Стокгольм+50: барлығының өркендеуі үшін сау планета - біздің жауапкершілігіміз, мүмкіндігіміз

Қысқаша сипатталуы

БҰҰ Бас Ассамблеясы екі қарармен, "Стокгольм+50: барлығының өркендеуі үшін сау планета - біздің жауапкершілігіміз, мүмкіндігіміз "  деп аталатын халықаралық кездесуді шақыру туралы шешім қабылдады, ол Стокгольмде  2022 жылдың 2 және 3  маусымында, Дүниежүзілік қоршаған орта күні аптасында өтпек. Кездесу адамды қоршаған орта мәселелері бойынша БҰҰ Конференциясының шақырылуының 50 жылдығына арналады. Сондай-ақ, ол ондаған жылдар бойғы Тұрақты даму мақсаттарын, соның ішінде COVID -19 пандемиясынан кейін тұрақты қалпына келтіруді тездетуге көмектеседі.

Ұлттық консультациялардың мақсаты әр елдің шарттарына қолданылатын Стокгольм+50 негізгі тақырыптары бойынша инклюзивті жалпы әлеуметтік және жалпы үкіметтік диалогты ынталандыру болып табылады. Консультациялар идеялар, көзқарастар мен инновацияларға арналған бетпе-бет және виртуалды платформаларды қамтамасыз етеді, олардың арасында:

- Инклюзивті жасыл қалпына келтіру арқылы Тұрақты даму мақсаттарына және  Қоршаған орта туралы көпжақты келісімдерге қол жеткізудегі прогресті жеделдете отырып, сау планетаға және барлығына өркендеуге қалай қол жеткізуге болатындығы туралы жалпы ғаламдық көзқарас қалыптастыру;  

- климаттың өзгеруі проблемасын шешуге және табиғат негізіндегі шешімдерді пайдалануға бағытталған ұлттық және секторалдық саясатты ілгерілетуге ықпал етуі мүмкін басым іс-қимылдар бойынша үкіметтер, азаматтық қоғам және жеке сектор үшін нақты ұсынымдар ұсыну. Бұл ұлттық деңгейде айқындалатын салымдар (NDC), ұлттық стратегиялар мен биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі іс-қимыл жоспарлары (ҰСБСІЖ), Жасыл экономика/жасыл қалпына келтіру және ТДМ негіздемелік бағдарламалары үшін ақпараттық базаның негізін құрып, қалыптастыра алады;

- Кедейлердің, жастардың, әйелдердің, байырғы халықтардың, жергілікті қауымдастықтардың және басқа да маргиналданған топтардың дауыстарын күшейту; және

- Барлық мүдделі тараптардың пікірлерін ескеретін ұлттық және жаһандық пікірталастарға ықпал ету.

Photo: UNDP Kazakhstan

Атқарушы серіктес: БҰҰДБ

Жоспарланған басталу күні:  ақпан 2022 ж.      

Аяқталу күні: 31 желтоқсан 2022 ж.   

Мәртебесі: бастамашылық сатысында

Жалпы бюджет: $ 75,000

 

Impact

START DATE

December 2019

END DATE

December 2023

STATUS

Ongoing

PROJECT OFFICE
IMPLEMENTING PARTNER

United Nations Development Programme

DONORS

Digicel Samoa Limited

MPTF-One Planet MPTF

MPTFO-Global Fund for Coral Reefs

MPTFO-JP Financing a Green, Inclusive and Sustainable Recovery

SWEDISH INTERNATIONAL DEVELOPMENT COOPERATION (SIDA)

USAID for non-LOC agreement

TOTAL CONTRIBUTIONS

$33,765,576

DELIVERY IN PREVIOUS YEARS

2019$0

2020$3,515,924

2021$7,828,139

2022$8,915,008

Full Project information