Қазақстандағы аңшылық шаруашылығындағы әйелдер

2021 ж. 15 March

Қазақстанда аңшылық шаруашылығын жүргізу дәстүрі осы күні нығайды. Ел аумағының 73%-ы бұл шамамен 2 млн км2 аң аулайтын жер деп танылған. Республикада биоалуантүрлілікті сақтау, жабайы жануарларды есепке алу, экологиялық туризм мен рекреацияны дамытумен айналысатын 700-ден астам аңшылық шаруашылығы бар. Аңшылық шаруашылықтарында 4000 қызметкер болса, оның ішінде жабайы табиғатты сақтау мәселелеріне белсенді араласып, әртүрлі лауазымдарда 114 әйел қызмет етеді.

Алайда, жануарлар әлемін қорғауға ат салысып жүрген жүрген басшылық лауазымдардағы әйелдер өкілдігі әлі де болса төмен. Мәселен, Қазақстанның 100 аңшылық шаруашылығының жетеуінде ғана әйелдер қауымы. Олардың қатарында Аэлита Ахметсалимқызы мен Людмила Глушкова сынды көшбасшыларды ерекше атап өтуге болады.

БҰҰ даму бағдарламасы «Биоалуантүрлілікті қаржыландыру бастамасы» (БИОФИН) жобасы аясында жануарлар дүниесін басқару саласында гендерлік теңдік мәселелеріне әйелдердің жетекшілік өкілдік ету мәселелеріне ерекше назар аударылады. Әйелдердің табиғи ресурстарды басқаруға белсенді қатысуы елдің биоәртүрлілігін сақтау және көбейту үшін мүмкіндіктер ашады.