Жезқазғандағы стратегиялық дөңгелек үстел Ұлытау өңірінің орнықты дамуы мен туризмінің даму бағыттарын ұсынды

2025 ж. 29 August
Group of six professionals posing indoors, smiling, with a national emblem in the background.
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Тиунов Александр

БҰҰДБ Жезқазғанда өткен стратегиялық дөңгелек үстел барысында Ұлытау өңірінің 2035 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық орнықты дамуы мен туризмді дамыту бойынша ұсынымдарын ұсынды. Іс-шара Қазақстан Үкіметі мен БҰҰДБ-ның «Орнықты даму: жаңадан құрылған өңірлердегі өңіраралық теңсіздікті еңсеру» атты Өңірлік бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, ұлттық және өңірлік деңгейдегі мүдделі тараптарды даму басымдықтарын үйлестіру және инклюзивті өсудің жаңа мүмкіндіктерін қарастыру үшін біріктірді. Дөңгелек үстелге жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, оның ішінде Ұлытау облысының әкімі мен мәслихат депутаттары қатысты.

«Ұлытау — тек табиғи ресурстарға бай өңір ғана емес, сонымен қатар Қазақстан үшін тарихи және мәдени тұрғыдан ерекше маңызға ие. Өңірдің әлеуетін жергілікті қауымдастықтардың игілігі үшін ашу — барлық деңгейдегі бірлескен жұмысты талап етеді», — деді БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа.
A woman with glasses gestures while speaking at a conference table, with a laptop in front of her.
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Тиунов Александр

2022 жылы құрылған Ұлытау өңірі ұзақ мерзімді дамуына кедергі келтіретін бірқатар құрылымдық қиындықтарға тап болып отыр. Өңір экономикасы негізінен тау-кен және металлургия өнеркәсібіне тәуелді, бұл салалар жалпы қосылған құнның 75 пайызын құрайды. Экспорттың негізгі бөлігін мыс пен басқа да металл кендері құрайды.

Three people at a conference table, with papers and a laptop in front of them.
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Тиунов Александр
«Бұл құжат өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына жан-жақты талдау жасап, болашақ даму үшін маңызды ұсынымдарды қамтиды деп есептеймін», — деді Ұлытау облысының әкімі Дастан Рысбеков.
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Тиунов Александр

Әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерді бағалау барысында өңірдің өндіруші салаларға шамадан тыс тәуелділігінің тәуекелдерімен қатар, оның бірегей мәдени және табиғи мұрасын тиімді пайдалану мүмкіндіктері де анықталды. БҰҰДБ жергілікті билік оргаларымен, мәслихаттармен, қауымдастықтармен және даму серіктестерімен сындарлы диалог орнатуға қолдау көрсетуді көздейді.

A group of people stands together in a conference room, smiling and dressed in formal attire.
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Тиунов Александр