Ержан: ормандарды қорғау үшін тең мүмкіндіктер

2023 ж. 14 September
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Салтөре Сапарбаев

Ержан Келемсейітов Қазақстандағы ормандарды 15 жылдан астам қорғап келеді.
Ол Жаркент орман шаруашылығында орман шебері болып жұмыс істейді және ормандарды өрттен және басқа қауіптерден қорғауды қамтамасыз ете отырып, өзіне сеніп тапсырылған аумақты қорғаумен айналысады. Аумақты күзетуден басқа, Ержан орман питомнигінде екпе мен тікпе көшеттерін өсірумен айналысып, ормандарды қалпына келтіруге көмектеседі.
Ержан өз жұмысын отбасы мен достары қолдайтын борышы деп санайды.
Баланың церебральды сал ауруы диагнозына қарамастан, Ержан әркімнің ормандар мен биоәртүрлілікті қорғауға тең құқықтары мен мүмкіндіктері бар деп сенеді.

Жаркент орман шаруашылығының аумағындағы ормандар 60.000 гектардан астам аумақты алып жатыр, олар жердің деградациясымен және шөлейттенумен күресуге көмектесетін аймақтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін маңызды.
Орман шаруашылығы - қар барысы, Жетісу бақатісі сияқты сирек кездесетін Қызыл кітап түрлерінің тіршілік ету ортасы, сонымен қатар қарақұйрықтың көші-қон аймағы.

Бірнеше жыл бойы БҰҰ Даму бағдарламасы Жаһандық кологиялық қордың қолдауымен Қазақстандағы ормандарды сақтау және қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізуде.