БҰҰДБ Тұрақты өкілінің орынбасары Виталий Времиштің құттықтау сөзі

2022 ж. 2 June
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

Құрметті Рамазанова ханым,

Құрметті ТүркПА Әйелдер Парламенттік тобының құрметті мүшелері!

Құрметті спикерлер мен қонақтар,

 

Климаттық іс-қимылдың және барлығы үшін тұрақты дамудың маңызды құрамдас бөлігі ретінде, шешімдер қабылдауға әйелдердің қатысуын арттыру жөніндегі бүгінгі маңызды пікірталасқа қосылу Біз үшін үлкен мәртебе болып табылады.

Бүгінгі таңда климаттың өзгеруі біздің заманымыздың ең күрделі мәселесі болып саналады. Климаттың өзгеруінің әсері, оның ішінде өндірістік және табиғи ресурстарға қол жеткізу, бұрыннан бері келе жатқан гендерлік теңсіздікті күшейтті.

Климаттың өзгеруі әйелдер мен ерлердің активтері мен әл-ауқатына, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, азық-түлік қауіпсіздігі, денсаулық сақтау, су және энергетикалық ресурстары, климаттық көші-қон мен қақтығыстар және климатқа байланысты табиғи апаттарға басқа жолмен әсер етеді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы ретінде біз ұлттық әріптестермен гендерлік және климаттық байланыс туралы кеңірек түсіністік орнату және гендерлік әрекетті жақсарту үшін басқару, жоспарлау және саясат салаларындағы әлеуетті күшейту үшін жұмыс істейміз.

Әйелдердің қауымдастықтағы және саяси деңгейлердегі көшбасшылығы ҰДАҮ-ны жүзеге асырудың ауқымды шаралары үшін қажет. Мысалы, Климат жөніндегі Уәдеге сәйкес, 115 ел (барлығы 118) гендерлік мәселелерді өздерінің ҰДАҮ-ға біріктіруді жоспарлап отыр.

Батыл, трансформациялық өзгерістер климаттың неғұрлым өршіл мақсаттарына қол жеткізу үшін, құрылымдық теңсіздіктерді, әсіресе климаттың өзгеруінің теріс әсерлерін жалғастыратын әйелдер мен ерлер арасындағы теңсіздіктерді жою үшін қажет.

Соңғы жылдары климаттық өзгерістердің әйелдерге пропорционалды емес әсерлерін мойындау, олардың өзгерістер агенті ретіндегі рөлі туралы хабардарлықтың өсуімен қатар жүрді. Ол сондай-ақ тұрақты дамудың әлеуметтік, экономикалық және климаттық артықшылықтарын жүзеге асыруда, гендерлік теңдік пен әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту нәтижелерінің орасан зор құндылығын түсінуге әкелді.

Бұл күн тәртібін жүзеге асыру үшін шешім қабылдау үстелінде әйелдер қажет. 1995 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бейжің декларациясы мен Іс-қимыл платформасын қабылдағаннан бері соңғы 26 жыл ішінде әйел парламентшілер саны екі есеге өсті.

Қазақстандағы әйелдердің парламентке қатысуы да тәуелсіздік алған онжылдықтарда жақсара түсті. Халықаралық қауымдастық Қазақстанның 2020 жылы парламенттік сайлауға 30 пайыздық гендерлік квота белгілеу жөніндегі міндеттемесін оң қабылдады.

Бұл арада Қазақстанда 2030 жылға қарай парламентте гендерлік тепе-теңдікке қол жеткізу үшін келісілген күш-жігерімізді күшейтіп, батыл бастамаларды қолға алуымыз керек. Тек дұрыс көзқараспен ғана квоталар 2030 жылға қарай парламенттердегі гендерлік тепе-теңдікке жетуді жеделдетуі мүмкін.

Тиімді, инклюзивті және есеп беретін басқаруды құру трансформациялық өзгерістерді қалайтын елдер үшін өте маңызды. Бұл ретте заң шығарушылардың қатысуы өте маңызды болып табылады. ТүркПА-ның Әйелдер Парламентшілер тобы елдердің гендерлік теңсіздікті қалай шешіп жатқаны және барлығы үшін тұрақты дамуға арналған шараларды қабылдауы төңірегіндегі тәжірибе алмасуы теңдессіз бағалы деп есептеймін.

Әйелдерге өз елдеріндегі шешім қабылдау үдерістеріне көбірек қатысуларына мүмкіндік беру және олардың сайланбалы лауазымдарға бәсекелесу үшін дағдылары мен білімдерін арттыру әрқашан бүкіл қоғамның жақсаруына арналған ұзақ мерзімді инвестиция болып табылады.

Жаңа Қазақстан дәуірінде бізге көшбасшы әйелдер бұрынғыдан да көп қажет. Біздің қыздарымыз бен ұлдарымыз басқалармен қатар, әйелдерге үлгі болатын адамдарға күнделікті куә болу керек және егер олар қаласа, осындай мансаппен белсенді түрде айналысуы керек.

Осы панельдегі жоғары деңгейдегі өкілдіктерді ескере отырып, біз гендерлік теңдікке қол жеткізу үшін одан әрі дамудың негізгі басымдықтарын анықтай алатынымызға және әлем теңдігі үшін практикалық ұсыныстар жасай алатынымызға сенімдімін.

Сіздерге көп рахмет.