Сарапшылар тұрақты даму мақсаттары туралы әңгімелейді

2021 ж. 12 January

 

 

Халық арасында Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) туралы хабардарлықты арттыру мақсатында біз әрбір ТДМ туралы бейнеролик жасадық. Түрлі салалардың сарапшылары тиісті статистиканы, фактілер мен мәліметтерді келтіре отырып, жаһандық және ел проблемалары туралы қарапайым тілмен әңгімелейді. Сондай-ақ, олар өзекті мәселелер мен елдің алдында тұрған сын-қатерлерді шешудің нақты жолдарын да ұсынады.

Біз сарапшылардың пікірлері қалың жұртқа пайдалы болып, 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Жаһандық тұрақты даму саласындағы күн тәртібіне қол жеткізу мәселелеріне азаматтардың араласуын арттырады деген үміттеміз.