Прогресс үшін модельдік зауыттар: Қазақстандағы БҰҰДБ түрік шағын және орта бизнестің сәтті жұмысын зерттеуде

2023 ж. 11 December
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Левент Кулу

БҰҰДБ қолдауымен ағымдағы жылдың 6-9 желтоқсан аралығында Анкара және Кайсери қалаларына танысу сапары ұйымдастырылды. Сапар мақсаты Түркиядағы Шағын және орта кәсіпорындардың әлеуетін арттыруға арналған қолданбалы орталықтарды (модельдік зауыттар) аралау болды. Сапарға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің, сондай-ақ Индустрия және құрылыс министрлігінің өкілдері қатысты.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Левент Кулу

БҰҰДБ-ның Түркиядағы өкілдігі модельдік зауыттарды қоса алғанда, Түркиядағы шағын және орта бизнестің (ШОБ) бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін бірнеше жобаны жүзеге асырды және нәтижесінде ШОБ-тың алдында тұрған міндеттерді шешу үшін айтарлықтай мүмкіндіктер жинақталды. Танысу сапары Қазақстанның төрт облысында: Абай, Ұлытау, Жетісу және Қызылордада кейіннен модельдік зауыттар (МЗ) құру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.

МЗ тәжірибелік оқыту әдістерін пайдалана отырып, операциялық шеберлік принциптерін таратуға арналған өнімділік орталығы ретінде анықталған. МЗ жұмысы оқыту арқылы меншік иелерінің, менеджерлердің және жұмыс берушілердің инфрақұрылымы мен мүмкіндіктерін нығайту арқылы ШОБ субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Осылайша, MЗ ел экономикасының өсуіне және әл-ауқатының жақсаруына ықпал етеді.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Левент Кулу

2022 жылдың желтоқсанында Ұлттық экономика министрлігі мен БҰҰДБ 2021-2025 жылдарға арналған БҰҰДБ Елдік бағдарламасын 30 миллион АҚШ доллары сомасына үкіметпен қаржыландырылуы туралы келісімге қол қойды. Бағдарлама төрт негізгі бағытты қамтиды: аймақтық теңсіздік пен әлеуметтік осалдықты жою, басқару мен институционалдық жауапкершілікті жақсарту, экономикалық өсуді қолдау және Орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізу, климаттың өзгеруі мен табиғи апаттардың салдарын жою.

Бөлінген қаржы еліміздің жаңадан құрылған үш аймағын, соның ішінде Абай, Жетісу және Ұлытауды, сондай-ақ Қызылорданы дамытуға бағытталып, жергілікті басқаруды күшейтуге және экономикалық өсімге мүмкіндіктер жасауға бағытталады. Бұл ретте жастар мен әйелдер сияқты халықтың осал топтарына ерекше көңіл бөлінетін болады. Өңірлерде бірлескен бастамалар 2024 жылдың басында іске қосылуы мүмкін деп жоспарлануда.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Левент Кулу