БҰҰДБ жасыл жобаларды іске асыратын кәсіпкерлерге қаржылық қолдау көрсетуде

2020 ж. 14 February

 

 

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігімен және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен (Даму қоры) бірлесіп, жасыл технологияларды іске асыратын компанияларға қаржылық қолдау көрсетуде. Қолдау Қазақстанның шағын және орта бизнесіне (ШОБ) арналған және жасыл жобаларды дамытуға сарапшлық көмекті, банктік қаржыландыруды 10% мөлшерінде субсидиялауды, инвестициялық шығыстардың 40%-ға дейін өтелуін және «ДАМУ» қорынан несиеге кепілдік беруді қамтиды.

 «Банктік қарыздың орташа мөлшерлемесі 15% болған кезде БҰҰДБ-нан қаржылық қолдау алушыға арналған мөлшерлеме 5% құрайды, бұл ЭЫДҰ елдеріндегі жобалардың мөлшерлемесімен бірдей. Осылайша, өтеу мерзімдерін қысқартылуы арқасында төмен көміртекті бастамалар кәсіпкерлер үшін тартымды бола түсуде», - деді  Мейрамбек Қалымбаев, «Даму» қорының Қарыз алу департаментінің директоры.

Қазіргі таңда бастама аясында 100 жоба қолдауға ие болды, олардың 36-ы іске асырылды. Соңғылардың қатарына тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың, туристік объектілердің энергия тиімділігін арттыру, заманауи жарықдиодты жарықтандыруды енгізу, қазандықтар мен сорғы қондырғыларын модернизациялау, сонымен қатар энергиямен жабдықтау жүйелерін жаңартылатын энергия көздеріне көшіру жобалары кіреді.

«Жүзеге асырылған жобалардың нәтижелері көрсеткендей, 1 теңге қаржылық қолдау 6 теңге мөлшерінде инвестиция тартады және коммуналдық шығындарды 30%-40%-ға дейін үнемдейді. Осылайша, жасыл технологиялар бизнеске тиімді болумен қатар, парниктік газдардың (ПГ) шығарылуын азайтады және қоршаған ортаның жақсаруына септігін тигізеді. Біздің мақсатымыз - осы жетістікті бүкіл елге тарату», - деді Арман Кәшкінбеков, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты даму бөлімінің бастығы.

Қазақстанда елді мекендердегі коммуналдық инфрақұрылымның тозуы 65% құрайды, соның салдарынан энергияның 16%-ы, жылудың 20%-ы және судың 60%-ы шығын болуда. Бұл парниктік газдардың (ПГ) шығарылуын арттырады және қоршаған ортаның ластануын ұлғайтады. Көміртектің әсерін азайту үшін ғимараттардың энергия тиімділігін арттыру, заманауи жарықдиодты жарықтандыруды енгізу, қазандық және сорғы қондырғыларын модернизациялау, сондай-ақ энергия жүйелерін жаңартылатын энергия көздеріне (ЖЭК) көшіру сияқты шаралар қажет. Мұндай шаралар ПГ шығарылуын жылына 20-30 млн. тоннаға СО2 азайтуға мүмкіндік береді, бұл елдегі парникті газдар шығындарының 30%-ын құрайды.

Қоршаған ортаға зиянда әсерін төмендететін, экономикалық өсуді қолдайтын және әлеуметтік жағдайды жақсартатын тұрақты қалалық саясаты БҰҰДБ-ның адам дамуы туралы ұлттық баяндамасының басты тақырыбы болып табылады.

Қосымша ақпарат алу үшін Қазақстандағы БҰҰДБ байланыс кеңсесіне келесі байланыстар арқылы хабарласа аласыздар: Email: undp.kz.media@undp.org , тел. +7 (7172) 696544 (ішкі 2402, 2404), + 7705 2611494