Төмен көміртекті дамытуға бизнесті қатыстыру: Қазақстандағы пилот жобалары

2020 ж. 8 April

Бүгінгі күні  көшетхана газдары шығарындыларының артуы нәтижесінде орын алған климаттың өзгеруі ғаламдық қауіп болып табылады. Қазақстанмен қатар, көптеген мемлекеттер климат бойынша Париж келісімі шеңберінде климаттың өзгеруінің алдын алу бойынша ұлттық міндеттемелер қабылдады, оған сәйкес төмен көміртекті даму экономиканың негізгі моделіне айналатын болады.

Қазақстанда «жасыл экономикаға» көшу қадамдары белсенді жүзеге асырылуда, оның басым міндеттерінің қатарында - қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту және климаттың өзгеруінің салдарын төмендетудің оңтайлы жолдары арқылы қоршаған ортаның сапасын арттыру бар.

Бүгінгі таңда Қазақстанның қалалары әлемдегі көшетхана газдардың аса қарқынды көздері болып табылатын муниципалитеттер қатарына жатқызылған.  Қалалық елді мекендердегі тұрғын үйлердің қоры мен коммуналдық қызмет инфрақұрылымдарының тозуы СО2 барлық шығарындыларының 60% жуығы олардың жылу және электр қуатымен қамтамасыз етілуінің үлесіне келетініне алып келді.

Сол себепті, Қазақстан орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету, қалдықтарды жинау және жою жүйелерін, ғимараттар мен көлікті қоса алғанда, климаттық өзгерістердің алдын алу бойынша басым бағыт ретінде  «қала шаруашылығын» анықтап отыр. Тозығы жеткен инфрақұрылымның энергиялық тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар, сонымен қатар, жаңартылатын энергия көздерін енгізу көшетхана газдардың жылдық шығарындыларын жылына 20-30 млн. тоннаға CO2 дейін төмендетуі мүмкін, бұл елдегі барлық СО2 шығарындыларын азайтудың жиынтық көлемінің 30%  құрайды.

Дегенмен,  мемлекеттің күш-жігерімен ғана аталған мәселенің шешімін табу мүмкін емес екені анық. Осындай бастамаларда ұлттық экономиканың негізін құрайтын бизнестің рөлі өте маңызды болады. Осы тұрғыда  бизнес-ортаның іс жүргізу көзқарастарын өзгертуге және әкімшілік (мәжбүрлеу) шаралары арқылы «жасыл» технологияларға көшуге мәжбүрлеу мүмкін болмайды: Париж келісімін заңдастыру және тиісті нормалар мен стандарттарды қабылдау маңызды өзгерістер негіздемесі болады, алайда, іс жүзінде істі бастапқы нүктесінен ілгерілету үшін бизнесті төмен көміртекті жобаларға қатыстыру мақсатында қосымша, ынталандыруға күш салу керек.

Қазақстанда БҰҰ Даму Бағдарламасының қолдауымен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ бірлесіп, қалалық инфрақұрылымдағы төмен көміртекті инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында шағын және орта бизнесті қолдаудың арнайы қаржы құралдары әзірленіп, сынақтан өткізілді. 

Негізгі қолдау құралдары қатарында - тиімділікті арттыру және жасыл жобалардың өзін-өзі ақтау мерзімдерін қысқарту үшін қарыздарды субсидиялау және кепілдік беру бар. Аталған механизмді жүзеге асыру шеңберінде жобалардың мүдделі тараптарына – объектілердің иелеріне, бизнес-компанияларға, банктерге, жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдастықтарға энергия сервистік жобаларды табысты дайындау және жүзеге асыру мақсатында техникалық қолдау көрсетіледі.

Мысалы, «Transport Tower» әкімшілік-технологиялық кешенінде жарықтандыруды жаңғырту бойынша сынама жоба шеңберінде банкте қаржыландыру алу үшін 50% кепілдік және 10% мөлшерінде субсидиялау ұсынылады. Осы жоба жылына 508 мың кВт*сағ көлемінде энергия үнемдеуге және босаған энергияны болашақта энергияны үнемдеумен қамтамасыз етілген жаңғыртуға бюджеттен тыс инвестициялар есебінен қалалық инфрақұрылымның басқа объектілеріне жыл сайын 

Қызылорда облысының Шиелі қаласындағы 9 мектепте жылумен қамту жүйесін жаңғырту -  төмен көміртекті жоба үшін жеке инвестицияларды субсидиялаудың тағы бір мысалы. Отынды табиғи газға алмастыру арқылы қазандықтарды жаңғырту көшетхана газдардың эмиссиясын 3,2 мың тонна СО2 төмендетіп қана қоймай, сонымен қатар, отын сатып алуға 62,3 млн.теңге үнемдеуге мүмкіндік берді.

Ақмола облысы Зеренді кентіндегі «Парус» балалар сауықтыру орталығында энерготиімділікті енгізу және жаңартылатын энергия көздерін енгізу бойынша түбегейлі шаралар, онда демалушылардың қажеттіліктеріне арналған жылыту, жарықтандыру және су жылыту ұстанымдары өзгертілді, электр энергиясын 75% дейін үнемдеуге, сондай-ақ лагерьге келу бағасын 30%  төмендетуге мүмкіндік берді.

Теміртау қаласында типтік көп пәтерлі тұрғын үйдің энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды қоса қаржыландыру механизмін тестілеу бойынша сынама жобаның маңызды нәтижесі тұрғындардың жобаны іске асыруға белсенді қатысуы болды. Пәтер иелерінен құралған үй кеңесі жеке энергосервистік компанияның (ЭСКО) үйді кешенді терможаңғыртудың жүзеге асырылуын бақылау бойынша негізгі буын болды. БҰҰ ДБ субсидиясының  10% осы ғимараттың жылыту және ыстық сумен қамтамасыз ету бойынша жобаның ақталу уақытын 2 жылға дейін жеткізуге мүмкіндік берді, бұл ретте жылу энергиясының шығынын 8,2%  азайтты. Ғимаратты жылыту және модернизациялау бойынша басқа шаралармен бірге, GEF-PMG бөлінген гранты арқылы жүзеге асырылатын бұл үйде жыл сайынғы үнемдеу шамамен 30%-ды құрайды.

Қалаларда энергия үнемдеу бойынша бұрын мақұлданған типтік шешімдер энергия тиімділігі бойынша жобалардан көшетхана газдарының эмиссиясының қысқартылған бірліктерімен сауданы тексеруге мүмкіндік берді. Осы мақсатта Павлодар облысының мектептерінде бұрын жаңғыртылған бес жергілікті қазандық таңдап алынды, олар үшін 2020 жылы ішкі нарықта сату жоспарланып отырған көшетхана газдарының қысқартылған эмиссияларына растау жүргізілді. Сатудан түскен қаражат жобаны іске асырған жеке компанияның инвестициялық шығындарының бір бөлігін өтеу ретінде пайдаланылатын болады.

Бүгінгі таңда, бөлінген қаржы құралдары негізінде Қазақстанда 100-ден астам жасыл жоба қолдау тапты, ал іске асырылған 37 бастаманың нәтижелері БҰҰ ДБ қаржылық қолдаудың әрбір теңгесін жеке сектордан 6 теңге инвестиция тартатынын және коммуналдық шығындарды 40%-50%  дейін үнемдейтіндігін көрсетті, бұл бизнеске қоршаған ортаға қамқорлық жасай отырып, экономикалық пайда көруге мүмкіндік береді.  БҰҰДБ сынақтан өткізген бұл тетік «Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жаңа редакциясында көрсетілген ынталандыру шаралары үшін негіз ретінде ұсынылады. Бұл мемлекеттің энергия үнемдеуді қолдаудың арнайы бағдарламасын қалыптастыруға, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарынан қаражат тартуға мүмкіндік береді. Осы жолмен біз инфрақұрылымды тез жаңарта аламыз, ал энергияны үнемдеу шындыққа айналады және елімізге айтарлықтай пайда әкеледі.