28 қазан, Нұр-Сұлтан –қар барысының Қазақстандағы популяциясын сақтау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел аясында, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), «Қар барысын бірге сақтайық!» балалар суреті байқауының нәтижелерін шығарды.
23 қазанда бүкіл әлем - Халықаралық қар барысы күнін атап өтеді. Осы күнге орай, БҰҰДБ ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен бірлесе, сирек кездесетін жануардың сақталуы мен қорғалуына арналған «Қар барысын бірге сақтайық!» балалар суреті байқауын ұйымдастырды.
- Үш жыл бойы біз Қазақстанда қар барысы мен оның мекендеу орнын сақтап қалу бойынша ақпараттық кампанияы жүргізудеміз. «Барыс» хоккей клубымен бірге әрекеттене, ілбістің табиғат жағдайында жойылу мәселесіне назар аудартатын акцияларды өткіземіз. Биыл акцияға Қазан қаласының «Ак Барс» хоккей клубы қосылды. Сонымен қатар, «Қар барысын бірге сақтайық!» балалар суреті байқауы, қар барысы популяциясын сақтау маңыздылығын ақппараттандыруды көздейді. Қар барысы мекендейтін өңірлерде тұратын балалардың байқауға қатысуының арқасында, жас ұрпаққа еліміздің биоалуандығын сақтауға ықпалымызды тигіземіз деп үміттенеміз, - деп айтып кетті дөңгелек үстелдің ашылуында Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкіл орынбасары Виталий Времиш.
Онлайн формата өткен дөңгелек үстелдің жұмысына, БҰҰДБ биоалуандық саласындағы сарапшылар, Ерекше сақталатын табиғи аумақтардың қызметкерлері, облыстық және аудандық білім беру бөлімдерінің өкілдері, Алматы, Шығыс-Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстарының орта мектеп ұстаздары қатысты.
Байқау, Қазақстандағы қар барысы мекендейтін өңірлерде тұрып жатқан, 7 және 16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер арасында жүргізілді. Бұл іс-шара, кіші мен үлкенді, олардың - сирек және ғажайып жанурады сақтап қалудағы ортақ мақсатқа жету жолында шығармашылық арқылы біріктіруді көздейді. Ілбісті мысалға келтіре отыра, жойылып бара жатқан және сирек кездесетін жануарлар мәселесіне қоғамның назарын аудартып, халықтың жалпы табиғатқа деген жауапты да ұқыпты көзқарасын қалыптастыру.
09 қыркүйек пен 14 қазан аралығында, ұйымдастырушылар атына қар барысына арналған көркем сурет, графика мен акварель жанырында 200-ден астам сурет келіп түсті. Қазылар алқасы құрамына кәсіби суретшілер, медиа-мамандар, БҰҰДБ және биология сарапшылары кірді. Суреттердің ерекшелігі мен орындау техникасына аса назар аударылды.
- Бүгін біз балалар суреті байқауының нәтижелерін қуана-қуана хабарлаймыз! Байқау қатысушылары табиғатты жақсы көретіндері, өз өлкеснің жануарлар әлемі қызықтандыратыны және олар қазақ тауларының символы - таңғажайып қар барысын мақтан тұтатыны байқалып тұр! Енді оларға Ілбістің тағдыры ешқашан енжар болмайтынына сенімдімін! Бұл да байқаудың ең маңызды және көрнекті нәтижесі деп ойлаймын, - деп, қазылар алқасы мүшелерінің бірі – Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Ярослав Антоник өз пікірін білдірді.
Жеңімпаздардың аты-жөндері мен жұмыстарымен https://cloud.mail.ru/public/2urp/2mTAhmZES/ сілтемесі бойынша танысуға болады.
