Тұран жолбарысын қайта жерсіндіру

Тұран жолбарысын қайта жерсіндіруге және Ұлытау тау сілемінің табиғи және тарихи-мәдени нысандарын сақтап қалуға қолдау көрсету

ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі комитеті мен Қазақстандағы БҰҰ Дамыту бағдарламасының  жобасы

Серіктестер:

·       ҚР Экология, геология, табиғи ресурстар министрлігі

·       Жергілікті басқару органдары

·       Жергілікті қоғамдастықтар

Бенифициарлар:

·       ҚР азаматтары

·       ҚР үкіметі

Жобаны жүзеге асыру мерзімдері:

2021-2025

Орталық Азияда  жолбарысты амур жолбарысын пайдалануымен жерсіндіру идеясы соңғы он жыл бойы талқылануда. Қазақстан Үкіметі осы мақсатты 2010 жылы қолдады.

БҰҰДБ қолдауымен 2018 жылғы 27 маусымында, тұран жолбарысын жерсіндіру негізі мен сирек жыртқыштың популяциясын қалпына келтіру үшін, айтарлықтай қолайлы аумақ ретінде, «Іле-Балқаш» Мемлекеттік табиғи резерват» Республикалық мемлекеттік мекеме құрылды.

Ұлытау – Сарыарқаның ежелгі тау сілемінің бірі. Онда дала экожүйелерінің ерекше био алуандылығы сақталған, соның ішінде – киік, безгелдек, джек, дуадақ, қылқұйрық бұлдырық, сұңқылдақ аққу сияқты  сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері бар.  Тау сілтемесінің 7,6 мың га аумағына орман жайылған. Ұлытауда сақталып қалған тарихи айғақтар, палеолит пен неолит дәуірлеріне жатады. Аумақта барлығы шамамен 636 ескерткіш сақталып қалған, оның ішіндегі 282 ескерткіші - «Ұлытау» музей қорының тарихи-мәдени картасына енгізілген.

Жоба мақсаты:

Жоба - жойылып кеткен тұран жолбарысының популяциясын жерсіндіру үшін жағдай жасауды, табиғи және тарихи мұра нысандарын сақтап, ұтымды пайдалануды, Ұлытауда туризмді дамыту үшін негіз қалауды көздейді.

Күтілетін нәтижелер:

Көшет материалдарды өсіруге арналған екі база негізінде мақсатты, тұрақты орман тәлім бағын құру, Іле өзенінің гидрологиялық режимін жақсарту, тұяқты жануарларды тарихи мекендеу жерлеріне әкелу, жергілікті қоғамдастық негізінде, экологиялық туризмді дамыту  жолдарымен,  «Іле-Балқаш» табиғи резерватының потенциалын нығайту.

Ұлытау өңірінде туризмді дамыту мақсатында, табиғи және тарихи мұраны ұтымды пайдалану және сақтап қалудың тұрақты жүйесінің негізін қалау. Қарағанды облысында Ұлытау ұлттық саябағының қалануына қолдау көрсету.

Туристтік қызмет көрсету саласында, ауылдық тұрғындарға жаңа жұмыс орындары  үшін жағдай жасау. 

Related Materials

VIEW ALL ON OPEN.UNDP.ORG

Impact

START DATE

January 2021

END DATE

December 2026

STATUS

Ongoing

PROJECT OFFICE

Kazakhstan

IMPLEMENTING PARTNER

Government of Kazakhstan

DONORS

GOVERNMENT OF KAZAKHSTAN

TOTAL CONTRIBUTIONS

$4,056,824

DELIVERY IN PREVIOUS YEARS

2021$695

2022$961,148

2023$244,437

2024$674,758

2025$499,787

2026$5,820

Full Project information