБ сарапшылары мен салалық министрліктердің өкілдері Мексиканың тәсілін бейімдеуді қоса алғанда, ТДМ-ды бюджет құру процесіне интеграциялау Қазақстандағы бюджет процесіне ТДМ-ды интеграциялау бойынша ықтимал нұсқаларды неғұрлым терең түсіну үшін қосымша консультациялар мен тұрақты әдіснамалық қолдауды талап ететіндігімен келісті.