Қазақстан Республикасындағы жоғары табиғат қорғау маңызы бар ормандарды бөлу, бағалау және басқару бойынша нұсқаулық

Руководство по выделению, оценке и управлению лесами высокой природоохранной ценности в Республике Казахстан
pdf (8.5MB)
DownloadҚазақстан Республикасындағы жоғары табиғат қорғау маңызы бар ормандарды бөлу, бағалау және басқару бойынша нұсқаулық
2024 ж. 24 December
Бұл нұсқаулық Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының қолдауымен, Жаһандық Экологиялық Қор және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаржыландыруымен жүзеге асырылатын «Әртүрлі пайда алу үшін ғаламдық маңызы бар негізгі экожүйелерді сақтау және орнықты басқару» жобасы аясында әзірленіп, жарыққа шықты.
Нұсқаулықта Қазақстан аумағында халықаралық тәжірибе мен ұлттық ерекшеліктер негізінде анықталған жоғары табиғат қорғау маңызы бар ормандардың санаттары мен түрлері сипатталған; оларды бөлу және бағалау, басқаруды ұйымдастыру және мониторинг жүргізу бойынша практикалық ұсыныстар берілген.
Нұсқаулықта Қазақстан Республикасында жоғары табиғат қорғау маңызы бар ормандарды бөлу кезінде пайдалануға болатын көптеген анықтамалық материалдар қамтылған.
Нұсқаулық орман шаруашылығы мамандарына, мемлекеттік табиғат қорғау және экологиялық бағыттағы үкіметтік емес ұйымдарға, ғалымдарға, табиғи ресурстарды басқару саласындағы гуманитарлық және техникалық мамандықтар бойынша оқытушылар мен студенттерге пайдалануға ұсынылады.
Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Ғылыми-техникалық кеңесінде келісілген (Орман шаруашылығын дамыту секциясының 2023 жылғы 7 маусымдағы отырысының хаттамасы).