БҰҰ Даму бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жастар мен гендерлік теңдік мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайтуда

2023 ж. 10 October
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаевамен кездесу өткізді. Кездесуде ынтымақтастық мүмкіндіктері, оның ішінде гендерлік теңдік, жастар саясаты, экстремизмнің алдын алу және ақпараттық жұмыс мәселелері талқыланды.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

Катаржина Вавьерниа Гендерлік теңдік жөніндегі мемлекеттік мекемелерге арналған сертификаттау бағдарламасын (GESPI) ұсынды. Бұл бағдарлама мемлекеттік органдардың халықаралық стандарттарға қаншалықты сәйкес келетінін бағалауға көмектесіп, жақсарту бойынша нақты қадамдарды ұсынады.

Министр бұл бастаманы қолдайтынын айтып, Мәдениет және ақпарат министрлігі деңгейінде гендерлік теңдікті ілгерілету ынтасын растады. Аталған бағдарламаға қосылу арқылы министрлік Қазақстанға жақсы үлгі көрсетіп, гендерлік теңдік мәселелері бойынша өңірдегі елдің беделін көтере алады.

Сондай-ақ отырыста әйелдердің саяси диалогтағы рөлін және олардың гендерлік сезімтал саясатты қалыптастыруға және шешім қабылдауға ықпал ету мүмкіндігін күшейту мақсатында Қазақстанда Әйелдердің саяси желісін құру туралы ұсыныс жасалды.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

Сондай-ақ тәуекел тобындағы жастарды әлеуметтік-экономикалық қолдауға бағытталған Орталық Азиядағы зорлық-зомбылық экстремизмнің алдын алу бойынша БҰҰДБ бастамасы аясында жастармен жұмыс жасау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, тараптар өскелең ұрпақты тарту үшін жаңа медиа құралдарын пайдалана отырып, ақпараттық жұмысты күшейту мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесу соңында Катаржина Вавьерниа министрге белсенді қатысуы үшін алғыс айтып, БҰҰДБ Қазақстанның осы маңызды салалардағы күш-жігерін қолдауға дайын екенін атап өтті.