БҰҰДБ Қазақстанда: адамдарға және ғаламшарға арналған биоәралуандықтың онжылдығы

2020 ж. 22 May

Биологиялық әралуандық барлық адамзаттың әлемдік игілігі, өмірлік қажеттілігі және жалпы қамқорлығы болып табылады. Табиғи ресурстарды сақтау, толықтыру және оңтайлы пайдалану климаттың өзгерістері, ауыз су тапшылығын қысқарту, азық-түлік қауіпсіздігі және тұрақты даму саласындағы бірқатар міндеттер ауқымын шешуге мүмкіндік береді.

Алайда, бүгін адам қызметі нәтижесінде жеке түрлердің, сонымен қатар тұтас экожүйелердің жойылуы қаупі үлкен. Биологиялық әралуандықты сақтау және орнықты пайдалану мәселелеріне, сонымен қатар табиғатты қорғау саласындағы өзекті сын-тегеуріндерге тиісінше назар аударту мақсатында БҰҰ Бас Ассамблеясы 2011 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңді «БҰҰ биоәралуандық онжылдығы» деп атады, оның нәтижелерін елдер, соның ішінде Қазақстан осы жылы қорытындылауда.

БҰҰ Даму бағдарламасы көптеген жылдар бойы биәралуандықты сақтау мәселелеріндегі Қазақстан Үкіметінің негізгі серіктесі ретінде әрекет етуде. 2004 ж. бастап БҰҰДБ Ғаламдық экологиялық қордың қаржылық қолдауымен, сонымен қатар байланысқан гранттар шегінде Қазақстан үкіметімен бірге биоәралуандықты сақтау саласындағы 10 ауқымды бастаманы жүзеге асырды. Қазақстанның ғаламдық маңызды экожүйелерін сақтау бойынша іс-шараларға салым 29 млн. АҚШ долларынан астам соманы құрады.

Қазақстанның табиғи ресурстары өте әралуан: бұл жануарлар мен өсімдіктер әлемінің байлығымен таң қалдыратын далалар мен ормандар, шөлдер мен тау тізбектері. Бүгінгі күні Қазақстанда 13 мыңнан астам флора түрлері және 80 мыңнан астам фауна түрлері ұсынылған; осы жағдайда жануарлар мен өсімдіктердің 670 атаулары қорғауды талап етеді немесе жойылып етуге жақын.

Биоәралуандықты сақтау бойынша жобаларды жүзеге асырып, БҰҰДБ елдің осы бірегей табиғатын және ғаламдық маңызды экожүйелерін сақтауға көмектеседі. БҰҰ қолдауымен тауды, сулы-баптақты, далалы және шөлді экожүйелердің биологиялық әралуандығын сақтауға айтарлықтай әсерді тигізді; сирек және жойылып бара жатқан түрлерді сақтауға және елдің биологиялық ресурсын оңтайлы пайдалануға мүмкіндік беретін, әрекетті ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (жалпы ауданы 5,3 млн. га) басқарудағы экожүйелік ыңғайлар енгізілді.

БҰҰДБ бастамасы бойынша 8 жаңа ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрылды, 3 әрекетті ерекше қорғалатын табиғи аумақтың аудандары кеңейтілді, «Ақжайық», «Алтын-Дала», «Іле-Балхаш» табиғи резерварттары және «Бұйратау», «Жонғар Алатау» және «Тарбағатай» ұлттық парктері пайда болды. Алғаш Қазақстанда 2,9 млн. га ауданында «Қапшағай-Балхаш» және «Ырғыз-Торғай-Жыланшық» экологиялық дәліздері құрылды, олар бүгінгі күні қарақұйрық және ақбөкен сияқты жануарлар әлемінің сирек түрлерінің миграциялық жолдарын қорғауға мүмкіндік береді.

БҰҰДБ жобалары шегінде сонымен қатар жерлерді аймақтау сұлбаларын әзірлеу арқылы экожүйелерді ландшафттық жоспарлауға және тұрақты басқаруға қатысты жаңа ыңғайлар көрсетілді: жайылымдарды тұрақты басқару, суарылатын егіншілік, орманды қалпына келтіру, жылжымалы құмдарды бекіту, тауарлық балықшылықты және экотуризмді дамыту саласындағы 40 пилоттық жоба жүзеге асырылды. 

БҰҰДБ жәрдемдесуімен Қазақстанның биологиялық әралуандығын сақтау, толықтыру және оңтайлы пайдалану саласындағы мемлекетік саясатты қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде: 2030 жылға дейін Қазақстанның биологиялық әралуандығын сақтау және орнықты пайдалану тұжырымдамасы әзірленді, ол табиғи экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру, экологиялық тепе-теңдікті қолдау және табиғи кешендер мен олардың компоненттерінің табиғи дамуының заңдылықтарын анықтау бойынша стратегиялық құжат болып табылады.

БҰҰДБ тарапынан көрсетілген сараптамалық қолдау арқасында биологиялық әралуандық, жануарлар әлемін қорғау және өсіру, орман және аңшылық шаруашылығын тұрақты дамыту саласындағы ел заңнамасына бірқатар маңызды өзгерістер және негізгі құқықтық нормалар енгізілді. Мысалы, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына табиғи-қорық қоры объектісі ретінде сулы-батпақты алқаптар туралы қағида қосылды, биоәралуандықты сақтау саласындағы жеке, қоғамдық және корпоративтік құру ұсынылды; Қазақстан Республикасының Орман және Су кодекстеріне орман экожүйелік қызметтері және сулы-батпақты алқаптар бойынша нормалар енгізілді.

БҰҰДБ Қазақстан Республикасының Рамсар және Бонн конвенцияларына қосуда жәрдем көрсетті; 2018 жылы БҰҰДБ қатысуымен Биологиялық әралуандық конвенцияның Хатшылығымен мақұлданған «6-шы Халықаралық Қазақстан биоәралуандығы туралы баяндама» әзірленді.

Биоәралуандық бойынша бастамаларды жүзеге асыру барысында БҰҰДБ  сонымен қатар кәсіпкерліктің, ауыл шаруашылығы мен экотуризмнің дамуын ынталандырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жанында тұратын қауымдастықтардағы түрлендірулерге жағдай жасайды.

БҰҰДБ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы мен табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі комитетінің ынтымақтастығы шегінде биоәралуандықты сақтауға арналған инновациялық қаржылай механизм - «Эко-Даму» микрокредиттеу бағдарламасы әзірленді. Осы бағдарлама еркеше қорғалатын табиғи аумақтар жанында тұратын ауыл тұрғындарына балама қызмет түрлерін дамытуға пайыздық мөлшерлемесі төмен кредитті алуға мүмкіндік береді.

Жалпы сомасы 275 млн. теңгені құрайтын «Эко-Даму» бірінші кезеңін жүзеге асыру қорытындылары бойынша 83 бизнес-жоба қаржыландырылды және 200 астам жаңа жұмыс орны құрылды: қонақ үйлер салынды, ұлттық қолөнер жаңғыртылуда, ал ауыл шаруашылығы секторы жаңа даму импульсін алды.

 Бүгінгі күні биоәралуандықты сақтау бойынша БҰҰДБ жобалары таулы орманды экожүйелерді және олардың түрлерін сақтау облысындағы бастамаларды жүзеге асырады, биоәралуандықты қаржыландырудың жаңа мүмкіндіктерін енгізеді, адамдар мен ғаламшар үшін табиғатты карталаудың жаңа механизмдерін әзірлейді және парник газдарының шығарындыларын қысқарту және климаттың өзгеруімен күрес бойынша халықаралық міндеттемелерді орындауда Қазақстанға жәрдемдеседі.