Елордадағы Ботаникалық бақта БҰҰДБ 60 жылдығының құрметіне аллея пайда болды

2025 ж. 30 April
Group of people in blue jackets holding certificates, smiling in a park with greenery.
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Роман Копанев

Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігімен серіктестікте және Астана қаласы Есіл ауданы әкімдігінің қолдауымен елорданың Ботаникалық бағында Сібір қарағайының көшеттерінен аллея отырғызды. Аталмыш экологиялық науқан БҰҰДБ-ның дүние жүзіндегі 60 жылдығын мерекелеуге және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына орайластырылды.

Three individuals stand at a podium outdoors, with flags and microphones nearby.
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Роман Копанев
«Бүгін де, 60 жыл бұрынғыдай, БҰҰ Даму бағдарламасы негізгі мандатына – кедейлікпен, теңсіздікпен және климаттың өзгеруімен күресу арқылы елдерде прогреске септесу міндетіне адал болып келеді. Сарапшылардың кең желісіне, инновацияларға және озық тәжірибелерге сүйене отырып, БҰҰДБ адамдар мен ғаламшар үшін кешенді, орнықты шешімдерді жүзеге асыруға көмектесіп жатыр. БҰҰ Даму бағдарламасы Қазақстанда 1944 жылдан бері жұмыс істейді. Елде жұмыс істеген жылдар ішінде негізгі халықаралық донорлармен және серіктестермен тығыз серіктестікте БҰҰДБ Қазақстанға Мыңжылдық даму мақсаттарына және Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуде белсенді көмек көрсетіп, негізгі ұлттық және өңірлік даму стратегияларын әзірлеуде, заңнаманы жетілдіруде, адами әлеуетті дамытуда және Қазақстанның табиғи ресурстарын орнықты басқаруда мақсатты сабағаттық қолдау көрсетті», деп өз сөзінде Қазақстандағы БҰҰДБ өкілі Катаржина Вавьерниа атап өтті.
A man in a dark jacket stands at a podium with microphones, speaking in front of flags.
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Роман Копанев

БҰҰДБ-ның Қазақстанда 30 жылдан астам атқарған жұмысы аясында Қазақстан Республикасының Үкіметімен, Жаһандық экологиялық қормен, Жасыл климат қорымен, Азия даму банкімен, Ислам даму банкімен, Дүниежүзілік банкпен, Еуропалық Одақпен, Жапония Үкіметімен, Корея Республикасының үкіметімен, жеке меншік сектормен, сондай-ақ жаһандық деңгейдегі БҰҰ Даму бағдарламасының негізгі донорларымен серіктестікте құны 210 миллион АҚШ долларынан асатын 200-ден астам жоба жүзеге асырылды.

БҰҰДБ техникалық көмегінің алғашқы бағыттарының бірі қоршаған ортаны қалпына келтіру, денсаулық сақтау, кедейшілікті жою және жергілікті халықты қолдау жобалары болды. Арал өңірін қолдауға және Семей ядролық полигонына іргелес аумақтарды қалпына келтіруге бағытталған экологиялық жобалар жүзеге асырылды. Мәселен, 1997 жылы қажеттіліктерді бағалау үшін Семей облысына БҰҰ-ның алғашқы сарапшылары келіп, Семейде алғашқы диагностикалық орталықтың ашылуына мұрындық болды. Бұл бастама облыс халқының саулығы мен әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған көптеген жобаларға жол ашты. 

БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) елдің даму стратегияларын әзірлеу бойынша сараптамалық қолдау көрсетті. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы, 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы, Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы, 2060 жылға дейінгі төмен көміртекті даму тұжырымдамасы, Биоалуантүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану тұжырымдамасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарына сараптамалық қолдау көрсету жұмыстары бар. БҰҰДБ халықты әлеуметтік қорғау саласындағы маңызды заңнамалық құжаттарды қабылдауға жәрдемдесті, Экологиялық кодексті, Су кодексін, Орман кодексін, Әлеуметтік кодексті және басқа да бірқатар маңызды құжаттарды әзірлеу мен жаңартуға техникалық сараптама ұсынды. БҰҰДБ-ның сарапшылық және әдістемелік қолдауымен мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару саласында мемлекеттік мекемелердің ашықтығын, есептілігін және икемділігін арттыруға бағытталған реформалар жүргізілді. БҰҰДБ қолдауымен мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау енгізілді. 2014 жылы құрылғаннан бері Азаптаулардың алдын алудың ұлттық алдын алу тетігінің жұмысына БҰҰДБ белсенді түрде қолдау көрсетіп келеді. 

БҰҰДБ елде жұмыс істеген уақыт ішінде адам құқықтары, гендерлік теңдік, мүгедектігі бар адамдардың құқықтары, биоәртүрлілік және климатқа қатысты күн тәртібі аясында Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін орындауға қолдау көрсетті.

Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі – елдің даму саласындағы табысты тәжірибесін халықаралық аренада ілгерілетуге қолдау көрсету. Осы салада БҰҰДБ Астана мемлекеттік қызмет хабын – 40-тан астам ел арасында білім мен тәжірибе алмасу платформасын, Қазақстанның дамуына ресми көмек көрсету жүйесін (ODA) және оның операторы болып табылатын KAZAID агенттігін құруда, ОДМ күн тәртібін іске асыру, гендерлік зорлық-зомбылықпен күресу және зорлықшыл экстремизмнің алдын алу саласындағы өңірлік жобаларды іске асыруда қолдау көрсетті. 

Соңғы жиырма бес жыл ішінде БҰҰДБ Жаһандық экологиялық қордың қаржылық қолдауымен, сонымен қатар Қазақстан Үкіметінің байланысты гранттары шеңберінде биоәртүрлілікті сақтауға, энергия тиімділігін арттыруға және тұрғын үй секторында энергияны үнемдеуге, жаңартылатын энергия секторын және жасыл қаржы құралдары нарығын дамытуға бағытталған бірқатар ауқымды бастамаларды жүзеге асырды. Мәселен, БҰҰДБ бастамасымен «Ақжайық», «Алтын дала», «Іле-Балқаш» табиғи резерваттары және «Бұйратау», «Жоңғар Алатауы» және «Тарбағатай» ұлттық парктері сияқты жаңа ерекше қорғалатын он табиғи аумақ құрылып, қолданыстағы алты ерекше қорғалатын табиғи аумақтың ауданы кеңейтілді. Қазақстанда алғаш рет 2,9 млн гектар аумақта «Қапшағай-Балқаш» және «Ырғыз-Торғай-Жыланшық» экологиялық дәліздері құрылды, олар бүгінгі таңда жабайы жануарлардың сирек кездесетін түрлерінің қоныс аудару жолдарын қорғауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, БҰҰДБ орман ресурстарын қорғау, есепке алу және қалпына келтіру бойынша инновациялық тәжірибелерді пилоттық тәртіпте енгізуде қолдау көрсетеді. Атап айтқанда, орман құраушы түрлердің он сегіз түрінің тұқымын ұзақ сақтауды қамтамасыз ететін ерекше құнды ағаш түрлері тұқымдарының Қазақстандағы тұңғыш әрі жалғыз генетикалық банкі құрылды.

БҰҰДБ Париж келісімінің 6.2-бабын қоса алғанда, көміртегі нарықтарына қол жеткізудің құқықтық тетіктерін қалыптастыруда Үкіметке белсенді көмек көрсетеді. Осы жұмыс шеңберінде әрі қарай сынақтан өткізу үшін ормандарға қатысты көміртегі офсеттері бойынша пилоттық жобалардың тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.

БҰҰДБ-ның ағымдағы Елдік бағдарламасы аясында ұлттық және халықаралық серіктестермен бірге Отбасының цифрлық картасы, Орталық Азия үшін Өңірлік ОДМ платформасы жобасы, жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) технологияларына инвестиция салу тәуекелдерін азайту жобасы, Қазақстандағы биоәртүрлілікті сақтау және ормандарды қалпына келтіру жобасы сынды флагмандық және басқа да көптеген бастамалар жүзеге асырылды.

Бүгінде БҰҰДБ Қазақстандағы БҰҰ-ның ең ірі агенттігі болып табылады. БҰҰДБ-ның 2026-2030 жж. арналған Елдік бағдарламасы адами капиталды одан әрі дамытуға, халықтың осал топтарын әлеуметтік қорғауға, экономикалық даму мен экологиялық орнықтылықты қамтамасыз етуге, адам құқықтары мен заң үстемдігіне қатысты күн тәртібін ілгерілетуге, өңірлік және жергілікті дамуға бағытталатын болады. 

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Роман Копанев