Қазақстандағы БҰҰ журналистерге арналған байқау жариялайды: «Қазақстандағы климаттың өзгеруі»

2021 ж. 7 June

 

7 маусым 2021, Нұр-Сұлтан - Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күніне орай, Қазақстандағы БҰҰ қазақстандық журналистерге арналған «Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауын жариялайды. Байқау климаттың өзгеруі мәселесі туралы хабардарлықты арттыру, сондай-ақ қоғамдық күн тәртібінің тақырыбына айналдыру, адамдарды шешімдер табуға шабыттандыруға бағытталған.

2021-2030 жж БҰҰ Экожүйені қалпына келтіру онжылдығы 2030 жылға дейінгі барлық 17 Тұрақты даму мақсаттарына, соның ішінде кедейлікті, аштықты жоюды жүзеге асыруға үлес қосады және дүниежүзіндегі жүздеген мың экожүйелерді қалпына келтіру бастамаларына, саяси қолдау мен мемлекеттік және жеке меншіктегі саяси әлеуетке инвестиция салуға ұмтылады. Адамзаттың қазіргі кездегі экстремалды климаттық жағдайы нақты әрі жедел әрекеттерді талап етеді. Атап айтқанда, Париж келісіміне сәйкес жаһандық температураның 1,5 градусқа дейін төмендеуін жеделдету қажет. Елдер, компаниялар немесе азаматтардың климаттың өзгеруіне қарсы күрес күштері біздің планетамызға ғана емес, адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатына да пайдасын тигізуі мүмкін.

Байқауға қатысу үшін журналистер мен блогерлер Қазақстандағы баспа және электронды БАҚ көздерінде жарияланған Қазақстандағы климаттың өзгеруінен туындайтын қауіп туралы хабардарлықты арттыратын және мүмкін шешімдер ұсынатын көлемі 800 сөзге дейін мақаланы ұсынады.

Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори: «Ғылым бізге келесі 10 жыл - бұл климаттық апаттың алдын-алу, ластану ағынын қайтару және түрлердің жойылуын тоқтату үшін соңғы мүмкіндігіміз деп айтады. Осы байқау арқылы біз адамдарды экожүйелерді қалпына келтіру және экологиялық хабардарлықты арттыру бойынша жаңа, стандарттан тыс шешімдер іздеуге ынталандырғымыз келеді», - деп атап өтті.

Бірінші, екінші және үшінші орын иегерлеріне сәйкесінше бағасы 2500, 1300 және 800 АҚШ доллар көлеміндегі құнды сыйлықтар беріледі. Бірінші орын иегері, егер COVID-19 пандемиясы физикалық қатысуға мүмкіндік берсе, 2021 жылдың қарашасында Глазгода өтетін COP 26 Тараптар конференциясына қатысуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, байқаудың қорытындысы бойынша ең үздік 10 мақала авторлары Қазақстандағы БҰҰ атынан сертификаттарға ие болады.

«БҰҰ Даму бағдарламасы көптеген жылдар бойы биоалуандылықты сақтау мәселелерінде Қазақстан Үкіметінің негізгі серіктесі болып табылады. 2004 жылдан бастап БҰҰДБ Дүниежүзілік экологиялық қордың қаржылық қолдауымен Қазақстан Үкіметімен серіктестікте биоалуандылықты сақтау саласында 10 ауқымды бастаманы жүзеге асырды. Қазақстанның ғаламдық маңызы бар экожүйелерін сақтау жөніндегі іс-шараларға қосқан үлесі 29 млн астам АҚШ долларын құрайды», - деді Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілі Якуп Бериш.

Пандемияға байланысты шығарындылардың уақытша төмендеуіне қарамастан, осы ғасырда Жер жаһандық жылыну деңгейі кем дегенде 3 °C-қа жақындады, өсімдіктер мен жануарлардың 8 миллион түрінің 1 миллионнан астамы толығымен жойылып кету қаупі төніп отыр және ластану салдарынан болған аурулар жыл сайын 9 миллионға жуық адамның мезгілсіз қайтыс болуына әкелуде.

«БҰҰ-ның экожүйені қалпына келтіру онжылдығы адамдар қауымдастық ретінде, ұлт ретінде және жаһандық қозғалыс ретінде бірігетін болса, табысты болады. Өзгерістерге саяси серпін беретін саясаткерлерден, ғылыми шешімдерді жасаушы ғалымдардан, жасыл өндірісті дамытушы бизнес қауымдастықтан, жастар мен азаматтық қоғамнан бастап әрқайсымыздың рөлі маңызды. Табиғатқа қатысты ой-таным мен оны бағалауды өзгерту үшін олардың дауысы барынша анық естілуі керек», - деді Орталық Азия бойынша ЮНЕП өңірлік бюросының жетекшісі Айдай Құрманова.

2021 жыл климат пен биоалуандылық конвенцияларының алдағы кездесулеріне байланысты өте маңызды, онда үкіметтер осы онжылдықта парниктік газдар шығарындыларын екі есеге жуық төмендету, биоалуандылықты сақтау және қалпына келтіру арқылы планетаны қорғау үшін қарқынды мақсаттарды қоюы тиіс.

Байқаудың толық шарттарымен мына сілтеме бойынша танысуға болады:

https://kazakhstan.un.org/en/130264-bak-baykauy-kazakstan-klimaty-ushin-ozgerister

Анықтамалық ақпарат

·       Экожүйенің деградациясы қазірдің өзінде кем дегенде 3,2 миллиард адамның әл-ауқатына әсер етеді - бұл әлем халқының 40%.

·       Егер экожүйені қалпына келтіру қызметі төмендей берсе, 2050 жылға қарай жалпы ішкі өнім көлемі шамамен 10 триллион доллар жоғалтуы мүмкін.

·       Парниктік газдардың қазіргі кездегі концентрациясы мен олардың шығарындыларының жалғасуын ескере отырып, осы ғасырдың аяғында әлемдік температура 1990 жылмен салыстырғанда 1-2 С-қа көтерілуі әбден мүмкін. Қазақстан аумағындағы ауаның орташа температурасы 2050 жылға қарай 2-3 С, 2090 жылға қарай 3-6 С жоғарылайды.

·       1880-2012 жылдар аралығында дүниежүзілік орташа температура 0,85 ° C-қа көтерілді. Қазақстанда орташа алғанда 1976-2016 жылдар кезеңіндегі ауаның орташа жылдық температурасының жоғарылау қарқыны 10 жылда 0,35С құрайды.

·       Соңғы 60 жыл ішінде Қазақстандағы мұздықтар өз аумағының шамамен 45% жоғалтты. 1955-2015 жж. аралығында Қазақстанда мұз басудың аудандар бойынша деградациясының қарқыны жылына 0,75% құрады.

·       1970 жылдан бастап табиғи тұщы су экожүйелерінің 30% жоғалып кетті. Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының жазық бассейндерінде су ресурстары ғасырдың ортасына қарай 3,7% - 15%, ал соңына қарай 9,2-23,7% азаяды.

·       Жердің деградациясы ғаламдық азық-түлік өнімділігін 12% төмендетуі мүмкін, 2040 жылға қарай азық-түлік бағалары 30% көтеріледі. Қазақстанда қазіргі ауылшаруашылық мәдениетін сақтай отырып, жаздық бидайдың өнімділігі 2030 жылға қарай 13-37% төмендейді, бұл жиналған алқаптардың 23-81% төмендеуіне әкеледі, ал сектордағы тікелей экономикалық шығындар 2019 жылғы бағамен 456,93 миллиард теңге құрайды. Ал 2050 жылға қарай бидай шығымдылығындағы шығындар 20-49% құрайды, бұл саладағы жалпы өнімнің 2019 жылғы бағалар бойынша 608,19 миллиард теңге шамасында шығын әкеледі.

·       Экожүйенің деградациясы адам мен табиғаттың байланысын күшейтуі мүмкін және аурудың өршуіне, пандемияның таралуына себепкер. Климаттың өзгеруінің көптеген әсері парниктік газдар шығарындылары мүлдем тоқтаса да бірнеше ғасырлар бойы сақталады.

БҰҰ-ның экожүйені қалпына келтіру онжылдығы туралы қосымша ақпарат: https://www.decadeonrestoration.org/

ЮНЕП-тің «Табиғатпен үйлесімділікте» есебі: https://www.unep.org/resources/making-peace-nature