Азаматтарды мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға үйрету үшін 450 волонтер жумылдырылды

2020 ж. 8 July

--- Image caption ---

Карантин жағдайында мемлекеттік қызметтерді желіде алудың өзектілігі бірнеше есеге артты. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ порталының хабарлауынша, 21 наурыз бен 10 мамыр аралығында қазақстандықтар «Электрондық үкімет» порталы, eGovMobile қосымшасы және Telegram, Facebook және ВКонтакте мессенджерлері арқылы онлайн режимінде 15 миллионнан астам мемлекеттік қызмет алды.

Осы жылдың мамыр айында карантин аяқталғаннан кейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ХҚКО-да электрондық форматта мемлекеттік қызмет көрсетудің тоқтатылатындығы туралы хабарлады. Бұл барлық қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарында алуға дағдыланған азаматтар үшін белгілі бір қиындықтар туғызды. Халықты мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу дағдыларына үйрету үшін БҰҰ Даму Бағдарламасы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, ел бойынша 450 волонтерді жұмылдырды. Волонтерлер халыққа қызмет көрсету орталықтарына келген азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алуға көмектеседі және сонымен бірге оларды онлайн режимінде eGovMobile немесе TelegramBot қосымшалары арқылы қалай алуға болатындығын үйретеді.

Мемлекеттік қызметтер департаментінің өкілі Амина Ақылбекованың айтуынша, бұл волонтерлік бастама халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетеді, халықтың сандық сауаттылығын арттырады, сонымен қатар вирустың таралу қаупін азайтады.

«Волонтерлер маған eGovMobile қосымшасын орнатуға көмектесті. Мен орталыққа психологиялық клиника мен наркологиядан анықтама алу үшін келдім. Онлайн қосымшасын пайдалануды бімеген кезде, ол қиын болып көрінеді. Бірақ іс жүзінде оңай болып шықты. Енді маған халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ, мен барлық керек қызметтерді интернеттен ала аламын», - дейді Солтүстік Қазақстан облысының азаматы Людик Акулова.

Қостанайдағы волонтер Асхат Валеевтің айтуынша, «орта жастағы адамдар мен жастар негізінен білместіктен келеді. Бірақ олар қызметтерді интернет арқылы қалай алуға болатындығын үйренгенде, онлайн қосымшаларын өздері қолдана бастайды. Жасы үлкен адамдармен жағдай басқаша. Оларға бірнеше рет түсіндіруге тура келеді, және, аяғында олардың кейбіреулері негізгі дағдыларды үйренеді. Денсаулығына немесе жасына байланысты компьютерлер мен смартфондарды пайдалана алмайтын азаматтар да бар, сондықтан оларға әрқашан көмек көрсетуге керек болады».

Волонтерлердің жасы 6-дан 83 жасқа дейін өзгереді. Ақмола облысындағы 52 жастағы волонтер Әлбекова Жанат оқұ барысында цифрлық мемлекеттік қызметтермен танысты. «Оқұ бар болғаны екі сағатқа созылды. Барлығы өте қарапайым болып шықты, порталда нұсқаулық бар. Волонтер ретінде мен достарыма және туыстарыма Интернетте түрлі сұрақтар мен қызметтерді алуға көмектесемін. Мен оларға қажетті қызметтерді онлайн желілерде қалай алу керектігін үйретуге тырысамын. Бірақ таныстарымның 80%-ы үйренгісі келмейді. Әсіресе, жасы 50-ден асқан адамдар. Бірақ жағдай біртіндеп өзгереді деп сенемін», - дейді Жанат.

Волонтерлердің арасында болашақта мемлекеттік қызметке түсуді жоспарлап жүрген заңгерлік және экономикалық білімі бар жастар көп, бірақ қоғамдық бақылауға қатысып, үрдістің ішкі жағын түсінгісі келетін волонтерлер де бар.

Айта кету керек, қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің 82% сандық форматта қол жетімді. Үкімет 2020 жылдың аяғында олардың санын 90% -ға жеткізуді жоспарлап отыр.

Азаматтарды онлайн режимінде мемлекеттік қызметтерді алу дағдыларына үйрету қоғамның цифрландыру жолындағы маңызды қадам болып табылады, оның өзектілігі коронавирустық пандемия кезінде одан әрі арта түсуде.