Әдеп жөнiндегi уәкiлдер жаңа технологиялар бойынша тренингтен өтті

2019 ж. 24 May

2019 жылғы 20-21 мамыр күндері Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (МҚІСҚА) бірлесіп, орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдері (ӘЖУ) үшін тренинг өткізді. Тренингке Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан келген 8 әйел мен 22 ер адам қатысты.

Ұлттық тренерлер ретінде азаматтық қоғам мен бизнес орта өкілдері қатысты, олар мемлекеттік басқаруды трансформациялау және азаматтық қоғамның дамуы мемлекеттік қызметшілердің жұмысына қалай әсер ететінін талқыға салды. Олар жаңа технологияларды, байланыстарды және проблемаларды шешудің инновациялық әдістерін пайдалануды қоса алғанда, жаңа дағдыларды меңгеруі тиіс.

Мемлекеттік басқару жүйесіндегі трансформациялық өзгерістер және азаматтық қоғамның серпінді дамуы жағдайында мемлекеттік қызметшілер алдында жаңа технологияларды, коммуникация құралдарын және проблемаларды шешудегі тәсілдерді қолдануды қоса алғанда, жаңа дағдыларды игеру қажеттілігіне қатысты мәселе тұр.

Бұл тұрғыда мемлекет мемлекеттік қызметшілер тұлғасында инновациялар арқылы сұраныстарды алдын ала болжап, қоғамның қойған талаптарына сәйкес келуге қабілетті өзгерістердің көшбасшысы болуға тиіс.

Осылайша, ӘЖУ-лерге мемлекеттік қызметшілер жұмысының өзгермелі жұмыс шарттарының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етудің күрделі міндеті жүктеледі. Үш жыл бойына атқарылған жұмыс аясында Әдеп жөніндегі уәкілдер институты алғашқы оң нәтижелерді көрсетуде, атап айтқанда мемлекеттік қызметшілер арасында моральдық-психологиялық климаттың жақсаруы және қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүдделер қақтығысын болдырмау фактілері.

2017 және 2018 жж. БҰҰДБ қолдауымен жүргізілген әлеуметтік сауалнамалар мемлекеттік қызметтегі әдеп жақсаруының және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің төмендеуінің оң динамикасын көрсетті. Сауалнамаға қатысқандардың 70%-дан астамы мемлекеттік қызметшілердің жұмысында кәсіби әдептің бар екенін растады. Мемлекеттік қызметшілер мен халық арасында Әдеп жөнiндегi уәкiлдердің рөлін түсіну деңгейі артып келеді.

Тренинг қатысушылары азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл саласындағы ӘЖУ жұмысындағы ағымдағы мәселелерді, мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысының көздерін талқылады, шиеленіс жағдайларын болдырмау және шешу дағдыларын, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің жұмысында «дизайн-ойлау» тәсілін қолдануды үйренді.

БҰҰ Даму бағдарламасы, Қазақстан ұкіметінің ұзақ мерзімді серіктесі бола отырып, 25 жылдан астам уақыт бойына дамудың басым бағыттары бойынша мемлекеттің күш салуларына қолдау көрсетуде, бұл ретте сыбайлас жемқорлықтан еркін және әлемдік стандарттарға сәйкес келетін кәсіби мемлекеттік қызмет үшін институционалдық жағдайлар жасау аталмыш басым бағыттардың бірі болып табылады.