Қазақстандықтардың климаттық проблемалар туралы хабардар болу деңгейін анықтауға арналған әлеуметтік сауалнама

2020 ж. 27 April

Біз қазақстандықтардың климаттық проблемалар туралы хабардар болу деңгейін анықтау үшін әлеуметтік сауалнама жүргізудеміз.

Қазірдің өзінде Қазақстанның 5 аймағында 200 адам климаттың өзгеруі және оның салдары туралы сұрақтарға жауап берді.

Респонденттер қатарында мұнай-газ, энергетика, қайта өңдеу салаларының, қазақстандық медиа-қауымдастықтың өкілдері және 14 жастан асқан мектеп оқушылары болды (іріктеме туралы толығырақ мәлімет графикте келтірілген).

Сауалнама нәтижелері бізге қазақстандықтардың экологиялық мәселелер туралы хабардар болу деңгейін анықтауға, одан әрі зерттеуді талап ететін тақырыптарды және ақпаратты тарату үшін тиімді алаңдарды анықтауға көмектеседі.

Келесі сілтеме арқылы өтіп, сіз де сауалнамаға қатысыңыз: https://ru.surveymonkey.com/r/9JLNWXW

Сауалнамаға қатыссаңыз алғысымызды айтар едік, себебі әрбір жауап маңызды және экологиялық проблемалар қазақстандықтарды қаншалықты алаңдататынын түсінуге көмектеседі.

Сауалнама нәтижелерін біз кейін жария етеміз. Жаңартуларымызды байқап жүріңіз.