Көміртегінің әділ жүктемесі: Қазақстан экономиканың барлық салаларын қамтиды

2023 ж. 2 June
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Владимир Шаповалов

2023 жылғы 2 маусымда Астанада ECOJER III Халықаралық Конгресі өтті. Іс-шара жыл сайын Қазақстан астанасында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін мерекелеу қарсаңында өтетін экологиялық қоғамдастықтың басты диалог алаңына айналды.  

Бұл жолы талқылаудың негізгі тақырыбы Carbon Neutrality Pathways Көміртегі бейтараптығына қол жеткізу  болды. ECOJER Қауымдастығы кеңесінің төрағасы Лаззат Рамазанова атап өткендей, бүгінде "нөлдік шығарындылар" мәселесі ерекше өзекті.

«Биыл Қазақстан көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің көптен күткен стратегиясын қабылдады. Өздеріңіз білетіндей, 23 сәуірде ЕО шекаралық көміртекті түзету механизмін енгізу туралы заң жобасын бекітті. Сонымен қатар, сарапшылар қауымдастығы жаһандық жылынуды 1,5 °C - қа шектеу мақсатына жету үшін жаһандық шаралардың жеткіліксіздігі туралы мәлімдейді. Сонымен қатар, әлем геосаяси күйзелістерді бастан кешуде, яғни энергетикалық қауіпсіздік және сенімді энергия көздеріне қол жеткізу мәселелері бірінші орынға шығады», -
деді Лаззат Рамазанова.
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Мадина Какимжанова

Еуропалық Комиссияның Вице-Президенті Марош Шефчович Қазақстан экономиканы әртараптандыруды және жұмыс орындарын тұрақты құруды қамтамасыз ететін әділ өтуге назар аударуы тиіс екенін атап өтті.  Бұл тұрғыда энергия тиімділігі айқын экономикалық мүмкіндікті білдіреді.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова Орталық Азия климаттың өзгеруінің әсеріне өте осал екенін, сондықтан үйлестірілген іс-қимыл қажет екенін атап өтті. 

"Қазақстан жаһандық климаттық күн тәртібін қолдайды және энергетикалық секторды трансформациялау, көмір қуатын пайдаланудан шығару, электрлендіру және көміртекті ұстау және сақтау технологияларын қолдану арқылы 9 млрд.тоннадан астам СО2-экв шығарындыларының алдын алуға ниетті. Бұл үшін шамамен 610 миллиард АҚШ доллары қажет. Қазақстан биыл Париж келісімі шеңберінде өзінің ҰДАУ-ын жаңартты және оларды іске асыру жөніндегі Жол картасын қабылдауға ниетті. Сондай - ақ, квоталар саудасының қолданыстағы жүйесін жетілдіру бойынша жоспарлар бар», -
деді Зульфия Сүлейменова Орталық Азия өңірі елдерінің экология министрлерінің қатысуымен өткен сессияда.
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Мадина Какимжанова

Конгреске қатысушылар экономиканың барлық салаларына көміртегінің әділ жүктемесін қамтамасыз ету, ҰДАУ-ға қол жеткізу жөніндегі күш-жігерге реттелмейтін секторларды тарту, сондай-ақ көміртегі салығы түріндегі ҚазШСЖ-ның жұмыс істеуімен бірлесіп көміртекті реттеудің баламалы құралдарын енгізу, нарықты тұрақтандыру тетігімен бастапқы аукционды іске қосу және көміртегі бірліктерінің баға диапазондарын белгілеу қажеттілігімен келісті. 

Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа осылай деді:

«Қазақстандағы БҰҰДБ қолдауымен енгізілген инновациялық құралдар «жасыл» қаржы нарығы дамуының катализаторына айналып, «жасыл» қаржыландыруды шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін қолжетімді етті және оны ел деңгейінде пайдалануды кеңейте түсті. Мысалы, «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде несиелер бойынша сыйақыны және «жасыл» облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау құралдары енгізілді. Соңғы үш жылда БҰҰДБ қолдауымен сыналған құралдардың көмегімен жаңартылатын энергия көздері жобаларына 800 миллион АҚШ долларынан астам инвестиция салынды».
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Владимир Шаповалов

Экожер конгресі экологиялық салада ғана емес, елдің саяси өмірінде де маңызды оқиға болып саналады. Нақты мемлекеттік шаралар қабылдаумен қатар өзекті мәселелерді де жан-жақты талқылау қажет. Мемлекет, өнеркәсіп және қоғам диалогы - барлық мүдделі тараптардың пікірлерін ескере отырып және неғұрлым теңдестірілген саяси және экономикалық шешімдерді әзірлеу кезінде стратегиялық мақсаттарға жетудің жалғыз жолы. 

Конгресс, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) қолдауымен ЕО «Орталық Азиядағы орнықты энергетикалық байланыстар» жобасымен (SECCA) серіктесе отырп «ECOJER» қауымдастығымен ұйымдастырылды.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Владимир Шаповалов