Саясат пен қаржыландыру шараларын ТДМ-мен келісу бойынша БҰҰ бірлескен бағдарламасы серіктестерінің кездесуі қол жеткізілген негізгі нәтижелер бойынша қорытынды жасады

2021 ж. 19 July

Нұр-сұлтан, 2021 жылғы 16 шілде – БҰҰДБ ЮНИСЕФ және БҰҰ ЭСКАТО-пен және Ұлттық әріптестермен бірлесіп, Қазақстанда Қаржыландырудың Кешенді Ұлттық Тетігін (ҚКҰТ) құру мақсатында Тұрақты даму мақсаттарымен (ОДМ) саясат пен қаржыландыру шараларын келісу бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бірлескен Бағдарламасы (ББ) әріптестерінің кездесуін өткізді.

Әріптестердің кездесуіне мемлекеттік органдар, донорлар, халықаралық ұйымдар, сондай-ақ жеке және үкіметтік емес секторлардың өкілдері қатысты. Мақсаты бағдарламаны іске асырудың бірінші жылында қол жеткізілген нәтижелерді бағалау және тиімді болашақ ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктерді зерделеу арқылы Қазақстанда ББ табысты іске асыру үшін өмірлік маңызы бар қолданыстағы әріптестік қатынастарды қолдау және кеңейту болды.

Прогресс көрсетіп отырғандай, осы қысқа мерзім ішінде Қазақстан елдің қаржы экожүйесін жалпы бағалау мен диагностикалауға бағытталған ҚКҰТ бастапқы кезеңін дерлік аяқтады және келесі кезеңді - ТДМ қаржыландырудың тұтас стратегиясын әзірлеуді іске асыруға кірісуге дайын.

"Мұндай үлкен жұмыс ББ-ны жүзеге асыруға қатысқандардың барлығынан қосымша күш-жігерді талап етеді, сондықтан пандемия жағдайында туындайтын шектеулерді ескере отырып, біздің ынтымақтастық пен өзара іс-қимылымызды кеңейту және күшейту қажет. Үкіметтің белсенді жұмылдырылуына байланысты біз жергілікті, ұлттық және жаһандық әріптестердің тұрақты қолдауына сүйенеміз", - деді БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты Өкілі Якуп Бериш.

Серіктестердің назары ҚКҰТ жол картасын әзірлеу, бюджетті құру процесінде ТДМ оңтайландыру және балалардың әл-ауқат индексін қоса алғанда, балаларға арналған бюджетті жылжыту сияқты маңызды мәселелерге аударылды.

Іс-шара барысында ТДМ жөніндегі Үйлестіру кеңесінің Хатшылығы үдемелі инвестициялық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолда бар қаржыландырудың жеткіліксіздігі, дамуды жоспарлау мен оны қаржыландыруға көзқарас арасындағы шектеулі келісімділік, ОДМ қаржыландыру құрылымының аяқталмауы сияқты ББ шеңберінде шешілуі қажет үш негізгі проблемаға негізделген Дамуды қаржыландыруды бағалаудың (ДҚБ) негізгі қорытындылары мен ұсынымдары туралы хабарлады. ДҚБ шеңберінде әзірленген ұсынымдар ұзақ мерзімді перспективада басым мемлекеттік реформаларды іске асыруды қолдау үшін ҚҰМК Жол картасының негізіне жатқызылуы тиіс.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балаларға арналған бюджетті жасау мәселелері бойынша қол жеткізілген нәтижелерді және ЮНИСЕФ-пен бірлесіп іске асырылатын Балалардың әл-ауқатының қазақстандық индексін әзірлеудегі негізгі жетістіктерді ұсынды. Қазақстанда балаларға арналған бюджетті енгізу балалардың қажеттіліктеріне бағытталған мемлекеттік шығыстарды қаржыландыру көлемін, осы шығыстардың басымдылығын және олардың тиімділік деңгейін айқындауға мүмкіндік береді. Балалардың әл-ауқат индексі еліміздің әртүрлі өңірлері арасында салыстырмалы талдау жүргізуге мүмкіндік береді, балалардың әл-ауқаты мәселесін түсінуді тереңдетуге және балаларды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етудегі өңіраралық сәйкессіздіктерді анықтауға мүмкіндік береді.

Іс-шара ББ-ны іске асыру үшін қажетті жаңа әріптестіктердің синергиясы үшін платформа болып табылды, сондай-ақ ББ-ның іске асырудың табысты жалғасуына байланысты болатын шешімдер қабылдау процесінің дамуына ықпал етті.