БҰҰДБ қолдауымен 100-ден астам ауыл тұрғындары агротуризм дағдыларын үйренді

2022 ж. 2 December
It is a picture of shanyraq. The shanyraq is the circular opening at the top of the yurt, the traditional portable home of pastoral nomadic peoples inhabiting Inner Eurasia.
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

2 желтоқсан, 2022ж., Астана – Қазақстан агро және ауыл туризм қауымдастығы (ҚААТҚ) БҰҰ Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) қолдауымен ағымдағы жылы Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында мобильді оқыту семинарларын ұйымдастырды. Семинарларға барлығы 100-ден астам фермер қатысты.

Семинарлардың мақсаты – ауыл тұрғындарын агротуризм дағдыларына үйрету, осылайша аймақтың туристік әлеуетін арттыру және климаттың өзгеруі жағдайында фермерлердің қосымша табысына жәрдемдесу.

Қоршаған ортаның өзгеруінің үдемелі процестері, климаттың өзгергіштігінің өсуі және ауа райының төтенше жағдайларының жиілігінің артуы ауыл шаруашылығының өнімділігіне әсер етеді және агроөнеркәсіптік кешенге жүктемені күшейтеді. Шағын өндірушілер климаттың өзгеруінің әсеріне әсіресе осал. Мәселен, БҰҰДБ зерттеуіне сәйкес, Қазақстандағы климаттың өзгеруіне байланысты 2050 жылға қарай бидай өнімділігінің жоғалуы 20-49%-ды құрайды, ал жайылымдардың мал сыйымдылығының төмендеуі 15,2%-ға жетеді.

«Тұрақты ауыл шаруашылығына көшу климаттың өзгеруіне бейімделу және оның салдарын азайту шараларын қабылдаудың ілеспе әсерін күшейтуі мүмкін. Атап айтқанда, агротуризмді дамыту туристік қызметтен ағындарды ауылдарға бағыттауға, жаңа бизнесті дамыту және жұмыс орындарын құру үшін қолайлы орта құру мақсатында ауыл тұрғындарын жаңа дағдыларға үйретуге мүмкіндік береді, осылайша ауыл тұрғындарының климаттың өзгеруіне осалдығын азайтады», -
деді Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының Тұрақты өкілінің м.а. Сухроб Ходжиматов.

Айта кетейік, Ақмола облысы Бурабай ауданы Ақылбай және Қатаркөл ауылдарына БАҚ өкілдері, блогерлер мен туристік операторлар үшін фермерлерді оқыту нәтижелерімен көпшілікті таныстыру мақсатында ақпараттық тур ұйымдастырылды. Тур аясында қатысушылар ірімшік зауытына, форель шаруашылығына, қонақ үйге және агрокешенге барды.

«Агротуризм табиғи, тарихи көрікті жерлер, дәстүрлер, тұрмыс, гастрономия, қолөнер және шығармашылық арқылы ауылдық аумақтардың әлеуетін ашуға мүмкіндік береді. Жақын болашақта осы турларға қала тұрғындары көбірек көңіл бөледі деп күтілуде. Біздің міндетіміз – ауыл тұрғындарын осы салада дұрыс ұйымдастыруға және көзқарасқа дайындау, бұл өз кезегінде олар үшін қосымша табыс көзі және ауылдық аумақтарды дамыту болып табылады», -
деп атап өтті ҚААТҚ Президенті Халида Төлегенова.