Орталық Азия, Кавказ және АТМ елдері мемлекеттік қызметкерлері Корея Республикасы мен ЭЫДҰ елдері тәжірибесімен танысты
2025 ж. 31 October
Орталық Азия, Кавказ және Азия-Тынық мұхиты өңірлерінен келген 12 елдің 30-дан астам мемлекеттік қызметшісі цифрлы мемлекеттік басқарудағы жасанды интеллект бойынша Корея Республикасының озық тәжірибесін зерделеу үшін Сеулде жиналды. Олар бірқатар шараларға, оның ішінде тақырыптық семинар мен ЭЫДҰ-ның мемлекеттік басқарудағы ЖИ жаһандық Форумына қатысты. Бұл шаралар тәжірибе алмасып, Корея Республикасы озық тәжірибелерін зерделеуге және цифрлық мемлекет болашағын талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
Семинар аясында қатысушылар Корея мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру үшін жасанды интеллектті пайдаланудың инновациялық тәсілдерімен танысты. Бағдарлама бойынша олар корейлік министрліктер мен агенттіктер, ЭЫДҰ өкілдері баяндамаларын тыңдап, Пангё технопаркіне (Maum AI) барды. Онда қатысушылар ЖИ саласында мемлекет пен жеке сектордың өзара байланыс орнатуының практикалық шешімдерімен танысты.
Корея Республикасы Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігінің (MOIS) Цифрлық үкімет саласындағы халықаралық ынтымақтастық департаменті директоры Пак Бён Джун «мемлекеттік секторға жасанды интеллект пен жаңа технологияларды енгізу - қазір таңдау емес, қажеттілік» деді. Ол халықаралық ынтымақтастық инновацияны дамыту мен тұрақты цифрлы басқару кілті екенін екшеледі.
Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитет төрағасы Алихан Байменов өз сөзінде адам мен жасанды интеллект қатар өмір сүріп, бірін-бірі толықтыратын дәуірде өмір сүріп жатқанымызды айтты. Ол жасанды интеллектті басқарудың әмбебап моделі жоқ екенін, тек халықаралық диалог пен тәжірибе алмасу ғана жауапкершілігі мол, адамды бағдар тұтатын тәсілдер жасауға жол ашатынын айтты.
Жобаға қатысушы елдердің атынан Лаос Халықтық- Демократиялық Республикасы Технология және коммуникациялар вице-министрі Кейовисук Солапхом бұл өңіраралық жобаның елдер арасындағы білім алмасу мен ынтымақтастық платформасы ретіндегі маңызын атап өтті.
Сондай-ақ, 12 елдің өкілдері өздерінің мемлекеттік басқару саласына жасанды интеллектті интеграциялау бойынша ұлттық жобаларымен таныстырып, осы жолдағы жетістіктері мен сынақтар, басым бағыттары жайлы баяндады. Айта кету керек, семинар цифрлық трансформация саласында мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін арттыруға бағытталған өңіраралық жоба аясында өткізілді. Жобаны Корея Республикасы Үкіметі қаржыландырып, БҰҰ Даму бағдарламасы және Астаналық мемлекеттік қызмет хабымен бірлесе жүзеге асырылуда.
Семинардан кейін қатысушылар ЭЫДҰ-ның жаһандық форумына қатысты. Форум барысында ЭЫДҰ Корея Ресбпуликасы Үкіметімен бірлесе дайындаған «Корея Республикасы цифрлық үкімет есебі», сондай-ақ MOIS, Корея Республикасының Ақпараттық қоғамды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі (NIA) және Хаб бірге әзірлеген «ЖИ басқарудағы жаһандық тәсілдер: саяси, құқықтық және нормативті аспектілер» атты зерттеу жұмысы ұсынылды. Бұл еңбек ЖИ-ді жауапкершілікпен әрі этикалық тұрғыда қолдануды көздейтін халықаралық бастамаларды талдап, цифрлық дамуда өз ұлттық стратегияларын қалыптастрып жатқан елдерге практикалық ұсыныстарды қамтиды.
Форумның маңызды сәттерінің бірі – MOIS Вице-министрі Мин Джэ Ким, ЭЫДҰ Мемлекеттік басқару дирекциясының орынбасары Джиллиан Дорнер, Астана мемлекеттік қызмет хабы төрағасы Алихан Байменов және NIA вице-президенті Кён Ми Чангтың баяндамалары. Спикерлер мемлекеттік басқару тиімділігін арттырып, сенімді нығайтудағы халықаралық стандарттар мен серіктестік тетіктерінің маңызыдылығына тоқталды.
Сонымен бірге, сапар аясында Алихан Байменов Мин Джэ Киммен екіжақты кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайту мүмкіндіктерін талқылап, цифрлық мемлекеттік басқару бойынша ортақ бастамаларды талқылады. Сондай-ақ Алихан Байменов Джиллиан Дорнермен де кездесті, онда тараптар әріптестікті одан әрі кеңейту және инновация мен мемлекеттік модернизация саласында білім алмасу бағыттары бойынша пікір алмасты.
Жаһандық Форум ұжымдық әрекеттер мен елдер арасындағы білім алмасудың қарқын алып келе жатқан маңыздылығын нақтылай түсті. Бұл цифрлы трансформация мен мемлекеттік басқаруда ЖИ қолдану жауапкершілік, инклюзивтілік пен сенімді тірек етуін қамтамасыз етпек.