Еуропа және ТМД елдеріне арналған БҰҰДБ Өңірлік бюросының директоры Қазақстанға келді

2023 ж. 9 June
Фото: Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі

Еуропа және ТМД елдеріне арналған БҰҰ Даму бағдарламасының Өңірлік бюросының директоры Ивана Живкович 8‑9 маусымда Астана Халықаралық Форумына қатысу үшін Қазақстанға келді.

Сапардың негізгі мезеті Ивана Живковичтің БҰҰ делегациясы құрамында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі болды. Кездесуге қатысушылар Қазақстан мен БҰҰ агенттіктері, оның ішінде БҰҰДБ арасындағы көпқырлы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылап, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Президент Тоқаев дипломаттарға Астана халықаралық форумына белсенді қатысқандары үшін ризашылығын білдіріп, олардың БҰҰ қызметінің призмасы арқылы жасалған ұсыныстары осы маңызды диалог алаңының мазмұнына үлес қосқанын атап өтті. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның осы әмбебап ұйымның рөлін нығайту мақсатында БҰҰ-мен күш-жігерді біріктіруге бейілділігін растады.

Фото: Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдерімен кездесулер барысында Ивана Живкович БҰҰДБ-ның ұлттық басымдықтар мен реформаларды қолдау мүмкіндіктерін кеңейткен БҰҰДБ елдік бағдарламасын қаржыландыру тәсілдемесін өзгертудің маңыздылығын атап өтті. Өңірлік директор Елдік бағдарламаны қолдау мақсатында БҰҰДБ мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі 2022 жылғы желтоқсанда қол қойған келісімнің әріптестіктің маңызды кезеңіне айналғанына ерекше көңіл аударды.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Батыр Әубәкіров

Кездесулерде БҰҰДБ-ның Қазақстанда болуының 30 жылдығының қорытындылары, сондай-ақ әлеуметтік осалдық пен теңсіздікті шешуге, климаттық тұрақтылыққа, төмен көміртекті дамуға, тиімді және есепті институттарға, әртараптандырылған экономикалық өсуге бағытталған жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Батыр Әубәкіров

Кездесулер барысында тараптар өңірлерді дамыту, соның ішінде моноқалаларды, инфрақұрылымды, адами капиталды дамыту және өңірлік диспропорцияны азайту бойынша бірлескен жобаларды іске асыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруға келісті. Өңірлерді дамытудың алғашқы бірлескен жобалары 2023 жылдың екінші жартысында жаңа аудандарда іске қосылады деп күтілуде.

Сапар барысындағы соңғы кездесу Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Терхи Хакаламен өтті. Ивана Живкович әңгімелесу барысында Орталық Азиядағы Еуропалық Одақ пен БҰҰДБ ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтіп, оны су, энергетика, азық-түлік және климат, сондай-ақ цифрландыру және ТДМ-ды қаржыландыру мәселелеріне қатысты кеңейту мүмкіндігі туралы мәлімдеді.

Астана Халықаралық Форумының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Тұрақты даму саласындағы күн тәртібіне арналған сессиясында қатысу барысында Живкович БҰҰДБ ешкімді артта қалдырмайтын тұрақты болашаққа қол жеткізу үшін көп жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

«2023 жыл тұрақты дамудың 2030 күн тәртібін іске асырудың жарты жолын белгіледі. Жаһандық пандемия, қарулы қақтығыстар және климаттың өзгеруіне байланысты табиғи апаттар тұрақты даму мақсаттарына жетуді тежеді және соңғы онжылдықта алғаш рет адамзат дамуын кері қайтарды. БҰҰ-ның басқа агенттіктерімен бірге, БҰҰДБ әлемді кедейлікті жою, адам құқықтарын қорғау және адамның тіршілігі тәуелді болатын экожүйелерді сақтауға бағытталған жолға қайтаруға ұмтылады», -
деді Ивана Живкович.
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Батыр Әубәкіров

Ивана Живковичтің Қазақстанға сапары БҰҰДБ мен ел Үкіметі арасындағы берік әріптестікті растап, барлық адамдардың мүдделеріндегі орнықты, әділ әрі гүлденген болашақты құру жөніндегі өзара міндеттемелердің ортақ мақсатына жаңа көрініс берді.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Батыр Әубәкіров