БҰҰДБ-ның Еуропа және ТМД бойынша өңірлік бюросының директоры Мирьяна Сполярич Эггер Қазақстанға келді

2021 жылғы 12-14 қазан, Нұр-Сұлтан қаласы

2021 ж. 15 October

Photo: UNDP Kazakhstan

2021 жылғы 12-14 қазанда БҰҰДБ-ның Еуропа және ТМД бойынша өңірлік бюросының директоры Мирьяна Сполярич Эггер ханым Қазақстанға сапары барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен 2060 жылға қарай Қазақстанның  көміртекті бейтараптығына қол жеткізуге арналған жоғары деңгейдегі конференцияға қатысты, сондай-ақ БҰҰДБ негізгі серіктестерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Бұл сапардың мақсаты – БҰҰДБ мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестікті дамытуға және кеңейтуге жәрдемдесу. Теңсіздікті жою, білімге негізделген экономикалық өсуді ынталандыру, климаттың өзгеруіне төзімділікті арттыру, табиғи ресурстар есебінен төмен көміртекті даму және тиімді институттар құру – бұл БҰҰДБ-ның Қазақстандағы жұмысының негізгі бағыттары.

13 қазанда Сполярич Эггер ханым Париж келісіміне сәйкес міндеттемелерді орындау бойынша Қазақстанның мақсаттарына және 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізуге арналған жоғары деңгейдегі іс-шараға қатысты. Іс-шараға мемлекеттік мекемелердің жоғары лауазымды өкілдері, ірі өнеркәсіптік компаниялардың, қаржы институттарының жоғары басшылығы, даму бойынша серіктестер және БАҚ қатысты. Іс-шара жұртшылықтың назарын көміртекті-бейтарап қоғамға көшу арқылы ұсынылатын экономикалық және әлеуметтік мүмкіндіктерге аудару үшін алаң болды. Конференцияда сондай-ақ төмен көміртекті даму және климаттың өзгеруіне төзімділікті дамыту үшін қажетті инфрақұрылым мен өнеркәсіп секторларындағы декарбонизация және қайта құру саясатының қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Photo: UNDP Kazakhstan

Өзінің құттықтау сөзінде Мирьяна Сполярич Эггер ханым «қазбалы отыннан бас тартудың және осы қаражатты адамдарға да, планетаға да инвестициялаудың маңызды қадамы ретінде  көмірсутекті отынға арналған субсидияларды тоқтатуға шақырды».

Photo: UNDP Kazakhstan

Сполярич Эггер ханым шешім қабылдауға жауапты елдің жоғары деңгейдегі басшыларымен бірнеше екіжақты кездесулер өткізді. Сенат төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров мырзамен кездесу барысында  2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы күн тәртібіне және оны Қазақстанда іске асырудағы табыстарға ерекше назар аударылды.

«Қазақстанда ұлттық бағдарламалардың негізгі параметрлері БҰҰ-дың Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) сәйкестендірілді. Қазіргі уақытта олар елдің стратегиялық құжаттарына 80%-ға интеграцияланған. 2022 жылы Тұрақты даму жөніндегі жоғары деңгейдегі саяси форумның сессиясында Қазақстан осы салада қол жеткізілген прогреске өзінің екінші Ерікті ұлттық шолуын ұсынады. Қазақстан Парламенті ТДМ-ды ұлттық деңгейде іске асыруда басты рөл атқарады», - деді Асқар Шәкіров.

Тараптар сондай-ақ Қазақстандық халықаралық даму агенттігімен, дамуға ресми көмек саласындағы уәкілетті органмен ынтымақтастықты талқылады. 2011 жылдан бастап БҰҰДБ Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің жұмысын ұйымдастыруда сараптамалық қолдау көрсетіп келеді, бұл ҚР СІМ-мен және Ауғанстанды, сондай-ақ Орталық Азия мен Африка елдерін қолдау бойынша басқа да донорлармен бірлескен нақты бастамаларды қамтиды. Сполярич Эггер ханым Қазақстанның соңғы үш онжылдықта қол жеткізген, алушы елден донор елге ауысуына мүмкіндік берген елеулі прогресін атап өтті.

Photo: UNDP Kazakhstan

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры Дариға Назарбаевамен кездесу барысында тараптар гендерлік мәселелер, оның ішінде гендерлік квоталар және гендерлік зорлық-зомбылық мәселелері бойынша мағыналы диалог өткізді. Сполярич Эггер ханым Назарбаева ханымды Орталық Азия елдерінің өкілдері болып табылатын көшбасшы әйелдер тобының өңірдегі әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді одан әрі ілгерілету жөніндегі қызметі туралы хабардар етті. Кездесуде сондай-ақ «жасыл» экономикаға көшу, ауылдық аумақтарды дамыту және олардың болашақ дағдылары мен өңірлік өсу мәселелері қозғалды.

Photo: UNDP Kazakhstan

Сполярич Эггер ханымның сапарының маңызды бөлігі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Тимур Сүлейменовпен кездесу болды. Кездесу барысында Сполярич Эггер ханым БҰҰДБ Қазақстанның трансформацияның барлық негізгі үдерістерінде – экологиялық бағдарланған өсу, әлеуметтік даму, кешенді цифрландыру және басқару реформаларының келесі кезеңдерінде дамуға ұмтылысын қолдауға дайындығын растады.

Photo: UNDP Kazakhstan

Қазақстан Үкіметі мен БҰҰДБ арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановпен кездесуде талқыланды. Кездесу барысында Тоғжанов мырза ынтымақтастықтың әлеуметтік бағытының, оның ішінде денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау саласындағы бағытының маңыздылығын атап өтті. Пандемия кезінде жалғасып жатқан бірлескен жұмысқа ерекше назар аударылды. COVID-19 пандемиясы кезеңінде БҰҰДБ Азия даму банкімен ынтымақтаса отырып және оның қаржыландыруымен, бүкіл ел бойынша Қазақстандағы халықтың неғұрлым қорғалмаған топтарына 190 000 медициналық жиынтықты жеткізуге көмектесті. СІМ-нің гуманитарлық көмек туралы сұрауына жауап ретінде БҰҰДБ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығына қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен жабдықталған  В класты 5 жедел жәрдем машинасын берді.

Photo: UNDP Kazakhstan

Сполярич Эггер ханым Қазақстан Республикасының Үкіметімен берік әріптестік қарым-қатынастарды атап өтті. Ол Әлеуметтік кодекс жобасын әзірлеу бойынша ағымдағы жұмысты, Қазақстанның цифрлық трансформация, қоршаған ортаны қорғау және «жасыл» экономикаға ұмтылу саласындағы күш-жігерін жоғары бағалады.

Photo: UNDP Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова ханыммен кездесу барысында Өңірлік директор мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет реформаларын қолдау БҰҰДБ-ның 2021-2025 жылдарға арналған елдік бағдарламасының негізін құрайтынын атап өтті. Ол сондай-ақ БҰҰДБ Қазақстандағы мемлекеттік мекемелерді жаңғырту жолында ЭЫДҰ стандарттарымен қатар одан әрі қолдау көрсетуге дайын екенін қосты.