Қазақстан

Тиімді басқару

Effective governance

Тиімді басқару

Тұрақты даму мақсаттарын басшылыққа ала отырып, БҰҰДБ Қазақстанға «Қазақстан-2050» Стратегиясында, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында және басқа да басты стратегиялары мен жоспарларында бекітілген ұлттық басымдықтарды іске асыруда қолдау көрсетеді. Бұл басымдықтар экономикалық өсудің және еңбек өнімділігін арттырудың жаңа моделін іздеуді, іскерлік ортаны жақсартуды және секторлар бойынша жаңа технологияларды масштабтауды, басты мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен бюджеттердің институционалдық өнімділігі мен тиімділігін арттыруды, құқық қорғау және сот жүйелерін жаңғыртуды, білім беру және денсаулық сақтау сапасын арттыруды және әсіресе шалғай аудандарда аймақтық экономикалық дамуды қолдауды қамтиды.

БҰҰДБ жұмысы Қазақстанға экономиканы әртараптандыру, мекемелерді жаңғырту, теңсіздікті қысқарту және табиғи ресурстарды орнықты басқару жолымен оның өсу серпінін сақтауда қолдау көрсете отырып, осы ұлттық басымдықтардың барлығы бойынша жүргізіледі. БҰҰДБ-ның өзіне ғана тән алты шешімін қолдану елге құрылымдық түрлендіруді жеделдетуге және болашақ сілкіністерге жақсырақ дайындалуға көмектесу үшін аса маңызды болады.

Біз Қазақстан Үкіметімен, аймақтық (облыстық, қалалық, аудандық) мекелермен, ғылым саласы, жеке сектор, азаматтық қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен серіктестікте жұмыс істейміз.