БҰҰДБ журналистік материалдар конкурсын қорытындылады және климаттық зерттеу нәтижелерін ұсынды
2025 ж. 25 September
«Климат: кері санақ» журналистер конкурсының жеңімпаздары
Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен серіктестікте климаттың өзгеруі, биоәртүрлілікті сақтау және қоршаған ортаның ластануын болғызбау тақырыптары бойынша журналистік материалдар конкурсының нәтижелерін жариялады. Қазақстан өңірлерінен конкурсқа 50-ге жуық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа
«Бүгінгі іс-шара бұқаралық ақпарат құралдарының халықтың барлық топтары арасында климаттық тақырыпты ілгерілетудегі, экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы және қоғамды климаттық орнықты экономика мен қоғам құруға шабыттандырудағы маңызды рөлін тануға бағытталған. Экологиялық хабардарлық деңгейін және медиа саласында жария етуді арттыру экологиялық қатерлерге кешенді жауаптың ажырамас бөлігі болып табылады», —деп атап өтті БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа.
Еуропа мен Азия тоғысындағы әлемдік мұхитқа шыға алмайтын ірі ел Қазақстан екіжақты сын-қатерге тап болады: экономикалық өсу қарқынын қалай сақтау керек және бұл ретте шығарындыларды қысқарту үшін жағдай жасау әрі климаттық өзгерістердің салдарына орнықтылық қағидаттарын енгізу. Артып келе жатқан климаттық дағдарыс жағдайында ел үшін халықаралық келісімдерге қатысу, ұлттық даму стратегиясының элементі мен климаттың өзгеруіне бейімделу, төмен көміртекті даму, биологиялық әртүрлілікті сақтау экологиялық мәдениетті ендіру саласындағы шешімдерді енгізуде серпін береді.
Бразилия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, мәртебелі Марсель Биато мырза
«Бұқаралық ақпарат құралдары бізді ортақ мақсатқа біріктіруде шешуші рөл атқарады. Қазіргі және өскелең ұрпақ үшін ортақ үйіміздің қауіпсіздігі мен орнықтылығын қамтамасыз ететін саясатты ұсыну және іске асыру мақсатында «қалаушылар коалициясын» қалыптастыру бұрынғыдан да маңызды», —деп атап өтті өз сөзінде Бразилия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, мәртебелі Марсель Биато мырза.
ҚР Экология және табиғи ресурстар Вице-министрі Мансұр Ошурбаев өзінің құттықтау сөзінде іс-шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, конкурс жеңімпаздарын құттықтады. Атап айтқанда, ол Қазақстан ұлттық климаттық күн тәртібі шеңберінде климаттың өзгеруіне қарсы күресте жақтаушы болып табылатынын және қоршаған ортаны қорғау мәселелерінде жүйелі және пәрменді шешімдерді әзірлеуге басымдық беретінін атап өтті.
ҚР Экология және табиғи ресурстар Вице-министрі Мансұр Ошурбаев
«Осының аясында біз «Климат: кері санақ» журналистік материалдар конкурсын ерекше жоғары бағалаймыз. БАҚ өкілдері ұсынған материалдар зор мәнге ие: сіздердің арқаларыңызда климаттың өзгеруі мен экологиялық жағдайдың мәселелері жалпы жұртшылыққа жақын әрі түсінікті бола түседі, экологиялық мәдениет пен нақты іс-әрекетке мотивация қалыптасады. Сіз экологиялық мәдениетті қалыптастыруға көмектесесіз, адамдарды өмір салтын өзгертуге ынталандырасыз және нақты іс-қимылға айналдырасыз», —деп толықтырып өтті вице-министр.
«Климат: кері санақ» журналистер конкурсының жеңімпаздары болып алты журналист атанды. «Биоәртүрлілік» номинациясы бойынша «Әлемдегі тұяқтылар қайда қоныс аударады» материалымен Бекзат Айтжан жеңімпаз атанды.
«Климат» номинациясы бойынша 1-ші орынды «Қазақстанда да климат өзгеріп жатыр. Шаруалар оған дайын ба?» материалымен Оразай Қыдырбаев иеленді.
2-ші орын иелері:
Жадыра Жулмухаметова «Аурулар, масалар, өрттер және қарғын сулар: климаттың өзгеруі қазақстандықтарға қандай қауіп төндіреді» материалымен;
Анель Өсерхан «Қазақстанның климаттық оаслдығы: болашақта бізді не күтіп тұр?» материалымен.
3-ші орын иелері:
Жанат Түкпиев «Астананың климаты қалай өзгеруде» материалымен;
Динара Насыр «Климаттың өзгеруі Республикалық маңызы бар алма бағы су тасқынынан қалай зардап шекті?» материалымен.
«Климат: кері санақ» журналистер конкурсының жеңімпаздары: «Биоәртүрлілік» номинациясы бойынша Бекзат Айтжан жеңімпаз атанды (1). «Климат» номинациясы бойынша 1-ші орын - Оразай Қыдырбаев (2). 2-ші орын иелері: Жадыра Жулмухаметова (3) және Анель Өсерхан (4). 3-ші орын иелері: Жанат Түкпиев (5) және Динара Насыр (6)
Іс-шара аясында халықтың климаттық өзгерістер, олардың салдары және бейімделу шаралары туралы хабардарлығын білуге арналған әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері ұсынылды. Зерттеу БҰҰДБ мен Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Жасыл климат қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жобасы шеңберінде жүргізілді.
Зерттеуге Қазақстанның барлық өңірлерінен 3.500 тұрғын қатысты. Сауалнама азаматтарды толғандыратын негізгі экологиялық мәселелерді, сондай-ақ олардың елдегі, өңірдегі және әлемдегі климаттық жағдайларға көзқарасын анықтап берді. Алынған деректер климаттық саясат саласында шешім қабылдайтын тұлғалар, мемлекеттік органдар, ҮЕҰ, БАҚ және барлық мүдделі тараптар үшін қызығушылық тудырады. Олар климаттың өзгеруіне бейімделу үшін халықтың қажеттіліктеріне бағытталған тиімді шараларды құруға көмектеседі.
Әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері мына сілтеме бойынша қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.
Сәулет Сәкенов, Қазақстандағы БҰҰДБ-ның климат бойынша талдаушысы, халықтың климаттық өзгерістер, олардың салдары және бейімделу шаралары туралы хабардарлығын білуге арналған әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін ұсынды
Іс-шара ҚР ПІБ Президенттік орталығында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы мен Таза ауа күніне орай және БҰҰ Негіздемелік конвенциясы тараптарының 30-шы конференциясы қарсаңында өтті.